№ 14 Лекция тақырып: Қазақтың ұлттық спорт түрлері. Лекция жоспары:
Ұлттық ойындар сипаты.
Ойын өткізу ережелері мен талаптары.
Бәйге.
Бұл халық арасында ең көп тараған ат спортының түрі. Жергілікті жерлерде қысқа және орташа қашықтыққа бәйге өткізіледі, сондай-ақ ол жарысқа қатысушылардың барлығы үшін жаппай өткізілетін кросс болып та табылады. Бәйгеге спортшының тактикалық шеберлігінің үлкен маңызы бар. Өйткені аты жүйрік спортшы емес, атының шамасына қарай керек жерінде басын іркіп немесе қоя беріп, жарысты дұрыс өткізетін спортшының жеңіп кететін кездері аз болмайды.
Қостанайлық жылқы тұқымдары алысқа шапқанда төзімді келеді. Мысалы, 50-жылдары жарыс аттары алысқа жіберіліп сыналады. Сонда, 1953 жылы Алматы облысындағы Қастек қой совхозынан Қастекбай Рахметжанов бір тәулік ішінде 311,6 км жерден шауып өтіп, бүкілодақтық жоғары көрсеткішке жетті. Сөйтіп, ол Спорт шебері атағын алу құқына ие болды.
Бәйгеде классификациялық қашықтықтар 7;12 және 16 км. 7 километрлік бәйге колхоздардың, жылқы заводтарының, бұрынғы одақтың барлық қалаларында жыл сайын өткізілетін ат спорты
жарыстары бағдарламасына міндетті түрде енгізіледі. Бұл қашықтықтар бойынша разряд беріледі.
Тегіс жерде, қысқа және орташа қашықтықта кедергісіз өткізілетін жарыстарға 18 жасқа толған және одан да асқан, жаттықтырушының басшылығымен жарысқа тиісті даярланған спортшылар жіберіледі. Қашықтықтың қандай болатындығын жарысты өткізетін ұйым анықтайды., ол 7000-16000м. аралығында болады.
Жарыс тегіс жерді, айнала, тура жұмсақ жолмен тіке шауып, яки ипподромда өткізілуі мүмкін.
Жарысты өткізу шарттары мен тәртібі, киім түрі және атты дайындау жолдары, сондай-ақ қауіпсіздік шаралары аламан бәйгідегідей.
Достарыңызбен бөлісу: |