Фигураның салмағын анықтау үшін алдымен оның массасының орталығын табуымыз керек. Бұл мақсатпен денені үстелдің шетіне сүйенетіндей етіп қою керек және үстелдің шетіндегі дене бойымен карандаш арқылы түзу жүргізу керек. Үстелдегі фигураның орнын өзгертіп, бұл операцияны қайталау керек. Екі түзу сызықтың қиылысу нүктесінде фигураның массасының орталығы орналасады.
Екі түзу сызықтың қиылысу нүктесінде денелердің массаларының центрі орналасады.
Дененің масса центрінен түзу жүргіземіз (АС түзуі, сурет 42), денеге масса центрі сол түзуде жататындай етіп гірді қоямыз, ал денені гірмен бірге үстел үстіне қоямыз, оның шеті АС түзуіне перпендикуляр болуы керек. Дене үстелдің шетіне ғана тиюі керек және тепе-теңдікте болуы тиіс. Бұл жағдайда үстелдің шетіндегі денеге байланысты барлық күш моменттерінің қосындысы нөлге тең.
Денеге үш күш әсер етеді: G тартылыс күші, үстел жағынан N күші және гір жағынан F күші, гірдің салмағы Р1 тең (сурет 43). Үстелдің шетіне байланысты N күш моменті нөлге тең, онда күш моменті ережесі бойынша мынаған тең:
G*l = P1l1, G = p1 l1/l
Дененің салмағы оған әсер ететін тартылыс күшіне тең, яғни
Р = G.
Гірдің салмағы белгілі болғандықтан, дененің салмағын өлшеу үшінG және F күштерін анықтау керек. Тапсырма 16. Түтікшеден ағып шығатын су ағыны жылдамдығының, осы түтіктегі су деңгейіне тәуелділігін зерттеңіз.
Құрал-жабдықтар: муфта мен табанды штатив; шкаласы бар шыны бюретка және резеңкелі түтік;серіппелі қысқыш;бұрандалы қысқыш;секундомер;құйғыш; кювета;суы бар стакан; миллиметрлік қағаз.
Шешуі:
Штативке вертикаль бекітілген бюреткаға құйғыш қолданып су құйыңыз. Бұрандады қысқыш көмегімен резеңке түтіктегі шығу тесігінің көлемін дұрыстаймыз. Тесіктін көлемі судың ағу уақыты тым кішкентай болмасын деп және су ағыны үзілмесін деп дұрыстаймыз. Сосын, серіппелі қысқыш арқылы бюреткадағы бастапқы су деңгейінің биіктігін жазып, t ағып кету уақытын секундомермен өлшейміз.Нәтижесінде әртүрлі h үшін V=Δh/Δtжылдамдықтарын табуға болатын t = t(h) кестесін аламыз. Тапсырма 17. Тығыздығы максимал болатын судың температурасын анықтаңыз.
Құрал-жабдықтар: t = 0°С температурадағы суы бар стакан; металл тығыршық; термометр; қасық; сағат; кішкентай стакан.
Шешуі:
Стакан көлемі бойынша температураның біркелкі таралуы үшін кішкентай қасықпен суды араластырамыз. Сосын тығыршыққа стаканды коямыз және уақытқа байланысты стакан түбіне жақын судағы температураның тәуелділігін зерттейміз. Басында температура өседі, содан соң түп жанында ізделінген шама ~ 10 минут ішінде тұрақтанады, содан кейін қайта өседі. Тапсырма 18. mg < T,T жіптің алшақтаған қүшін анықтаңыз.
Құрал-жабдықтар: ұзындығы l = 50 см бау; жіп немесе жұқа сым; сызғыш; салмағы белгісіз жүк; штатив.