Алаңға әртүрлі бағытта 20 кегель орнатылған (әр түстен 10 кегельден). Команда берілген кезде екі баладан шығып, өз кегельдерін жинауға кіріседі. Кегельдердің бәрін жинап алып, өз «үйіне» бірінші болып оралғандар жеңеді.
№5 ҚОСЫМША
ҚИМЫЛ-ҚОЗҒАЛЫС ОЙЫНДАРЫ
«Түрлі түсті автокөліктер»
Балалар залдың шетіне орналасады. Олар – автокөліктер. Әр балаға түрлі түсті шеңбер – руль беріледі. Педагог қолына түрлі түсті жалаушалар ұстап, залдың ортасында тұрады. Бір кезде белгілі бір жалауды жоғары көтереді. Қолындағы шеңбері жалаумен түстес балалар залды айналып кез келген бағытта жүгіреді. Олар гуілдеп, автокөлік айдап бара жатқандай қимылдар жасайды. Педагог жалауды түсірген кезде балалар тоқтайды. Педагог басқа түсті жалауды көтерген кезде басқа балалар жүгіреді. Педагог бір, екі немесе үш түсті жалауды бірге көтеруіне болады. Онда барлық автокөліктер жолға шығады.