Халықпен араздасуы
Ертесіне Расулаллаһ тағы да халықтың алдына шыққысы келетінін
білдірді. Хазіреті Әли мен Хазіреті Аббас қолтығынан демеп мешітке келеді.
Хазіреті Біләл мәдиналықтарды мешітке шақырады. Мешіт аузы-мұрнынан
шығып, лық толады, тіпті аулада да ине шаншар орын қалмайды.
Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) сөз бастады:
"Уа, халқым! Араларыңнан кетер күнім алыс емес. Өмірімде біреуіңізді
ұрған болсам келіп арқама дүре соқсын. Біреудің малын-дүниесін алған
болсам, сұрасын қайтарамын. Расулаллаһты ренжітіп алармын деп ойлап
ақыңызды талап етуден бас тартпаңыз. Ақы сұрағанға өкпелеу менің
табиғатымда Мен үшін ең құрметті адам
—
алашағын сұраған адам
немесе ризашылығымен "бердім, саған сол мал адал болсын" деген кісі. Мен
Раббымның құзырына кісі ақысын арқалап шыққым келмейді..."
Осылайша халқымен ашықтан ашық араздасқан соң Аллаһ расулы
мешіт маңындағы үйлердің қақпа-есіктерін түгел жабуды, тек Хазіреті Әбу
Бәкірдің ғана үйінің есігін ашып қоюды өтінді.
Расулаллаһ азан оқылғанда ауруына жеңдірместен халыққа намаз
қылдырып жүрген. Өліміне үш күн қалғанда әлі құрып мешітке бара
алмайды. Хазіреті Әбу Бәкірді имамдыққа тағайындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |