|
Дамытушылық: Тәрбиелік: Мақсаты
|
Дата | 05.02.2022 | өлшемі | 7,88 Kb. | | #12502 |
| - Технология пәнінң мұғалімі. Жұбаназаров Е 8 “Е”
- Оқушыларға жонғыш-ажарлағыш білдек
- құрылысымен таныстыру,жұмыс істеу
- тәсілдері туралы түсінік беру.
- Оқушылардың қиялдарын шыңдау,
- технология сабағына қызығушылығын тудыру.
- Оқушыларды ұқыптылыққа,ептілікке,шеберлікке баулу.
- 1.Тесіктерді үңгілеу мен ұңғылаудың бұрғылаудан
- айырмашылығы бар ма?
- 2.Жонғыш білдектерде қандай тесіктер жонылады?
- 3.Үңгі мен ұңғы құралының айырмашылығы неде?
- Қайрау дегеніміз-металл кескіш аспаптарды пайдалану кезінде мұқалған
- жүздерін қайтадан өткірлеу әдісі.Бұл процесс металл кескіш аспаптардың жүзін
- белгілі бір дәрежеге дейін жұқартып,ажарлаудан тұрады.Ол үшін
- қайрақ немесе қайрақ станогының ажарлауыш шарығы пайдаланылады. Қайрау
- процесінің бұдан басқа электро ұшқындық және анодты механикалық әдістері бар.
- Қайрау білдегі металл кескіш аспаптарды қайрауға арналған.Ол абразивті және
- абразивсіз болып бөлінеді.Абразивті қайрау білдегінде қолданылатын негізгі
- аспап-ажарлауыш шарық.Онда бір-екі ажарлауыш шарық орнатылады. Металдарды
- шарықтағанда, темір ұшқындарының түрі мен түсі арқылы олардың қасиетін білуге
- болады.Мысалы,олардың құрамы,қаттылығы т.б.
- Жоңғыш білдекте жұмыс істеу кезінде сақталатын қауіпсіздік ережесі:
- Жұмыс қауіптілігі:
- 1.Жоңғылау білдегінің айналып тұрған бөлігіне немесе жоңғышқа қолды және
- саусақты жарақаттап алу.
- 2.Айналып тұрған жоңғышқа киімнің ілініп кетуі.
- 3.Металдарды өңдеу кезінде ұшқан жоңқалардың көзге түсіп кетуі.
- 4.Электр құрылғылардың бұзылуы немесе жерқосқыштың дұрыс істемеуі.
- 5.Жұмыс орнының ретсіз шашылып жатуы
- Жұмысқа дейін:
- 1.Арнайы киімдерді кию.
- 2.Жең қайырмасын түймелеу.
- 3.Қорғаныс қоршауларды,білдек тұрқын жерлендірудің қосылуын тексеру.
- 4.Құрал-саймандардың үстелге ретімен қою.
- 5.Білдек жұмысын бос жүріс арқылы тексеру және іске қосқыш қорабын,
- бастырманы ажыратып-қосып көру.
- 6.Жұмыс бастар алдында көзілдірік кию.
- Жұмыс барысында:
- 1.Білдекке немесе кескіш құралға басыңды жақын июге, жұмыс істеп тұрған білдектің
- үстімен заттарды беріп алуға болмайды.
- 2.Білдекке сүйенуге, дайындаманы немесе құрал-сайманды қоюға болмайды.
- 3.Білдек айналып жұмыс істеп тұрғанда, өңделіп жатқан тетікті өлшеуге немесе
- білдек үстіндегі жоңқаларды алуға тазалауға болмайды.
- 4.Жұмыс барысында тораптағы токты өшіргенде іске қосу батырмасынан саусақты
- жылдам алу керек.
- Жұмыс соңында:
- 1.Білдекті тоқтату.
- 2.Білдектегі жоңқаларды алып, білдекті және құрал-жабдықтарды сүрту.
- 3.Жұмыс орнын ретке келтіру
- 1.Қайрау деген не?
- 2.Жоңғыш-ажарлағыш білдектің құрылысы қандай?
- 3.Жоңғыш-ажарлағыш білдекті не үшін пайдаланамыз?
- 4.Жоңғыш-ажарлағыш білдекте жұмыс істегенде қандай қауіпсіздік
- ережелерін сақтау керек?
- Өтілген жаңа сабақтан түсінік айту.
- 24-ші суретті салу.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|