Дәлелді медицина әдістемесі



бет1/2
Дата07.02.2022
өлшемі55,5 Kb.
#85936
  1   2
Байланысты:
ДӘЛЕЛДІ-МЕДИЦИНА-ӘДІСТЕМЕСІ


Дәлелді медицина әдістемесі
Оқытушы Жыланбаева Б.К
Аға оқытушы Рахымбаева Г.С.
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті
Қазақстан, Алматы қаласы
Мақала тақырыбында «Дәлелді медицина әдістемесі» туралы негізгіұғымдар мен қағидалар баяндалған. Сонымен қатар дәлелді медицина әдістемесінің тиімділігі айтылған.

Медициналық тұрғыда негізделген айғақтар – бұл клиникалық зерттеулердегі, сарапталатын және қорытындылайтын методологиялық тіл табысудың құралы болып табылады. Қазіргі кезде клиникалық зерттеулер жасауда сараптама қорытындысы үшін негізделген айғақтардың қажеттігі анық. Яғни, бұл «дәлелді медицина» ұғымына терең көзқарасты меңзейді. «Дәлелді медицинаның» негізгі мағынасы – бұл дәрiгерлiк тәжiрибенiң тек қана пайдалы, сапалы, ғылыми зерттеулерде дәлелдейтiн кiрiсулерiн жеке емделушiнiң емдеуiне қолдану айырмашылығы болатын медициналық практикадағы әдіс. Медицинадағы мәселенің бір түйіні - ол жай алынған жиыннан гөрі, өңдеу мен ақпараттық жинақтаудың терең айғақтарына негізделген деуге болады. Расында, дәрігердің дүниетанымдылығының өзгеруін, айғақтарда негізделген дәрігерлік кодекстің пайда болғанымен дәл айтуға болады. Қызметтік шарттарды және қауіпсіздік талаптарын сақтау арқылы үнемдеуге қол жеткізу үшін дәлелді медицинаны және клиникалық-экономикалық талдауды қолдану арқылы медициналық көмек түрлерін көрсету облысын ретке келтіру мақсатында ережелерді белгілеу және қолдану үдерісін үйлестіру негіз болады.


Дегенмен, дәлелді медицина тек рандомизирленген клиникалық зерттеулердегі анализ нәтижелерімен ғана шектелмейді. Оны медициналық ғылым және денсаулық сақтау ұйымында үйлесімділік жүйесінің жалпы мәселелерінде кез келген салада қолдануы шексіз.
Дәлелді медицинаның методологиялық рандомизирлік клиникалық зерттеулерінің методологияда қолдануында , метаанализдің клиникалық практика үшін алатын орны ерекше, дегенмен, әрбір алынған нәтижеде зерттеуге қатысқан аурулардың сол немесе өзге топқа жататынын естен шығармау керектігін талап етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет