Дәрі Химиялық және фармацевтикалық технологияның негізгі процестерін жіктеу. Химиялық өндірісті оңтайландыру


Нақты сұйықтар қозғалысының негізгі теңдеуі



бет24/103
Дата14.03.2023
өлшемі2,23 Mb.
#172330
түріҚұрамы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   103
Байланысты:
книга ПАХТ

Нақты сұйықтар қозғалысының негізгі теңдеуі
Нақты сұйықтар қозғалысында оған сұйықтың тұтқырлығы мен оның қозғалыс тəртібінің əсерінен ішкі үйкеліс күштері, сонымен бірге құбыр қабырғасымен үйкеліс күштері пайда болады. Туындаған гидравликалық кедергілерді жеңу үшін ағын энергиясының біраз бөлігі жұмсалуы тиіс. Яғни, нақты сұйықтың қозғалысындағы энергиялық балансты сақтап тұру үшін Бернулли теңдеуінiң оң бөлiгiне жоғалған тегеурінді көрсететiн мүше енгiзілуi керек. Сонда нақты сұйықтарға арналған Бернулли теңдеуі былай жазылады:

Жоғалған тегеурін тұтқырлы сұйықтың қозғалысындағы гидравликалық кедергiнi жеңуге жұмсалатын меншiктi энергияны сипаттайды.
Тұтқырлы сұйықтардың ағуы. Навье-Стокс теңдеуі. Нақты тұтқырлы сұйықтарды қарастырғанда, сұйықтар ағынына гидростатикалық қысым мен ауырлық күшінен басқа үйкеліс күші де əсер етеді.
Осы күштердің сұйықтар ағынына əсерінен тұтқырлы тамшылы сұйықтың ағысын сипаттайтын Навье-Стокс теңдеуі алынады.

Теңдеудегі сəйкес субстанционалдық туындылар тұрақталмаған да, тұрақталған да сұйық ағындары үшін жазылуы мүмкін.
Теңдеудің оң жағы бірлік көлем массасының ρ үдеулік проекцияға, яғни сұйықтың ағуындағы туындайтын инерциялық күшке көбейтіндісін көрсетеді.
Теңдеудің сол жағындағы ρg көбейтіндісі ауырлық күшінің əсерін көрсетеді, жеке туынды , , -гидростатикалық қысымды, ал тұтқырлықтың жылдамдық проекциясының екіншілік туындысына көбейтіндісі – ағатын сұйыққа əсер ететін үйкеліс күшінің əсерін көрсетеді. Теңдеудің əрбір мүшесі сұйық көлемінің бірлігіне сəйкес күштің өлшемінде болады.
Тұтқырлы сұйықтың ағуын толық сипаттау тек НавьеСтокс теңдеуі мен ағынның үзіліссіздігінің дифференциалдық теңдеуін бірлестіре шешу негізінде ғана болуы мүмкін. Бірақ Навье-Стокс теңдеуі жалпы түрде шешілуі мүмкін емес.
Ұқсастықтар теориясы жəне критерийлер. Навье-Стокс теңдеуі өте күрделі жəне оны шешу өте қиын. Сондықтан бұл теңдеуді ұқсастықтар теориясы тəсілімен түрлендіріп шешеді.
Ұқсастықтар тəсілімен түрлендіргенде сұйықтар ағынына өлшемсіз ұқсастық сандар алынады.
,
Фруд саны. Бұл критерий сұйық ағысына ауырлық күшінің əсерін, яғни ұқсас ағындардағы инерция күшінің ауырлық күшіне қатынасын көрсетеді.
,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет