Dedot4310-«Дәстүрлі емес дақылдарды өсіру технологиясы» ОҚУ Әдістемелік кешені мамандығы: 6В08171 Агрономия



бет62/92
Дата22.10.2022
өлшемі0,52 Mb.
#154500
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   92
Байланысты:
Dedot4310-«Д ст рлі емес да ылдарды сіру технологиясы» О У діс

Қолдануға ұсынылатын әдебиеттер.

  1. Ткаченко Ф.М. и др. Силосные культуры.// Ф.М.Ткаченко, А.П.Синицина, Г.В.Чубарова.-М.: Колос, 2004ж.

  2. Сагалбеков У.М. и др. Малораспространенные перспективные культуры Северного Казахстана.// У.М.Сагалбеков, И.Ф.Костиков, Ж.Н.Аленов.-Кокшетау, 2013ж.

Бақылау сұрақтары

  1. Біржылдық дақылдар мен өсімдіктер: құлқайыр және т.б.

  2. Биологиялық ерекшеліктері.

  3. Жем-шөпке және тұқымға өсіру ерекшеліктері.

Практикалық сабақ №6


Тақырыбы: Біржылдық мал азықтық дақылдар: шашақты гүлтәжі
Дәрістің жоспары:

  1. Шаруашылық маңызы.

  2. Ботаникалық және биологиялық ерекшеліктері.

  3. Өсіру агротехникасы.



Бұрынғы Одақ көлемінде гүлтәжінің табиғатта 12 түрі кездеседі. Олар көбінесе орталық жөне оңтүстік аймақтарда өседі. Казіргі кезде өндіріске мал азықгық ретінде гүлтәжінің екі түрі ұсынылған. Шашақты гүлтәжі (Аmaranthus раniculatus) және құйрықты гүлтәжі (А саndatus).
Ауыл шаруашылығында көбірек тарағаны шашақты гүлтәжі.Бүл өсімдік жоғары өнімді сүрлемдік дақыл. Сүрлемнің сапасы өте жоғары болады және оны көбінесе сауын сиырлар үшін дайыңдайды. Гүлтәжінің сүрлемі азықтық бірілігі және ондағы қорытылатын протеин мөлшері жағынан жүгерінің, күнбағыстың сүрлемдерінен асып түседі. Оның көк балаусасын шошқалар, дәнін- құстар жақсы жейді. Құрамында протеин мөлшері жағынан бұршақ тұкымдастармен шамалас келеді.
Гүлтөжінің сүрлемінің дәмі және иісі өте жақсы. Оны сауын сиырлар сүйсініп жейді, сүті молаяды. Гүлденген кезеңінде шабылып сүрлемге салған гүлтәжіде 76,4% су, 3,5% протеин, 1,9- белок, 0,9-май, 5,5 -клетчатка, 4,2-күл жөне 9,6%-азотсыз экстрактивті зат болады. Гүлтәжінің 100 кг сүрлемінде 16,2 кг азықтықбірлік, 2,4 кг қорытылатын протеин бар. Бір азықтық өлшемге 149 г қорытылатын протеин келеді. Протеиннің қорытылу коэффициенті 68-ге клетчатканыкі - 56-ға тең. Гүлтәжінщ көк балаусасын шөп үнын, шөп түйірпгіктерін, брикеттер жасауға да пайдаланады. Қорытылатын протеин мөлшері жағынан гүлтәжінің көк балаусасы баска сүрлемдік дакылдан асып түседі (бір азықтықөлшемде 150-220 г). Және де гүлтәжінің белогындағы ауыстырылмайтын амин қышқьщдары жақсы теңгерілген. Мысалы гүлтәжіде лизиннің мөлшері бидайдікіне қарғанда 3-3,5 есе көп.
Гүлтәжінің тұқымында белок мөлшері 12-18% тең және аминқышқылдары жоғары теңгерімде болады Тұқымындағы белоктың қоректік сіңімділігі өте жоғары - 87% (мысалы бидайдікі - 56%). Көпшілік деректер бойынша гүлтәжінің көк балаусасының өнімі әр гектардан 1000-1200 ц-дей және одан да асып түседі. Эр гектардан 12-15 мың азықтық өлшем жиналып бір азықтық өлшемде 300 г дейін қорытылатын протеин болады. Гүлтәжінің тұқымының өнімі әр гектардан 10-17 ц шамасында.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет