Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ ҮШІН ҚОЛДАНЫЛҒАН СИПАТТАР МЕН



Pdf көрінісі
бет378/380
Дата31.01.2022
өлшемі2,95 Mb.
#130268
1   ...   372   373   374   375   376   377   378   379   380
Байланысты:
Адамзаттың асыл тәжі

ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ ҮШІН ҚОЛДАНЫЛҒАН СИПАТТАР МЕН 

АТАУЛАР

 

1. Алланың сүйікті елшісі 



2. Аллаһ Расулы 

3. Аллаһтың Нәбиі 

4. Ахмед 

5. Аллаһтың сүйікті құлы 

6. Абдуллаһтың ұлы Мұхаммед 

7. Әбул Қасым 

8. Әлемдердің мақтаны 

9. Екі жиһанның (дүниенің) нұры 

10. Мұхаммедул Әмин 

11. Нәбиуллаһ 

12. Нұрлы Нәби 

13. Нұрлытұлға 

14. Расулаллаһ 

15. Пайғамбарлар саңлағы 

16. Пайғамбарлар сәруары 

17. Пайғамбарлар сардары 

18. Пайғамбарлар падишасы 

19. Парасат пайғамбары 

20. Пайғамбарлар сұлтаны 

21. Парасат падишасы 

22. Соңғы пайғамбар 

23. Сардар пайғамбар 

24. Сәруар пайғамбар 

25. Саңлақ қолбасшы 

26. Хазіреті Мұхаммед 

27. Хақ жолының хабаршысы 

28. Хатамул-Әнбия 

29. Хақ Хабибі 

30. Хабибуллаһ 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 



 

411


КЕЙБІР АТАУЛАРДЫҢ ТҮСІНДІРМЕЛЕРІ

 

• Аллаһтың Хабибі - Аллаһтың сүйіктісі. 



•  Аләйһис-сәлам  -  Кез  келген  пайғамбар  есімі  аталғанда  "Оған  сәлем 

жаусын" деген мағынада айтылатын тіркес. 

•  Ақса  мешіті  -  Иерусалимдегі  көптеген  пайғамбарлардың  тұрағы 

болған  қасиетті  орын.  «Бәйтул  Мақдис»  деп  те  аталатын  бұл  мешіт  дүние 

жүзіндегі Қағбадан кейінгі екінші құрылыс. 

•  Асры  саадат  -  Бақытты  ғасыр.  Пайғамбар  өмір  сүрген,  Ислам 

дәуірлеген милади 7-ғасыр. 

• Асхаб - сахабалар, Хазіреті Мұхаммедтің үндеуін өз аузынан естіген, 

мәжілістеріне қатысқан алғашқы мұсылмандар. 

•  Ахмеди  нұр  -  Болмыс-дүние  жаратылмас  бұрын  Аллаһ  құдіретімен 

Хазіреті Мұхаммедтің символы ретінде жаратқан нұр. 

• Ажамдар - Арабтардан өзге ұлт өкілдері. 

•  Әнсар  -  Жәрдемші,  көмектесуші.  Ислами  әдебиеттердегі  мағынасы 

Меккеге  көшіп  келген  мұсылмандарды  қолдап,  көмек  көрсеткен  мәдиналық 

мұсылмандар. 

•  Әһли  кітап  -  Жаратушыдан  кітап  түскен  діннің  өкілдері,  яһудилер 

(еврейлер), христиандар. 

•  Бәдір  -  Мәдинаның  оңтүстік-батысыңдағы  150  шақырымға  жуық 

қашықтықты орналасқан жер аты. Үлкен жәрмеңкелер осы жерде өткізілетін 

болған. 


•  Бәдір  соғысы  -  Милади  624  жылы  мүшріктер  мен  мұсылмандар 

арасында болған, мұсылмандардың пайдасына шешілген соғыс. 

• Бәйтуллаһ - Аллаһтың үйі қасиетті Қағба. 

• Ғайып намазы - Мәйіт жоқ жерде қылынатын жаназа намазы. 

• Ғафур - Ең кешірімді мағынасында Аллаһтың сипаты. 

•  Дарул  Әркам  -  625  жылы  Меккеде  ең  алғашқы  мұсылмандар 

медресесі болған үй. Әркам ибн Әбил Әркам есімді сахабаның үйі. 

• Дарул Қурра - Қурралардың, яғни Құран ілімін таратушылардың үйі. 

• Дирхәм - 3 грамға тең ауырлық өлшемі. 

• Жиһад - Аллаһ жолындағы күрес. 

• Жәһил - Надан. 

• Жәһилия - Исламға дейінгі Арабстандағы надандық жайлаған кезең. 

• Зиннурайн - Қос нұрдың иесі. Хазіреті Османның лақабы. 

•  Иннә  лилләһ  уә  иннә  иләйһи  ражи'ун  -  Бәріміз  Аллаһтан  келдік, 

қайтадан  Соған  ораламыз.  Әр  мұсылман  біреудің  дүниеден  қайтқанын 

естігенді осылай дегені жөн. 

• Иншааллаһ - Аллаһ қаласа. 

•  Ила  -  міндетті  түрде  орындалатын  серт.  Фыкхтағы  мағынасы  ер 

адамның әйелімен жақындаспауға сөз беруі. 

• Исра - түнгі сапар. Пайғамбарымыздың жеті қат көкке көтерілуі. 

• Истилам - Қағбадағы қасиетті қара тасты сүю немесе соның ырымын 

жасау ғұрпы. 

• Ихрам - Қажылыққа барғандар үстіне оранатын арнайы тігіссіз киім. 



 

412


•  Куәлік  кәлимасы  -  Иманның  бірінші  шарты  "Әшһәду  ән  лә  иләһа 

иллаллаһ уә әшһәду әнна Мұхаммедун абдуһу уә расулуһу". 

• Кусуф намазы - Күн  тұтылғанда оқылатын екі рәкаттық намаз.  Азан, 

қамат оқылмайды. 

•  Құба  -  Мәдина  маңыңдағы  Пайғамбарымыз  ең  алғаш  түскен  ауыл. 

Хижреттен кейін тұңғыш мешіт осыңда салынған. 

• Қурра - Құран ілімін таратушылар. 

• Қасида - Көлемі он бес бәйіттен кем болмауға тиіс мадақ жыры. 

•  Құдси  хадис  -  Мағынасы  пайғамбарымызға  Аллаһ  тарапынан 

білдірілген қасиетті хадис. 

• Лат - Жәһилия кезеңінде араб мүшріктері табынған үжен пұт. 

•  Муһажир  -  Көшіп  келуші.  Меккеден  Мәдинаға  көшіп  барған 

мұсылмандар осылай аталған. 

•  Мұхаммедул-Әмин  -  Сенімді  Мұхаммед.  Пайғамбарлық  келместен 

бұрын  шыншылдығымен  танылған  Хазіреті  Мұхаммедті  мүшріктер  осылай 

атаған. 


• Мүшрік - Бір Жаратушыға ортақ қосушы. 

• Мумин - иман келтірген адам. 

•  Мәхир  -  Үйленетін  кезде  ері  тарапынан  қалыңдығына  міндетті  түрде 

берілуге тиіс белгілі мөлшердегі ақша не алтын. 

•  Миһраб  -  Мешіттегі  құбыла  тарапын  білдіретін  қабырғадағы  арнайы 

ойық жер, имамның намаздағы орны. 

• Мүршид - Хақиқат жолын түсіндіруші, таратушы. 

• Мужаһид - Аплаһ жолында жиһадқа қатысушы. 

• Мунафиқ - Сырттай мұсылман көрініп, іштей сенбейтін екі жүзділер. 

• Муқауқыс - Сол кезеңдегі Мысыр билеушілері осылай аталған. 

•  Миғраж  -  Пайғамбарлығының  оныншы  жылында  жүзеге  асқан 

таңғажайып муғжиза, Хазіреті Мұхаммед Миражда көкке көтеріліп Аллаһпен 

сөйлескен. 

•  Муғжиза  -  Аллаһтың  құдіретімен  жүзеге  асатын,  адамдардан  тек 

пайғамбарларға ғана тән танғажайып құбылыс. 

• Нәжаши -Хабашстан (Эфиопия) билеушілері осылай аталған. 

• Нәби - Пайғамбар. 

• Расул - Хабаршы. Жаратушыдан кітап алған пайғамбар. 

• Расулаллаһ - Аллаһтың хабаршысы, Хазіреті Мұхаммед. 

• Рахим - Өте рақымды деген мағынада Аллаһтың сипаты. 

•  Рухул  Құддыс  -  Аллаһтан  пайғамбарға  хабар  жеткізуші  Жебірейіл 

періштенің бір атауы. 

• Риуаят - Ұрпақтан ұрпаққа жеткізілетін нақты мәлімет. 

• Рум - Византия. 

• Рәфиқул-А' лә - Ұлы Дос - Аллаһ. 

• Салих - Шын берілген. Тақуа. 

• Садық - Дұрыс. Шыншыл. Бар ықыласымен берілген. 

• Сыддық - Шын берілген. 




 

413


•  Сай  (сағи)  ғұрпы  -  Қажылықта  Сафа,  Мәруа  төбелері  арасында  жеті 

рет жүріп өту ғұрпы. 

• Суффа - Ағаштан жасалған қос, баспана. 

• Суффа асхабы - Хижреттен соң пайғамбар мешіті жанынан салынған 

арнайы суффада тәлім алған сахабалар. 

•  Сәжде  аяты  -  Құранда  арнайы  белгімен  көрсетілген  аят,  ол  оқылған 

сәтте сәждеге жығылу керек. 

• Саллааллаһу аләйһи уә сәллам - "Аллаһтың салауаты мен сәлемі Оған 

жаусын"  деген  мағынада  Хазіреті  Мұхаммедтің  аты  аталған  жерде  айтылуға 

тиіс тіркес, (с.а.у.) түрінде пайғамбар есімінен соң жазылады. 

•  Сахаба  -  Мұхаммед  пайғамбардың  үндеуін  өз  аузынан  естіген 

жолдастары. 

• Тәухид - Аллаһтың бірлігіне сенім. 

• Тәлбия - Қажылық кезінде айтылатын "Ләббәйк Аллаһумә ләббәйк..." 

деп басталатын дұға. 

• Узза - Мүшріктердің пұты. 

• Уәжіп - Исламда жасалуға тиісті амал. 

• Умра - Кіші қажылық. Қажылық мерзімінен тыс уақытта ғұрыптарды 

сақтай отырып жасалған Қағба зияраты. 

•  Ухуд  соғысы  -  Милади  625  жылы  хижреттен  соң  мұсылмандар  мен 

мүшріктер арасында болған, мүшріктер пайдасына шешілген шайқас. 

• Уәсуәса - Шүбә, күдік. Шайтанның азғыруы. 

• Шірк - Бір Жаратушыға ортақ қосушылық. 

•  Халифа  -  Хазіреті  Мұхаммедтен  соң  оның  өкілі  болып, 

мұсылмандарға имамдық жасаушы. 

• Хикмет - Даналық. Данышпандық. 

•  Хұтба  -  Имам  тарапынан  жұма,  айт  намаздарынан  соң  айтылатын 

уағыз-насихат. 

• Хауари - Хазіреті Иса пайғамбардың серіктері. 

• Хусуф намазы - Ай тұтыжанда оқылатын намаз. 

• Хатамул Әнбия - Пайғамбарлардың соңғысы. 

• Харам мешіті - Қағбадағы мешіт. 

• Хажарул әсуад - Қағбаның бір бұрышыңдағы қасиетті қара тас. 

•  Хылфул  Фудул  -  Дәріптелгендердің  анты.  591  жылы  меккелік  игі 

жақсылар  тарапынан  жазықсыз  жәбірленгендерге  көмектесу  мақсатымен 

құрылған қоғам. 

•  Ханиф,  ханифтік  -  Жаратушының  білдіруімен  Хазіреті  Ибраһим 

пайғамбар ұстанған ибадат ету ғұрпы. 

•  Хижра  жыл  санауы  -  Пайғамбарымыздың  Мәдинаға  көшіп  барған 

кезінен  басталатын  жыл  санауы.  Милади  622  жыл  хижри  1  жылға  сәйкес 

келеді. 

• Фәй - Дін дұшпандарынан ұрыс-керіссіз олжаланған мүлік. 

•  Фижар  шайқасы  -  Арабтар  соғысуға  тиым  салынған  айларда  болған 

шайқастарды  жамандық  деген  мағынада  осылай  атаған.  Төртінші  Фижар 

шайқасы қан дауынан бастау алған. 



 

414


•  Фәтрат  кезеңі  -  Алғашқы  дін  бұзылып,  жаңа  пайғамбар  келгенге 

дейінгі аралық кезең. 

• Илхам - Аллаһ тарапынан берілетін ерекше шабыт, ілім. 

• Ясриб - Мәдина қаласының ежелгі атауы. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 



 

415




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   372   373   374   375   376   377   378   379   380




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет