Де Бононың қалпақтары Ақ қалпақ Фактілер



Дата22.04.2022
өлшемі15,71 Kb.
#140460
түріСабақ
Байланысты:
ДЕ БОНО
мәтин, 11 кл. СОР 1 гео

Де Бононың қалпақтары

1.Ақ қалпақ - Фактілер
Қашықтықтан оқыту – білім алушы мен педагог қызметкерінің жанама (алыстан) немесе толық емес жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту. Қашықтықтан білім беру технологиялары қашықтықтан оқу сабақтарын «оnline», «offline» режимінде өткізуге негізделген. «Оnline» режимінде оқу сабақтары нақты уақыт режимінде оқудың өзара іс-әрекет ету үдерісін қарастырады (бейнеконференция, интернет желісімен хабар алмасу, телефон аппараты арқылы келіссөздер). «Оnline» режиміндегі оқу сабақтары оқытушы мен білім алушы арасындағы асинхронды тілдесудің (электрондық пошта, кейіннен қорытынды бақылау тапсырумен оқытушының тапсырмасы бойынша білім алушының оқулықпен жұмысы) оқу іс-әрекеті процесін қарастырады.

2.Сары қалпақ позитив
Қашықтықтан оқыту – білім берудің ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асырылатын арнайы түрі.
Онлайн оқыту интернет, білім, компьютерге немесе интернетке қосылған басқа гаджетті пайдаланып білім мен дағдыларды игеру.
Онлайн-білім беру оқушыларға білім беру ортасына толығымен енуіне мүмкіндік береді: дәріс оқып тыңдау, тапсырмаларды орындау, мұғалімдермен кеңесу және желіге қосылу арқасында сыныптастармен сөйлесу.
 Себебі орта жаста болсамда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдану білімдерімді тереңдеттім. ZOOM платформасымен видеосабақ жасауды үйреніп, оқушыларға шағын сабақтарды түсіндіріп Whatsapp желісі арқылы жіберіп отырдым. Сонымен қатар оқушыларда үнемі кері байланыс жасап отырдым
3.Қара қалпақ - жағымсыз
Елімізде коронавирус індетінің таралуына байланысты төтенше жағдай енгізіліп, мектеп оқушылары тоқсандық каникулға бір апта ерте шыққан еді. Соған байланысты төртінші тоқсанның сабағы онлайн және қашықтан өтетін болды. Алайда, оған біздегі мектептер мен оқушылар дайын ба? Облыс, қала орталықтарында мүмкіндік бар шығар, ал шалғайдағы елді мекен мектептері қайтпек? Қалай болғанда да, бұл – лажсыздықтан қабылданған шешім. Дәл қазір онлайн немесе қашықтан білім беруге сақадай-саймыз ба, жоқ па деген сауалдың да басы артық. Ол – көптеген ауылды аймаққа интернеттің жетпегені, кейбір мектептердің толықтай компьютерленбегені, тағысын тағы. Ал біз тап қазір осы жолды таңдауға мәжбүрміз.
4.Жасыл қалпақ - - креатив
 Қашықтықтан оқыту ұстаз еңбегінің қиын екендігін, оқушы мен ата-анаға ұғындырып, ұстаздың мәртебесі жоғары екендігін дәлелдеді. Сол еңбегімізді біліп ата-аналар өздерінің жүрекжарды тілектерін білдіріп, рахмет-алғыстарын айтқан видеороликтерінде қабылдадым.

5. Қызық қалпақ - Түйсік
Қашықтықтықтан оқыту технологиясы – оқушы дайындау мен олардың біліктілігін әрі қарай тереңдете арттыру бағытындағы осы заманның ең әсерлі де тиімді жүйесі болып табылады және болашақта алатын орны орасан екені даусыз.
Бұл оқыту технологиясы білім берудің ортасында тұратын оқыту жүйесін құру мүмкіндігін береді. Бұл жүйеде мұғалім оқушының жүмыстарын, жеке қызығушылықтары мен сұраныстарын ескереді. Білім беру жүйесінің ортасында оқушы тұратынын ескерсек, оқыту жүйесі тұтасымен өзгереді. Мұғалім оқушыға арналған өзіндік жұмыстарды, тәрбиеге қатысты жұмыстарды ұйымдастырумен шұғылданады. Қашықтықтан оқыту технологиясын қолдану да мұғалімнің рөлі арта түседі және өзгереді.

6.Көк қақпақ – Жаңалық ашу
Қашықтықтан оқыту технологиясының артықшылықтары:

  • Заман талабына сай ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар мен құралдарды қолдану;

  • Интерактивті әрекеттесу формалары;

  • Сапалы білім алу;

  • Уақытты үнемдеу;

  • Ыңғайлы уақытта оқу;

  • Территориялық шектеулер жоқ;

  • Денсаулық күйі бойынша шектеулер жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет