Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет374/380
Дата31.01.2022
өлшемі2,95 Mb.
#130268
1   ...   370   371   372   373   374   375   376   377   ...   380
Байланысты:
Адамзаттың асыл тәжі

"Мұхаммед 



тек 



пайғамбар. 

Одан 

бұрын 

да 

көптеген 

пайғамбарлар  келген.  Қазір  Ол  өлсе  немесе  өлтірілсе,  сіздер  тайқып 

шыға  келмекшісіздер  ме?  (Дініңізден  бас  тартып  немесе  соғыстан 

қашасыздар ма?) 

Кім  бас  тартып  қашса,  Аллаһқа  одан  келіп-кетер  еш  зиян  жоқ. 

Бірақ  (халіне)  шүкіршілік  етіп  сабыр  сақтағандарға  Аллаһ  міндетті 

түрде қайтарым жасайды". 

Бұл аят Ухуд шайқасында "Мұхаммед өлтірілді!" деп қаңқу сөз тараған 

тұста  түсірілген-тін.  Сахабалар  бұл  аятты  білуін  білгенмен,  ауыр  қаза 

салдарынан не айтып, не қойғандарына мән бермеген сыңайлы. 

Пайғамбардың сыддық досы Хазіреті Әбу Бәкір ғана қысылтаяң шақта 

аспай-саспай  байсалдылықпен  сахабаларға  басу  айтып,  маңызды  мәселені 

ескертуді өз міндеті деп білген. 

Асхаб бұрыннан мәлім Аллаһтың аятын естігенде ес жиғандай болды. 

Хазіреті  Әбу  Бәкір  салқын  қандылығынан  танбаған  күйі  Зүмәр 

сүресінің 30-аятын оқыды. 

"(Уа,  Расулым!)  Әлбетте,  Сен  де  өлесің,  олар  да  өледі"  деген  аят 

оқылғанда  жамағат  та,  қайғыдан  көкірегі  қарс  айрылып  аһлап-уһлеген 

Хазіреті Омар да еңсесін тіктеді. 

Хазіреті  Әбу  Бәкірдің  осы  жолғы  әрекеті  Ислам  жамағаты  үшін  үлкен 

қызметпен барабар. 

Мәдина 


Мәдина 

болғалы 


Хазіреті 

Расулаллаһтың 

хижретіне 

шаттанғандай  ешқашан  қуанып  көрмеген-тін.  Сол  Мәдина  өткен,  келешек 

дәуірінің ең қаралы, ең азалы сәтін Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) өмірден өткен 

күні сезінді. Шаһардың үстін торлаған қою бұлт та, түнерген табиғат та соны 

айғақтап тұрды... 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   370   371   372   373   374   375   376   377   ...   380




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет