Тексеру үшін: Δm шамасы қосалқы масса деп аталады. Осылай радиусы R шар үшін, қосалқы масса Δm=(2/3)ρπR3, бұндағы ρ – ортаның тығыздығы.
Тапсырма 18.
Қос маятниктің нормалы тербелісінің қанша түрі бар?
Модтардың әрқайсысын бөлек, тәжірибе жүзінде қалай қоздырады?
Модтың әрқайсысы үшін жүйенің әрекетін сипаттаңыз және модтарды олардың жиіліктерінің өсуі ретімен орналастырыңыз.
β = ΔL/L қатынасын тәжірибе түрінде анықтаңыз. Сағатты және сызғышты қолдануға тыйым салынады.
Құрал-жабдықтар: қос маятник.
Қос маятник 60 суретте көрсетілген. Үстіңгі жіп бір деңгейде орналасқан А және В нүктелерінде орналасқан. Бірдей математикалық маятниктер С жәнеD нүктелерінді үстіңгі жіпке симметриялы ілінген. Үстіңгі жіптің салбырауының арақашықтығы AL-ға, ал әр маятниктің ілгішінің биіктігі L-ға тең.
Нұсқау: нормалды тербеліс (мод) деп жүктің екеуі де бірдей жиіліктегі тербеліс жасайтын қозғалысты атайды.