Дәрі Химиялық және фармацевтикалық технологияның негізгі процестерін жіктеу. Химиялық өндірісті оңтайландыру



бет85/103
Дата14.03.2023
өлшемі2,23 Mb.
#172330
түріҚұрамы
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   103
Байланысты:
книга ПАХТ

Булану өлшегіштері - су бетінен булануды өлшеу үшін қолданылатын аспаптардың толық жинағы. Мұндай толық жинаққа буландырғыш ГГИ-3000, жер бетіндік көлемдік бюретка, өлшегіштік түтік керек.
Б
улануды есептеу
(Расчет испарения) -жер бетінің ылғалдық булануы жөнінде нақты деректер болмаған кезде булану мөлшерін есептеулер арқылы анықтау тәсілі.
Буланғыштық (Испаряемость) - белгілі бір метеорологиялық жағдайда жеткілікті ылғалданған, төселген беттен мүмкін болатын ең көп булану (буландыру бетіне су беру жылдамдығы қанша үлкен болса да) шамасы. Әдетте, Буланғыштық шамасы ретінде су бетінен булану мөлшерін немесе тұрақты толық ылғалданған топырақ бетінен булану шамасын алады. Суқойма бетінен буланған су қабатының қалыңдығымен (мм) өлшенеді. Топырақ пен өсімдік бетінен (әсіресе шөлдерде) буланудан айтарлықтай дәрежеде ерекшеленуі мүмкін. Буланғыштық -жердің бетінен және су айдынынан белгілі бір ауа райы жағдайында судың барынша булану мөлшерін сипаттайтын шартты өлшем. Буланғыштық мм-мен өлшенеді. Судың бетіндегі буланғыштық әрқашан нақты буланған су мөлшеріне тең. Құрлықта топырақ суға толық қаныққанда ғана нақты буланған су мөлшеріне тең болады. Буланғыштық өлшемі және оның жанама сипаттамалары жер бетіндегі ылғалдылық мөлшерін анықтайтын көрсеткіштердің бәріне кіреді. Заттың сұйық күйден газ күйіне өтуі булану, ал заттың газ күйінен сұйық күйге өтуі конденсация деп аталады. Булану процесінің заттың ішкі энергиясының артуымен, ал конденсация процесінің оның кемуімен қатар жүретінін еске сала кетейік. Демек, булану және конденсация зат пен қоршаған ортаның арасындағы энергия алмасу процесі кезінде өтеді екен. -
Конденсация (газдың сұйыққа айналуы; лат. condensatio -тығыздалу, қоюлану) -заттың газ қалпынан сұйыққа айналуы немесе қатаюы. Конденсация белгілі бір шектеулі температурадан төмен жағдайда ғана болуы мүмкін. Мысалы, будың суға айналуы ылғалдылық молайып, температура төмендегенде, буға қаныққан ауаның қозғалысы температурасы жоғары жақтан төменге карай ығысуынан болады. Конденсация тұман және бұлт қалыптасуы түрінде білінеді. Конденсация температураның төмендеуінен немесе қысымының өзгеруінен болады. Булануға қарама-қарсы процесс.
Булану кебу және қайнау түрінде жүреді.
Кебу. Сұйықтың газ түріндегі ортамен немесе вакууммен шектесіп жататын еркін (ашық) бетінен пайда болатын булануды кебу деп атайды. Кебу процесін молекулалы-кинетикалық теория тұрғысынан қарастырайық. Өзіміз білетіндей, сұйық молекулаларының энергиясы артуы тиіс. Демек, сұйықты тастап кету үшін молекула өзінің кинетикалық энергиясының азаюы есебінен жұмыс атқарады. Сұйықың беткі қабатында хаосты қозғалып жүрген молекулалардың ішінен сұйықты тастап кетуге тырысатын молекулалар табылады. Осындай молекула беттік қабатты тастап шығар кезде оны сұйыққа қарай тартатын күш пайда болады. Сондықтан сұйықтан тек кинетикалық энергиясы қалыңдығы rм қабаттағы молекулалық күштердің қарсылығын жеңуге қажетті жұмыстан артық болатын молекулалар ғана ұшып шығады, мұндағы rм –молекулалық әрекет радиусы. Сұйықты тастап шыққан молекулалар жиынтығы оның бетіндегі буды түзеді. Сұйықты кинетикалық энергиясы біршама үлкен молекулалар тастап шығып, ал онда кинетикалық энергиясы төменірек болатын молекулалар қалатын болғандықтан, сұйықта қалатын молекулалардың ілгерлемелі қозғалысының Wк.ілг орташа кинетикалық энергиясы кебу кезінде азаяды, яғни кебу кезінде сұйық суйды.
Қайнау. Буланудың көп тараған екінші түрі- сұйықтардың қайнауы болып табылады. Тәжірибенің негізінде сұйықтың қайнау температурасы тұрақты қалатыны тағайындалған. Сұйықтың барлық көлемде және тұрақты температурада өтетін булану қайнау деп аталады. Енді қайнау процесінің ерекшеліктерін анықтайық. Шыны колбаға су құйып, оны қыздыру процесін бақылайық. Суды қыздырған кезде колбаның түбінде және қабырғаларында газдың көпіршіктері пайда болады. Олардың қалай пайда болатынын қарастырайық. Қатты дене бетінің газ молекулаларын ұстап тұру қасиеті болады, олар оған жабысып қалатын секілді. Газ молекулаларының қатты дененің бетіндегі молекулаларға «жабысып» қалуы адсорбция, ал қатты дененің бетімен байланысқан газды адсорбталған деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет