Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


Жебірейіл мен Әзірейілдің келуі



Pdf көрінісі
бет372/380
Дата31.01.2022
өлшемі2,95 Mb.
#130268
1   ...   368   369   370   371   372   373   374   375   ...   380
Байланысты:
Адамзаттың асыл тәжі

Жебірейіл мен Әзірейілдің келуі

 

Аллаһтың  Хабибі  -  Хазіреті  Мұхаммедтің  (с.а.у.)  өткінші  дүниедегі 



соңғы сәттері. 

Жебірейіл  мен  Әзірейіл  періштелер  арнайы  Аллаһтың  Сүйіктісінің 

халін сұрай келеді. Алдымен Расулаллаһтың құзырына кірген Жебірейіл: 

"Жан  алушы  Әзірейіл  жаныңызға  жақын  келуге  рұқсат  сұрап  тұр",  - 

деді. 

Аллаһ Елшісінің (с.а.у.) рұқсатымен ішкері енген Әзірейіл: 



"Уа,  Расулаллаһ!  Мені  ұлы  Жаратушы  сенің  әміріңе  мойынсұнуға 

міндеттеп жіберді. Егер қаласаң жаныңды алайын, қаламасаң алмайын. Ерік - 

Сенде", - дейді. 

Хазіреті  Мұхаммед  (с.а.у.)  уахи  әкелуші  хабаршысына  -  Хазіреті 

Жебірейілге қарады. Жебірейіл: 

"Уа, Расулаллаһ, періштелер әлемі сені тағатсыздана тосуда", - деді. 

Хатамул-Әнбия - ең ақырғы пайғамбар Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.): 

"Уа, Әзірейіл! Кел, міндетіңді орында!" - деп бұйырды. 




 

405


Сүйікті  Айшасының  кеудесіне  басын  сүйеген  күйі  қасындағы  су  толы 

ыдысқа  саусағын  батырып  мүбәрак  бетін  сипады  да  "Лә  иләһа  иллаллаһ" 

деді. 

Көзін  төбеге  тігіп  бір  нүктеден  айырмай  жатып:  "Аллаһым!  Рәфиқул-



а'лаға - Ұлы Досқа қауышқым келеді", - деді тағы да. Хабибінің әрбір тілегін 

қалт жібермей қабылдайтын Ұлы Аллаһ бұл жолы да сөйтті. 

63  жасында  Пайғамбарлар  Сұлтанының  мүбәрак  рухы  тәнінен 

айрылып, көкке - Рафиқул-а'лаға - Ұлы досқа көтерілді. 

Адамзат  тарихының  ең  ұлы  тұлғасы  Хазіреті  Мұхаммед  Мұстафа 

саллаллаһу аләйһи уә сәллам хижреттің он бірінші жылында дүниеден озды... 

...Расулуллаһтың  (с.а.у.)  пәк  рухы  ғарыш  төріне  көтерілген  сәтте, 

айналасын  қоршай  отырған  ақ  некелілері  марқұмның  бетін  шүберекпен 

жапқан  соң  дауыс  салған.  Пайғамбарымыздың  шаңырағынан  естілген  азалы 

дауысқа  іргедегі  мешітте  халықтың,  елдің,  пайғамбардың  тілеуін  тілеп 

елеңдесіп  отырған  сахабалар  да  өре  түрегелген.  Біреулері  тілі  күрмеліп,  көз 

жасына ерік берсе, екіншілері қазаны есітер-есітпес ойбайға басқан. 

Батылдық  пен  қаһармандықтың  символы  саналатын  Хазіреті  Омардың 

өзі бұл қазаға егілгені соншалық, өз еркін билей алмай: 

"Расулаллаһ  өлген  жоқ,  Ол  тірі.  Кімде-кім  Мұхаммед  (с.а.у.)  өлді 

дейтін болса, қылышыммен жайратып саламын", - деп айқайлады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   368   369   370   371   372   373   374   375   ...   380




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет