Dedot4310-«Дәстүрлі емес дақылдарды өсіру технологиясы» ОҚУ Әдістемелік кешені мамандығы: 6В08171 Агрономия



бет76/92
Дата22.10.2022
өлшемі0,52 Mb.
#154500
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   92
Байланысты:
Dedot4310-«Д ст рлі емес да ылдарды сіру технологиясы» О У діс

Қолдануға ұсынылатын әдебиеттер.

  1. Т.Н. Нургасенов и др «Технология возделывания сафлора на маслосемена в условиях юго-востока Казахстана» Рекомендация, Алматы, 2013ж.

  2. С.С. Арыстангулов «Қазақстанның оңтүстік-шығысының тәлімі жерлерінде мақсары тамыр жүйесінің өсіп-даму ерекшеліктері» Алматы, ж.Ізденістер, нәтижелер №1, 2009ж.

  3. С.С. Арыстангулов «Водопотребление сафлора в зависимости от сроков посева в условиях пустынно-степной зоны юго-востока Казахстана» ж.Вестник науки АТУ им. С.Сейфуллина, №3, Астана. 2009ж.

Бақылау сұрақтары

  1. Шаруашылық маңызы.

  2. Ботаника-биологиялық ерекшеліктері.

  3. Өсіру агротехникасы.

Практикалық сабақ №10


Тақырыбы: Қазақстанның интродуцияланған мал азыктық дәстірлі емес өсімдіктер.
Дәрістің жоспары:

  1. Мал азықтық тарна, мал азықтық шалқан, мал азықтық қырыққабат

  2. Мал азықтық құндылығы.

  3. Биологиялық ерекшеліктері.

  4. Өсіру технологиясы.



Мал азықтық тарна Шаруашылық маңызы және таралуы. Тарна (Brassіca napus rapіfera) қырыққабат (Brassіcaceae) тұқымдасына жататын мал азықтық тамыржемісті дақыл. Жерорта теңізі маңайында қыша мен қырыққабаттың кездейсоқ будандасуынан пайда болған. Тамыржемісті амфидиплоидты (2п=38) өсімдік. Көпшілік Еуропа, Азия елдерінде Ресейдің Батыс Сібір мен Қаратопырақсыз аймақтарында тараған (54-ші сурет).
Мал азықтық тарна құрамында құрғақ затының (10-16%), қант (5-10%) каротин, аскорбин қышқылы, минерал заттарының жеткілікті мөлшерде боуымен ерекшеленеді. Ол негізінен сауын сиырлардың сүттілігін көтереді және жас төлдердің өсуін тездетеді. Тарнаның пәлегін басқа сүрлемдік дақылдармен қосып сүрлемге, пішендемеге салады және шөп ұнына пайдаланады. 100 кг мал азықтық тарнаның тамыржемісінде 13,5 а.ө. және 0,7 кг қорытылатын протеин бар. Тарнаның тамыржемісіндегі көмірсуларының ішінде глюкоза көп те, фруктоза аздау. Тамыржемісінде шикі ақзат мөлшері 2,9% құрады. 1 кг тамыржемістің шикі ақзат құрамына негізгі аминқышқылдары 0,55 г лизин, 0,30 г метионин, 0,74 г аргинин кіреді. Тарнада айтарлықтай мөлшерде калий, фосфор, күкірт және кальций болады. Оның тамыржемісінің 100 г құрғақ затында 257 мг калий, 118 мг кальций, 102 мг фосфор мен күкірт бар.
Мал азықтық тарна құрамында аскорбин қышқылының мөлшері бойынша тамыржемістілердің ішінде бірінші орында. Оңтайлы өсіру ортасында 100 кг шикізатында аскорбин қышқылының концентрациясы 100 мг дейін жетеді. Және де ол қайнатып пісіргенде жойылып кетпейді. Тарна С витаминіне бай келеді, каротин аз кездеседі. Бірақта сары түсті сорттарында жеткілікті мөлшерде (100 г шикізатында 0,12 мг дейін) болады.
Тарнаның мал азығы ретінде пәлегі де өте бағалы. Онда азық мөлшері тамыржемісіндегісінен кем емес, ал ақзат пен минерал заттарының мөлшері бойынша одан бірнеше есе асып түседі. Жапырағынан дайындалған мал азық ұны жоғары бағаланады. Оның 1 кг құрғақ затында 19,1% ақзат және 165 мг каротин кездеседі. Мал азықтық тарнаны республиканың барлық аймақтарында өсіруге болады. Таулы аймақтарда жоғары өнім береді. Вегетациялық кезеңінің қысқа болуына байланысты тарнаны шабыннан кейінгі немесе аңыздық дақыл ретінде өсіруге болады. Мал азықтық тарнаның тамыржемісінің өнімі әр гектардан 90 ц-ден 300-400 ц-ге дейін ауытқиды. Суармалы жерде тамыржемісінің өнімі 850-1050 ц/га дейін жетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет