Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары № 54
Білім беру саласы: Денсаулық. Коммуникация Бөлімі: Денешынықтыру.
Тақырыбы: Шаңғымен жүру. (Таза ауада өткізу)
Мақсаты: Спорттық жаттығулар арқылы ептілік пен төзімділікті қалыптастыру.
Міндеттері: шаңғымен жүру кезінде динамикалық тепе-теңдікті сақтауға үйрету. Ептілікті, төзімділікті, өз күшіне сенімділікті дамыту. Спортпен айналысу, салауатты өмір салты машықтарын тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже:
жасайды: дайындық жаттығулары, шаңғымен баса және сырғи отырып жүру. түсінеді: шаңғыны алып жүру кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау, денені тік ұстау, аяқты тізеден аздап бүгу. қолданады: кеңістікті бағдарлауды, жүрген кезде тепе-теңдікті сақтауды.
Достарыңызбен бөлісу: |