35. Химия және экологияның байланысы. Химия өнімдері біздің өміріміздің барлық салаларына, күнделікті тұрмысымызға кеңінен еніп отыр. Бізді қоршаған орта химия саласымен тығыз байланысты, сондықтан да химия күннен күнге, жылдан жылға тез қарқынмен дамуда, үнемі химияға байланысты жаңа заттар пайда болып отыр. Сонымен қатар, дүние жүзі қауымдастығының алдында тұрған келелі проблемалардың бірі – химияның әсерінен адамзаттың тіршілік ортасының нашарлауы. Мұны шешудің бірден – бір жолы экологиялық білімді жеке тұлғаны қалыптастыру. Химиялық экология өзекті мәселелерді - адамзат пен қоршаған ортаның қарым қатынасын зерттеп, шешетін аса маңызды пәнаралық ғылымға айналды. Бұл ең алдымен антропогендік факторлардың Жер биосферасына зиянды экологиялық әсеріне байланысты, яғни парникті эффект , қышқыл жаңбырлар, озон қабатының жұқаруы, ормандардың жаппай кесілуі, шөлейттену, қоршаған ортаның улы заттармен ластануы және т.б. Ғылыми техникалық прогрестің дамуына орай айналадағы қоршаған орта үлкен өзгерістерге ұшырап отыр. Оның өзі барлық тіршілік иелеріне әсер ететін қолайсыз факторлармен - ортаның ластануымен және табиғи ресурстардың сарқыла бастауымен тікелей байланысты. Қоршаған ортаның ластануы адамзат өміріне, өсімдіктер мен жануарлар әлеміне, бүкіл табиғат ресурстарының жай-күйіне елеулі нұқсан келтіріп отырғаны белгілі. Осыған орай экологиялық білім алу күн өткен сайын өзекті және маңызды мәселе болып отыр. Химиялық экология - қоршаған ортаның табиғи объектілеріндегі (су, атмосфера, топырақ және өсімдіктер) жиналған кейбір химиялық заттардың мөлшерін жоғары сезімталдығына, зерттеу жұмыстарын орындаудың қарапайымдылығына, анықтау дәлдігіне және алынған нәтижелердің табиғи объектілердің ластану дәрежесін анықтап білуде дұрыстығына байланысты кең қолданылып жүрген әдістермен анықтау берілген. Улы химикаттар өсімдіктер мен жануарларды әртүрлі зиянкестерден химиялық жолмен қорғаудың негізгі құралы болса да, бұл заттар тасымалдану барысында жануарға зиянды әсерін тигізе алады. Қазіргі кезде биосфераның әртүрлі объектілерінде пестицидтердің қалдықтарының мөлшерін анықтауға және мутагенді қасиеттерімен ерекшеленетін химиялық ластаушы заттардың өсімдіктер мен жануарлардың хромосомалық құрылымына кері әсерін зерттеуге көп көңіл бөлінуде.