Dedot4310-«Дәстүрлі емес дақылдарды өсіру технологиясы» ОҚУ Әдістемелік кешені мамандығы: 6В08171 Агрономия



бет67/92
Дата22.10.2022
өлшемі0,52 Mb.
#154500
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   92
Байланысты:
Dedot4310-«Д ст рлі емес да ылдарды сіру технологиясы» О У діс

Қолдануға ұсынылатын әдебиеттер.

  1. Ткаченко Ф.М. и др. Силосные культуры.// Ф.М.Ткаченко, А.П.Синицина, Г.В.Чубарова.-М.: Колос, 2004ж.

  2. Сагалбеков У.М. и др. Малораспространенные перспективные культуры Северного Казахстана.// У.М.Сагалбеков, И.Ф.Костиков, Ж.Н.Аленов.-Кокшетау, 2013ж.



Бақылау сұрақтары

  1. Маңызы және таралуы. Жалпы сипаттамасы.

  2. Сыртқы факторларға қоятын талаптары.

  3. Жем-шөпке жэне тұқымға өсіру технологиясы.

Практикалық сабақ №8


Тақырыбы: Майлы дақылдар: мақсары
Дәрістің жоспары:

  1. Халық шаруашылығындағы маңызы

  2. Биологиялық ерекшеліктері.

  3. Өсіру агротехникасы.

Майлы дақылдарға тұқымында немесе жемісінде майлы майы болатын өсімдіктер жатады. Біздің елімізде майлы дақылдардан күнбағыс, мақсары, қыша, рапс, арыш, майкене, күнжіт және майлы зығыр өсіріледі. Сонымен қатар, өсімдік майын кейбір дәнді бұршақ дақылдарынан- май бұршақ, жер жаңғағынан да (арахис), талшықты өсімдіктер-сора, талшықты зығыр, мақта кенепшөп дәндерінен өндіреді.


Өсімдік майының тағамдық және техникалық маңызы зор. Оны негізінен тамаққа, консерві, кондитер және маргарин жасауда пайдаланады. Сонымен қатар, сыр-бояу, сабын қайнатуда, тері илеуде, мақта-мата, парфюмерия және өндірістің басқадай салаларында кеңінен қолданады.
Дәннен майды сығып және арнайы ерітіндімен ерітіп алғаннан кейінгі қалдықтар - күнжара мен күнжара ұны малға бағалы концентратталған жем. Көптеген майлы өсімдіктердің сабақтары отынға, қағаз және мата алуға, сондай-ақ малға жемге пайдаланылады. Майлы дақылдар дәніндегі майдың шамасы 15-тен 63 % дейін. Олардағы майдың мөлшері мен сапасы бірқатар факторлардың - жылу мен су режимі, сорт, себу мерзімі, топырақ өңдеу, тыңайтқыштар және географиялық ендік әсерінен көп өзгереді. Мысалы, оңтүстік-шығыста солтүстік пен солтүстік-батысқа қарағанда дәндегі майдың мөлшері көп. Жағдайлар мен өсіру технологиясын өзгерту арқылы май мөлшерін арттыру мен сапасын жақсартуға болады.
Май сапасының маңызды көрсеткіші - оның кебуге қабілеттілігі. Бүл көрсеткіш йодтың 100 г майға қосылатын грамм мөлшері - йод санымен анықталады. Йодтық сан көп болған сайын, ол жақсы кебеді. Кебу дәрежесіне қарай өсімдік майы 3 топқа бөлінеді: к е б е т і н - йодтық саны 130-дан жоғары, көбіне техникалық мақсатта қолданылатын зығыр, перилла, арыш және тағы басқа дақылдар майлары; ж а р т ы л а й к еб е т і н - йодтық саны 85-130, негізінен тағамдық - күнбағыс, майбұршақ, күнжіт, рапс, қыша, мақсары майлары; к е п п е й т і н - йодтық саны 85-тен төмен, тағамдық - арахис майы және техникалық - майкененің кастор майы, сонымен қатар майкене майы авиацияда, космонавтикада пайдаланылады. Сондай-ақ, майдағы бос май қышқылдары мөлшерін сипаттайтын қышқылдық сан да майдың маңызды көрсеткіші болып саналады. Қышқылдық сан - 1 г майдағы қышқылдарды бейтараптандыруға қажет күйдіргіш калий (г) мөлшерімен анықталады.
Өсімдіктегі көптеген майлар сабын қайнату өнеркәсібі үшін шикізат. 1 г майда болатын глицеринін бос, сондай-ақ, байланысты май қышқылын бейтараптандыру үшін қажет күйдіргіш калийдің (мг) мөлшерімен анықталатын, сабындану санымен сипатталатын майдың сабындану қабілеті де құнды көрсеткіш. Майлы дақылдар дәніндегі өсімдік майларының мөлшері мен сапасы кестеде келтірілген. Көптеген майлы дақылдар отамалы дақыл болғандықтан, олардың агротехникалық маңызы да зор. Олар топырақты арам шөптерден тазартады және дәнді дақылдар үшін қанағаттанарлық алғы дақылдар.
Қазақстан республикасында майлы дақылдар барлық аймақтарда өсіріледі, дегенмен әрбір топырақ-климат жағдайларына бейімделген дақылдар түрлері шектеулі. Егер майлы күнбағыс негізінен республиканың шығысы, солтүстігінде және батысында өсірілсе, ал мақсары оңтүстік өңірде өсірілуде. Сондықтан майлы дақылдарды түртараптандыру аясында әрбір аймаққа негізгі және қосымша майлы дақылдар ассортиментін ұсыну қажет. Республикада майлы дақылдар 2009 жылы 1 млн. 50 мың гектар жерге егіліп, дәнінің орташа өнімділігі 6-7 ц/га құрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет