Дене мәдениеті тарихы мен олимпиадалық білім пәні бойынша



бет22/56
Дата08.02.2022
өлшемі248,75 Kb.
#118183
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   56
Байланысты:
esmagambetov

Спорттық ойындар жүйесі.


Спорттық ойындардың жүйесі – гимнастикамен бірге әлемнің көптеген елдерінде таралды. Бірақ олар әр елде әр түрлі
қалыптасты. Оның негізін жоғарғы нәтижеге бағыттталған жатттығулар құрады. Ол кезде қалалық және шағын ауылдық мерекелерде акробаттар, балуандар, жүгірушілер, ауыр тасты лақтыру және көтерушілер өнер көрсетті. Солтүстікті мекендеген халықтарды шаңғы және коньки ойындары өте қызықтырды. Басқа елдермен салыстырғанда буржуазиялық спорттық ойындардың жүйесі Англияда бұрынырақ қалыптасты.
Спорттық ойындардың жүйесін қалыптастырушылардың бірі Регби қаласындағы колледждің директоры педагог Томас Арнольд болды. (1793-1842).
Томас Арнольд жеңіл атлетикамен, бокспен, жүзумен, футболмен, регбимен айналысу адамның ой-өрісіне қиын жерлерде тез әрі батыл шешім қабылдауға жақсы әсерін тигізеді деп санады.
Әсіресе ХІХ ғ. 20-30 жылдарында АҚШ-та спорттық ойындардың жүйесі жақсы нәтиже берді. Песталоццидің педагогикалық идеясы АҚШ –тың мектептері мен университеттерінде дене тәрбиесі сабағын жүргізуге әкелді.
Өткен ғасырдың 50-70 ж. жеке ойындар мен атлетикалық спорттық клубтар ашыла бастады, сонымен қатар жарыстарда көптеп өткізіле бастады. Американдық үнді тайпаларының арасында: доп ойнау, найза лақтыру, жебе тарту, ұзақ қашықтыққа жүгіру және т.б. ойындар кеңінен таралды. Англияда ХІХ ғ. аяғында революциялық қозғалыстардың күшеюімен қатар пролетариатттардың өздерін жеке күш ретінде санауы жастардың спорттық қоғамдарға баруына жол ашты.
Спорт тарихының күшеюі мен құлдырауы әлемнің алып елдерінде кезектесіп отырды. Буржуазия спортқа қанша қарсылық көрсеткенімен оған деген қызығушылық арта түсті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет