Наркотики и дети: как сохранить будущее» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
М.Горький атындағы орталық кітапханада оқу залында «Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. «Зиянды заттар зардаптары» атты бөлімінде есірткіден сақтануға, темекінің, арақтың зияны туралы кітаптар орналастырылды.
№2 балалар кітапханасында «Зиянды әдеттен аулақ бол» атты №3 және №27 мектептердің 4-сынып оқушыларымен әңгімелесу өткізілді.
Кітапханашы салауатты өмір салты туралы ақпарат беріп, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу, таза жүру, уақытты бос өткізбеу, кітап оқу, зиянды әдеттерге жоламау туралы әңгімелеп берді.
№7 кітапхана-филиалы «Айгерім» аула клубымен бірлесіп, «Дені сау ұрпақ-жарқын болашақ» тақырыбында спорттық бағдарлама өткізді. Балаларды «Солнце» және «Радуга» атты екі командаға бөліп, жарыс ұйымдастырылды, эстафеталық- ойындар «Кенгуру», «Разноцветные обручи», «Второй лишний», «Паровозик», «Непослушные шары», «Кот в сапогах» өткізілді. Балаларға жұмбақтар жасырылды.
Достарыңызбен бөлісу: |