ең лайық Хазіреті Әбу Бәкір еді. Өйткені сахабаның ең жоғарғы дәрежелісі
ашық қалдыруды өтінуі - соның дәлелі. Бақилық боларынан үш күн бұрын
407
негізгі шарттарының ең маңыздысы, діннің тірегі намазда күллі
мұсылмандардың
имамы
етіп
етіп
тағайындаған-ды.
Осы
себепті
Расулаллаһтан кейін халифалыққа ең лайық сол еді.
Пайғамбарымыз о дүниелік болған дүйсенбіде асхаб ұзақ кеңесіп,
талқылап ақыры бірауыздан Хазіреті Әбу Бәкірді Расулаллаһтың (с.а.у.)
орынбасары, яки халифасы деп шешті. Оған мойынсұнуға серт берілді.
Рәби'уләууал айының он үші, сейсенбі күні Хазіреті Әбу Бәкір
пайғамбар мешітіне келіп, жамағаттың алдына - мінберге шықты. Алдымен
Хазіреті Омар орнынан тұрып Аллаһқа мадақ айтып, шүкіршілік етті де:
"Аллаһ сіздердің араларыңыздан ең қайырлы кісіге, Расулаллаһтың
қиын-қыстау кезеңде қолдаушысы болған Сыддық досқа халифалықты нәсіп
етті. Орындарыңыздан тұрып оған сенім білдіріңіздер", - деді.
Мешіттегі жамағат дүркірей көтеріліп Хазіреті Әбу Бәкірге сенім
білдіріп, сөз берді. Мұнан соң Хазіреті Әбу Бәкір бисмилләһпен сөз бастады:
"Уа, халайық! Мен сіздердің әміршіңіз болып сайландым. Егер
жақсылық жасасам, тура жолда жүрсем маған жәрдемші болыңыздар, ал егер
жамандық, қателік жасасам маған тура жолды көрсетіңіздер. Турашыл болу -
аманат. Жалған - қиянат.
Уа, жамағат! Аллаһ жолындағы жиһадтан бас тартушы болмаңыздар.
(Жиһад - Аллаһ жолындағы күрес, яғни тек шайқасу, соғысу жолымен емес
іліммен, насихатпен, жақсы өнегемен Аллаһ үшін, иман жолында жиһад
жасауға болады.) Жиһадты ұмытқан қауым құрдымға кетерін білгейсіздер.
Мен Аллаһ пен Оның пайғамбарына мойынсұнсам, сіздер де маған сенім
білдіріп, айтқанымды тыңдаңыздар. Мен Аллаһ пен Расулына асылық жасап,
қарсы шықсам, маған ұюдың қажеті де болмай қалады. Өзімді және сіздерді
Аллаһ ғафу етсін деп тілеймін".
Достарыңызбен бөлісу: