Dedot4310-«Дәстүрлі емес дақылдарды өсіру технологиясы» ОҚУ Әдістемелік кешені мамандығы: 6В08171 Агрономия



бет71/92
Дата22.10.2022
өлшемі0,52 Mb.
#154500
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   92
Байланысты:
Dedot4310-«Д ст рлі емес да ылдарды сіру технологиясы» О У діс

Топырақ өңдеу жүйесі. Мақсары танаптарында жүргізілетін негізгі топырақ өңдеу жүйесіне аңызды сыдыра жырту және күзде сүдігер тарту жатады. Республиканың оңтүстігінде масақты астық дақылдарын жинап алғаннан кейін күзде танап 6-8 см тереңдікке сыдыра жыртылып, содан кейін 1-2 аптадан соң 20-22 см тереңдікке соқамен аударылып жыртылады.
Қытай Халық республикасының Қазақстанмен шектес аймақтарында мақсары танаптары күзде 25-27 см тереңдікке жыртылады, себебі өсімдіктің тамыр жүйесі тереңге бойлайды.(Ван Жау Му,1993). Ерте көктемде сүдігер тырмаланып, қажетінше 1-2 рет культивацияланады. Себер алдындағы культивацияға дейін арамшөптерге қарсы топырақ гербициді бүркегіш құралмен бүркіліп ( ПОУ ) іле тырмамен жабылады. Көпжылдық және бір жылдық қос жарнақты арамшөптерге қарсы-торфи (2,0-2,5 л /га ), трефлан (4-10 л/га), астық тұқымдас арамшөптермен күресу үшін фюзилад супер (1-2 кг /га біржылдық және 2-4 кг /га көпжылдық арамшөптерге қарсы) қолданылады.
Себу. Мақсарының тұқымы себер алдында себу кондициясына жеткізіліп, тұқымға арналған стандарт талаптарына сай келуі керек. Тұқым құрамындағы негізгі дақыл үлесі 95-98% кем емес және зертханалық өнгіштік 85-95% болуы керек. Себер алдында ауруларға қарсы тұқымды дәрілейді. ПС-10 құралымен витовакс 200 ФФ-3-4 кг /т; ТМТД 80%-2-3 л /т; фундазол-3кг /т.
Себу мерзімі. Ерте себілетін дақылдар қатарына жатады. Топырақтың 10 см қабаты 6-8 0С жылынған кезде себеді, мақсарының себу мерзімін кешіктіру өнімділікті төмендетеді және зиянкестермен зақымдану қаупін күшейтеді. Қазақстанның оңтүстік-шығысының тау бөктері аймақтарында мақсарыны сәуір айының бірінші онкүндігінің аяғында, ал осы өңірдің шөлді-далалы аймағында наурыздың аяғы- сәуірдің басында себу ұсынылады. (Т.Н.Нұрғасенов және т.б.,2003). Қазақстанның оңтүстігінде наурыздың 2-ші онкүндігінде, ал солтүстігінде және батысында сәуірдің аяғы- мамырдың бірінші онкүндігі. Республиканың оңтүстік-шығысының қары аз, көктемгі егістегі ылғалы жеткіліксіз шөлді-далалы аймағында мақсарыны қыс түсер алдында себу қарастырылады, яғни қараша айының бірінші онкүндігінде. Аталған жағдайдағы мақсары өнімділігі көктемгі мерзімде себілген дақылдан кем түспейді.(С.С. Арыстанғұлов, 2009)
Себу тәсілі. Мақсарыны тұқымға өсіруде оны кең қатармен қатараралық ені 45-60 см себу ұсынылады. Отамалы дақыл ретінде мақсарыны кең қатармен себу арамшөптермен күресуде тиімді. Ылғалмен қамтамасыз етілген жерлерде және суармалы егіншілікте дақылды жай қатармен (15см) себуге болады, сонымен қатар мал азығына (көкбалауса, пішен, сүрлем және т.б.) мақсарыны жай қатармен және қатараралық ені 30 см себу ұсынылады. Республиканың оңтүстік-шығысында мақсарыны тұқымға екі ізді таспалы тәсілмен (60х15х15см) себу мүмкіндігі қарастырылуда. Дақылды таспалы тәсілмен себу, кең қатарға қарағанда өнімділікті 10-15% жоғарылатады.
Себу мөлшері. Кең қатармен (45-60см) себуде гектарына 200-300 мың дана өнгіш тұқым немесе 8-12 кг тұқым себіледі, екі ізді таспалы тәсілмен-12-14 кг /га, жай қатармен-20-24 кг /га тұқым шашылады. Тұқым сіңіру тереңдігі 5-6 см, ылғалы төмен жерлерде 7-8 см.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет