Қазақ білім академиясы, Ы.Алтынсарин атындағы – республикалық ғылыми-педгогика және ғылыми-әдістемелік мекеме. 1998 жылы 24 наурызда құрылған. 20 ғасырдың 30-жылдарының басында «Жалпыға бірдей бастауыш білім беру» туралы Заң қабылданып, Қазақстан мектептерінде пәндік оқу жүйесіне көшу басталды. Оқу бағдарламаларын жасау үшін білім беру, тәрбие мәселелерін жетілдіру ісімен айналысатын арнайы ғылыми-әдістемелік орталығы қажет болды. Сөйтіп, 1933 жылы қаңтарда Республикалық Халық ағарту комиссариаты жанынан Педагогика ғылыми-зерттеу институты құрылды.
Алғаш оның құрамында не бары 3 сектор (бағдарламалық-әдістемелік, педагогикалық, политехникалық) болды. Арнайы бағдарламалар жасалып, қазақ тілінде оқулықтар жазу ісіне Ш.Әлжан, І.Кеңесбай, С.Балаубай, І.Жансүгір, М.Әуез, М.Қалыбай, С.Аспандияр, т.б. ат салысты. Оқулықтармен бірге әдістемелік құралдар даярлау ісі қатар жүргізілді. 1938 жылдың аяғында институт Мектептер институты болып өзгерді. Институтта Е.Бекмаханұлы, С.Жиенбай, Ш.Кәрібаай, Р.Лемберг, Н.Сауранбай сияқты белгілі ғалымдар еңбек етті. Халық ағарту комиссариаты мен институт ғалымдарының белсене араласуымен 1940 жылға дейінгі 5–6 жыл ішінде ұлт мектептері төл және аударма оқулықтар кешенімен толық қамтамасыз етілді. Жиенбаевтың «Орыс мектептерінің 6–8-сыныптарына арналған қазақ тілі» (1932–37), Қ.Жұбановтың «Қазақ тілінің грамматикасы» («Синтаксис», 1938), Е.Кротевичтің орыс тіліндегі оқу кітабы (2-сынып), А.Воскресенская мен Л.Головородконың «Орыс тілі» (4-сынып), т.б. оқулықтар жарық көрді. Институт жанынан КСРО Конституциясы, география, физика, математика, жаратылыстану, химия, ән-күй, сурет, дене шынықтыру секторлары ашылды.
Достарыңызбен бөлісу: |