Dedot4310-«Дәстүрлі емес дақылдарды өсіру технологиясы» ОҚУ Әдістемелік кешені мамандығы: 6В08171 Агрономия



бет60/92
Дата22.10.2022
өлшемі0,52 Mb.
#154500
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   92
Байланысты:
Dedot4310-«Д ст рлі емес да ылдарды сіру технологиясы» О У діс

Шаруашылықтағы маңызы. Құлқайырдан көк балауса, пішен, сүрлем, шөп ұнын дайындайды. Оның көк балаусасындағы қорытылатын протеин мөлшері жоңышқаныкімен бірдей, көмірсуына, микроэлементтерге, витаминдерге бай. Құлқайырдың белогінің сапасы мал өнімінің белогіне пара-пар, онда мал организміне пайдалы аминқышқылдары көп кездеседі. Құлқайырдың гүлденер алдында жинаған 100 кг көк балаусасында 13 азықтық бірлік және 2 кг қорытылатын протеин бар. Каротин мөлшері 26-68 мг/кг шамасында.
Күлдің мөлшері: көк балаусасында –2-3%, құрғақ затында-9-18%, және ол мал организміне пайдалы элементтерге (әсіресе Fe, Ca) бай. Оның құрамында бағалы микроэлементтер: марганец, никель, молибден, күміс, барий, мыс, стронции және басқалары көп кездеседі. Құлқайырда белоктің көп және қант мөлшерінің орташа болуынан оны сүрлемге басқа сүрлемдік қантқа бай дақылдармен : аю балдырғанымен, сиыржоңышқамен сұлының қоспасымен, күнбағыспен, жүгерімен қосып сүрлемге салған өте тиімді. Құлқайыр мен жүгерінің (1:1) сүрлемінің 100 кг массасында 20 азықтық бірлік болады да оның 1 кг сүрлеміне 100 г қорытылған протеин келеді. Жақсы кептірілген шөп ұны азықтық сапасы жағынан сұлымен бірдей (1 азықтық бірлік және 70 г қорытылатын протеин). Құлқайыр және де жақсы бал жинайтын дақыл. Құлқайырдың барлық түрі жақсы алшын береді. Жылына оны екі рет шабуға болады. Оның көк балаусасының орташа өнімі 500-700 ц/га. Құлқайырды қайталап себетін, және аңыздық дақыл ретінде пайдалануға болады. Құлқайыр астық дақылдары үшін жақсы алғы дақыл. Және де оны екпе парға қолдануға болады. Құлқайырдың тұқымының өнімі біршама жоғары-5-8 ц/га. Сондықтан оның тұқым шаруашылығын ұйымдастыру қиын емес.
Ботаникалық-биологиялық ерекшеліктері. Құлқайыр біржылдық, құлқайыр тұқымдасына жататын өсімдік. Кіндік тамырлы, тамыршалары жан-жағына жақсы тараған. Олар топырақтың жыртылу қабатында орналасқан, тек кейбір тамырлары 2 м тереңдікке дейін өседі. Сабағы тік өседі, бұтақшалары көп. Биіктігі 2-3 м дейін. Жапырағы қатарлап орналасқан, ірі келеді. Меллюка құлқайырының жапырағы басқа түрлерінікіне қарағанда ірілеу дөңгелекше, түсі ақшыл-жасыл, жапырақ сағағы қысқа.
Гүлшоғыры - шоғыр, жапырақ қолтығында орналасқан, қызғылт немесе ақшыл-күлгін түсті 3-9 гүлден тұрады. Жемісі қорапша тәріздес, ішінде 9-10 тұқым болады. Тұқымы ұсақ. 1000 тұқымының массасы 3-4 г. Құлқайыр суыққа төзімді, жылуды көкп керек етпейді. Оның тұқымы топырақтың тұқым сіңіру қабаты +50С болғанда өне бастайды да ең жақсы өнгіштігі +15-200С байқалады. Оның өскіні- 40С аязға шыдайды. Құлқайырға тұқым сепкеннен толық өскін алуға 1350С, одан гүлденуге дейін 10000С шамасында температура жиынтығы керек.
Құлқайырдың осы биологиялық ерекшеліктері, оны орталық және солтүстік облыстарда өсіруге болатынын көрсетеді. Құлқайыр ылғалды көп керек етеді. 1 кг құрғақ өніміне 400 кг су жұмсайды. Бірақта өсу кезеңінде суға қатынасы әртүрлі. Суды ең көп қажет ететін кезеңі тұқымның бөртіп өскін беру және өсімдіктің гүл салып гүлдеген кездері. Жалпы топырақ құрғақшылығына төзімділігі орташа. Сонымен қатар ол өте ылғалды топырақта да нашар өседі. Құлқайыр оңтүстіктің, қысқа күннің өсімдігі. Бірақта солтүстіктің ұзақ күнінде өсіргенде оның вегетациялық кезеңі ұзарып өсімдік массасы өседі де өнімі молаяды. Құлқайырдың себу әдісі мен мөлшерін өзгерте отырып дамуын реттеуге, сол арқылы көк балаусасы мен тұқымының өнімін көтеруге болатыны дәлелденді. Құлқайыр борпылдақ, органикалық заттарға бай топырақтарда жақсы өнім береді. Танапта құлқайырдың тұқымы топырақтың жылылығы +7-80С өніп-өсіп шығады. Оның өскіні өте ұсақ және алғашқы 30-40 күнде баяу өседі. Содан кейін қарқынды өсіп бір айдың мөлшерінде өсімдіктің биіктігі 80-100 см жетеді. Осы кезде оны бірінші рет орады. Екінші рет ору қыркүйек айына келеді.
Құлқайырдың тұқымы 85-125 күнде піседі. Қазіргі кезде шаруашылықта мына сорттары өсіріледі. Бұйра құлқайырдың Сибирская, Малюка құлқайырдың-Силосная және Днепровская.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет