Дала даты бізде сын сағатта лауазымынан бас тарта алатын шенеунік бар ма?!



Дата14.12.2016
өлшемі27,01 Kb.
#3818

  • ДАЛА ДАТЫ



БІЗДЕ СЫН САҒАТТА ЛАУАЗЫМЫНАН

БАС ТАРТА АЛАТЫН ШЕНЕУНІК БАР МА?!.
Құлтас ДОСТАН
РЕДАКЦИЯДАН: Қадірлі қауым! «Жас қазақ үні» газеті өзінің шыға баста­ған мүшел жасындағыдай уақытта әрдайым қара халықтың, қарапайым қазақтың сөзін айтып, ақиқаттың ақ туын жоғары ұстап келеді.

Біз қоғамның кемшіліктеріне қапа болдық, жетістіктеріне жүрек жара қуана да білдік. Жардың астында жауымыз жоқ болмас, бірақ, ниеті мен тілегі бір достарымыз да аз емес...

Бүгінгі нөмірімізден бастап Бас редактордың «Дала даты» деп аталатын төл айдары ұсынылмақ. Расында, қасиетті қазақ даласының даты қашанда қастер тұтылған. Хандар мен сұлтандарға қара қылды қақ жарып айтылатын қазақ даласының даты: «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ!» деген даналық пен даралықты өзек еткен.

Дат дегеніміз – дара пікір, оймақтай ой, айрықша тұжырым, жеке көз­қарас, шыңғырған шындық, өткір ақиқат. Дат – тар жолдар мен тайғақ ке­шулер... Жолымыз – сәтті, сөзіміз – қуатты болғай!

Кешірімшіл кісінің күні қиын. Жүрегі нәзік, жаны адал адамның айналасында атамзаманнан алаяқтар мен жалаңаяқтардың қаптап жүретін әдеті. Замандар мен адамдар өзгер­ге­німен, алаяқтар мен жалаңаяқтар өз­гермейді...

Кім білсін, біздің Елбасының нағыз қазаққа тән ашықтығы мен ақпейіл­ділігін – аңғалдыққа балап, айнала­сында басын қатырып жүргендердің молырақ болуы да ғажап емес...

Әйтпесе, жасы жиырмаға толмаған жалғыз жігіттің кәсіби әскерилерді әп- сәтте қойдай қырып салғанына есі дұрыс адам сене ме?..

Әрбір шенеунік Елбасының өзіне деген сенімін ақтап, елдің абыройын ойласа – мұндай тағдырлы шақта, айрықша сын сағатында бар ақиқатты айтып, өз лауазымынан бас тартуы керек қой. Мұның өзі ерекше ерлік те, көзсіз батырлық та емес, қарапайым ғана адами қадам болмақ.

Ал, біздің шенеуніктердің кісілігі мен кішілігі мұндай қасиетті қадамға жетпейді. Лауазымына аш кенедей қатып-жабысып, әкесінен қалған мұрадай еңіреп-айырылмайтын шенеуніктер өздерінің әрбір шалыс қа­дамымен, әрбір сауатсыз әрекетімен Елбасының абыройы мен елдің беделіне орасан нұқсан келтіргенін сезіне ме екен?!.

Қазақтың ең жауапты шекарасын­дағы шиеленіс пен Алматы қаласының іргесіндегі Таусамалы ауылын дүр сілкіндірген жарылыс – бірнеше құқық қорғау орындарының бірінші басшы­ларының өз өтініштерімен қызмет­терінен кетулеріне негіз бола алады...

Жоға, біздің жуанбел шенеуніктер бағыныштыларына тісін қайрап, тыр­нағын батырған «батырлықтан» арыға бара алмайды. Бірден жауапкершілікті мойынына алатын құрбандық іздестіруге кіріседі. Ақырында, қазақ­тың жан баласы баспайтын бетпақда­ласында қаңғып жүрген есі ауысқан бір бейшара пенде «Терминатор террорист» боп шыға келеді...

Сосын, Елбасының алдында «Қобы­ланды келеді сайменен...» дейтін ғұмырыңда таусылмас ертегіні сайрай жөнеледі...

Елбасы: «Құқық қорғау органдары­ның жұмысына, әсіресе, ҰҚК-нің қыз­метіне разы емеспін!» – деп, ашы­ғын айтып, ашынды. Генералдардың сал­быраған бастары мен қолбыраған шаш­тары тіршілік нышанын сездірмеді...

Ешкім білмес: осынау қазандай бастардың іштерінде нелердің қайнап жатқанын: бәлки, біреулері Елбасының наразылығының мәнісін таразылады ма екен; келесілері алдағы болатын тойының қамын ойлап отыр ма; енді біреулері «осы жолы аман қалсам, елдің қамын да ойлаймын» деп, іштей өз-өзіне «ант» берді ме?!.

Қалай болғанда да, Елбасының ма­ңайы қожырап, шынайы серіктері азырақ болып бара жатқандай белгісіз үрей-сезімі бойыңды баурайды екен...

Қазақ даласындағы ең соңғы шық­қан әзіл-шыны аралас әңгіме былай дейді:



– Сен нағыз досыңа 500 АҚШ дол­ларын қарызға бере тұрар ма едің?

– Әрине, сөз жоқ, ойланбастан берер едім. Бірақ, қазір нағыз досты қайдан табасың?!.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет