Мінездеме
Дармыш Бибігүл Бекзатқызы 2006 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының түлегі, география пәнінің оқытушысы.
ҚР «Қазақстан Ұстаздары» қоғамының мүшесі, Алматы қаласы колледждер қауымдастығы, 2017жылы алғыс хатпен марапатталды.
2015 жылы Алматы қаласы білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды.
Педагогикалық еңбек өтілі 18 жыл.
Мұғалімнің негізгі мақсаты - оқушылардың шығармашылық қабілетін, өздік танымдық біліктілігін дамыта отырып, білім сапасын арттыруды ұйымдастыру.
«Модульдік оқыту технологиясы» тақырыбында шығармашылықпен жұмыстанып, оны үнемі сабақта қолдануда.
Сонымен қатар Дармыш Бибігүл Бекзатқызы мектептегі қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады. Ұжым ортасында беделді, адамгершілігі мол, мінезі ашық, жас мамандарға көмектесіп отырады. Ол адамгершілік, сыйластық деген ұғымдарды бірінші орынға қояды. Ұжыммен тіл табысқыш, ибалы, кішіпейіл, қарапайым ұстаз. Білімін үнемі жетілдіріп отыратын, білім мен тәрбиені ұштастырған ұстаз ғана емес, ол үш баланың анасы, аяулы жар.
Дармыш Бибігүл Бекзатқызы заман талабына сай, қоғамға лайықты білімді де, білікті ұстаз екеніне сеніміміз мол.
Колледж директоры: Бакирова Ж.С
Достарыңызбен бөлісу: |