Бәйгіде қатысқандардың барлығы да орындарына сәйкес, яғни 1-ші орын-дағы- бір, екінші орындағы- екі, 3- ші орындағы- үш, т.с. ұппай алады. Егер жарыс аттары көп болып, бірнеше бөлініп жіберілген болса, онда орындар әрбір бәйгеге қатысушының көрсеткен уақыты бойынша анықталады. Егер сөреден бірдей уақытта өткендер болса, атының басы сәл алда жүрген спортшы жеңген болып есептеледі.
Аламанбәйге
Аламанбәйге жасы 20-ға толған және одан асқан, жаттықтырушы жеткілікті дәрежеде даярлықтан өткен спортшыларға қатысуға рұқсат етіледі. Жарысқа әбден жаратылған төзімді аттар таңдалынып алынады. Кез келген тұқымның аттарын бәйгеге қосуға рұқсат етіледі. Қашықтықты әрбәр жарыста оны өткізетін ұйым белгілейді. Ондайда жарыстың мақсаты мен сипаты ескеріледі., соған орай аттардың шабатын қашықтығы 20 км-100 км-ге дейін болуы мүмкін, қазіргі уақытта жарыс айналып шабатын, сондай-ақ жұмсақ жолы бар иппдромда өткізіледі.
Жеңімпаздыанықтау. Бәйгеге шабатын жерде жарысқа қатысушылардың алды сызықпен белгіленеді. Жарысушылардың қасында болатын төрешінің белгісі бойынша спортшылар сызықтың алдына сапқа тұрады. Мұнда аттың алдыңғы тұяқтары сапқа тұрады. Сызықтан өтпеуі тиіс. Төреші жалауша көтеріп,
«Ал дайындалыңдар» деген белгі береді. Осы кезде жарысушылар
аттарының тізгінін тежеп, сақ тұрулары керек. «Тартыңдар» деген бұйрық және жалаушаны төмен түсірген белгі бойынша спортшылар шауып жөнеледі.
Қауіпсіздікшаралары. Шабандоз атта тікейіп отыруы керек. Тізгінді үнемі жинап ұстау қажет. Шабандоздың өкшесі башпайларының деңгейінен төмен болуы тиіс.