ДӘРІЛІК ТҮРЛЕР ТЕХНОЛОГИЯСЫНДА ДОЗАЛАУ
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
Фармацевтикалық технологиядағы дозалау
Дозаларды жіктеу
Дәрілік түрлер технологиясында дозалау
Масса бойынша дозалау
Көлем бойынша дозалау
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Доза – салмақтық, көлемдік және шарттық (биологиялық) бірліктер өрнегінде анықталатын дәрілік заттардың белгілі саны.
Дозалау дәлдігі – жеке таблеткалар массасында рұқсат етілген нормалардан ауытқулар болмауы керек. Және де, таблеткадағы дәрілік заттардың құрамы да, рұқсат етілген нормалардан аспау керек.
Беріктілік – орау, тасымалдау және сақтау процестері кезінде таблеткалар механикалық әсерлер нәтижесінен үгілмеу қажет.
Ыдырау – таблеткалар, нормативтік-техникалық құжаттамаларды көрсетілген мерзімде ыдырау керек (сұйықтықта бұзылады).
Ерігіштігі – таблеткалардан сұйықтыққа әсер етуші заттардың босатылуы (бөлінуі) белгілі уақыттан аспауы керек. Ерігіштікке организмге әсер етуші заттардың түсу жылдамдығы және толықтығы тәуелді болады (биологиялық қол жетімділігі).
Бұл талаптарға таблеткалардың сәйкес болуы үшін таблеттеленетін ұнтақтар (грануляттар) белгілі технологиялық қасиеттерге ие болуы керек.
Фракциялық (гранулометрлік) құрамы. Бұл ұсақтылығы бойынша ұнтақтар бөлшектерін үлестіру. Фракциялық құрамын анықтауды әрбір фракцияны өлшеу және пайыздық құрамын есептеудан тұратын, елеуіш жиынтығынан ұнтақтарды елеу арқылы жүргізеді.
Фракциялық құрамы ұнтақтар бөлшектерінің формасына және өлшеміне тәуелді. Заттардың көбінде бөлшектер анизодиаметрлік (симметриялық емес). Олар созылған формалы болуы мүмкін (таяқшалар, инелер және т.с.с.). Дәрілік ұнтақтардың кіші бөлігі изодиаметрлік бөлшектерден болады (симметриялық) - куб, көпқырлы және т.б. формада.
Себілмелі тығыздығы (масса). Ұнтақ көлемінің бірлік массасы. Килограммның кубтық метрге қатынасымен сипатталады (кг/м3). Еркін себілмелі тығыздықты – (минималды немесе аэрируемді) және вибрациялық (максималды) себілмелі тығыздықты ажыратады. Еркін себілмелі тығыздығын ұнтақты белгілі көлемге (мысалы, өлшегіш цилиндр) себу, кейін өлшеу арқылы анықтайды. Вибрациялық себілмелі тығыздықты, ұнтақ үлгісін цилиндрге себу және вибрациялық тығыздалудан кейін көлемін өлшеу арқылы анықтайды. Себілмелі тығыздық фракциялық құрамға, ылғалдылыққа, бөлшектер формасына, материалдың тығыздығына (нағыз) және кеуектілігіне тәуелді болады.
Материалдың нағыз тығыздығы деп затта кеуектері (бом орындар) болмаған кездегі көлем бірлігінің массасын айтады.
Себілмелі тығыздық ұнтақтардың сусылмалылығына және дозалаудың дәлдігіне әсер етеді. Ол технологиялық көрсеткіштердің қатарын есептеу үшін қолданылады.
а) Вибрациялық тығыздалудың коэффиценті(Кv) вибрациялық (рv) және еркін (рn) тығыздықтар айырмашылығының вибрациялық тығыздыққа қатынасын анықтайды.
Кv кіші болған сайын, дозалау дәлдігі жоғары болады.
б) Салыстырмалы тығыздықты себілмелі тығыздығының материалдың тығыздығына (нағыз) қатынасымен пайызбен есептейді.
Салыстырмалы тығыздық ұнтақ материалының алатын кеңістіктің бөлігін сипаттайды. Салыстырмалы тығыздық аз болған сайын, таблетка алу үшін қажетті ұнтақтың көлемі көп болады. Бұл таблеткалы машинаның өнімділігін және дозалау дәлдігін кемітеді.
Сусылмалылығы (ақыштығы) – комплекстік параметр, үздіксіз тұрақты ағынды түзе отырып, материалдың сыйымдылықтан, өзінің ауырлық күші әсерінен себілу қабілеттілігін сипаттайды.
Сусылмалылық келесі факторлар әсерінен жоғарлайды: бөлшектер мөлшерінің және себілмелі тығыздығының, бөлшектердің изодиаметрлік формасының үлкеюі, бөлшекаралық және сыртқы үйкелудің және ылғалдылықтың кемуі. Ұнтақтарды өңдеген кезде олардың электризациясы (беттік зарядтардың түзілуі) болуы мүмкін, бұл бөлшектердің машинаның жұмыс бетіне және бір-біріне жабысуына әкеледі, сусылмалылықты нашарлатады.
Сусылмалылықты негізінен 2 параметр сипаттайды: себілу жылдамдығы және құламаның бұрышы.
Себілу жылдамдығы – уақыт бірлігінде, вибрацияланған конустық воронканың белгіленген өлшемді саңылаудан себілетін ұнтақ массасы (г/с).
Сусылмалы материалдың воронкадан көлденең жазықтыққа себілген кезде, ол жазықтық бойынша шашырайды, конус тәрізді төбешік түрінде болады. Түзілетін конустың және төбешік негізі арасындағы бұрышты құламаның бұрышы деп атайды, градуспен сипатталады.
Вальтер М.Б. және басқа авторлар материалдың сусылмалылық классификациясын ұсынған болатын. Себілу жылдамдығына және құламаға байланысты барлық материалдарды 6 классқы бөлді. Жақсы сусылмалылық – себілу жылдамдығы 6,5 г/с астам және бұрышы 280 кем , жаман - сәйкес, 2 г/с кем және 450 астам.
Ылғалқұрамдылық (ылғалдылық) – ұнтақта (гранулятта) ылғалдың проценттік құрамы. Ылғалқұрамдылық ұнтақтардың сусылмалылығына және престелуіне үлкен әсер етеді, сондықтан таблеттеленетін материал әрбір зат үшін оптималды ылғалды болу керек.
Ылғалқұрамдылықты зерттелетін үлгіні 100-1050С температурада тұрақты массаға дейін кептіру арқылы анықтайды. Бұл әдіс дәлді болып табылады, бірақ өзінің ұзақтығына байланысты ыңғайсыз болып келеді. Тез анықтау үшін инфрақызыл сәулелермен кептіру әдісін қолданады (бірнеше минутта экспресс-влагомерларда).
Ұнтақтардың престелуі – бұл қысым астында өзара тартылу және тіркеу қабілеттілігі. Бұл қабілеттілікті көрсету дәрежесіне таблеткалар беріктілігі тәуелді, сондықтан таблеткалардың престелуін таблеткалардың Ньютон (Н) немесе МегаПаскаль (МПа) қысуларында беріктілігі бойынша сынайды. Бұл үшін массасы 0,3 немесе 0,5г болатын ұнтақ үлгісін диаметрі 9 немесе 11 мм болатын матрицада 120 МПа қысым астында престейді. Престелу, егер беріктілік 30-40 Н құраса, жақсы деп саналады.
Престелу бөлшектердің формасына (анизодиаметрліктер жақсы престеледі), ылғалдылыққа, ішкі үйкелуге, ұнтақтардың электризациясына тәуелді.
Матрицадан таблеткаларды итеру күші. Матрицаның қабырғасы және таблетканың шеткі беті арасындағы үйкелуді және тіркелуді сипаттайды. Итеру күшін ескере отырып қосалқы заттарды қосылуын болжамдайды.
Итеру күші ұсақ фракциялардың, ұсақталудың, оптималды ылғалдылықтың және престеу қысымының үлкен пайызында арттады. Итеру күшін (Fv) Ньютонда және итеру қысымын (Рv) ескереді, келесі формула бойынша анықтайды, МПа:
, мұндағы
Sb –таблетканың шеткі беті, м2
3. Дәрілік ұнтақты материалдарды престеу әдісі қатты фазада материалдарды қосу процесіне жатады ("суық сварка"). Престеудің барлық процестерін схемалық түрде 3 стадияға бөлуге болады. Бұл стадиялар өзарабайланысты, бірақ әрбіреуінде бір – бірінен өзгешеленетін механикалық процестер өтеді.
Бірінші стадияда бос орындарды толтыру арқасында деформациясыз бөлшектердің жақындауы және тығыздалуы жүреді. Екінші стадияда ұнтақ бөлшектерінің серпімді, пластикалық және морттық деформациясы пайда болады, олардың өзара сырғанауы және тұтастық (компактты) дененің түзілуі жүреді, бұл дене механикалық берікті болады. Үшінші стадияда түзілген тұтастық дененің көлемдік сығылуы жүреді.
Престеу кезінде бірнеше ұнтақ бөлшектерін біріктіру механизмдерін ажыратады:
Берікті контакт дұрыс емес формалы бөлшектердің механикалық тіркелуі немесе олардың бөлшекаралық кеңістікке енуі нәтижесінде түзілу мүмкін. Бұл жағдайда – бөлшектердің беті күрделі болған сайын, таблетка престелуі берік болады.
Қысым астында престелу бөлшектердің жақындауы жүреді және молекулааралық күштердің және электростатикалық әрекеттесудің көрінуіне жағдай жасалады. Молекулааралық тартылу күштері (Вандер- Ваальс) бөлшектердің 10-6-10-7см аралыққа жақындауынан көрінеді.
Престеу процесіне, престеленетін материалда болатын, ылғалдылық әсер етеді. П.А.Ребиндердің теориясына сәйкес бөлшекаралық әрекеттесу күштері қатты бөлшектердің бетіндегі сұйық фазаның болуымен анықталады. Гидрофильді заттарда адсорбциялық су қалыңдығы 3мкм дейін болатын қабықша қалың және берік байланысқан болып табылады. Бұл жағдайда таблеткалар жоғары берікті болады. Ылғалдылықтың төмендеуі де, жоғарылауы да таблеткалар беріктілігінің төмендеуіне алып келеді.
Контактылардың түзілуі (қатты көпіршілер) қысым астында балқыту немесе химиялық байланыстардың түзілу нәтижесінде болуы мүмкін.
4. Таблеткалау үшін арналған қосалқы заттардың негізгі топтары
Қосалқы заттар таблеттеленетін ұнтақтарға қажетті технологиялық қасиеттер береді. Олар таблеткалардың қасиеттеріне әсер етеді, сонымен қатар дәрілік заттардың биологиялық қол жетімділігіне әсер етеді, сондықтан әрбір таблеттеленетін дәрілік препарат үшін таңдалатын қосалқы заттар ғылыми түрде түсіндірілуі қажет.
Барлық қосалқы заттарды тағайындалуы бойынша бірнеше топтарға бөлінеді:
Толтырғыштар (сұйылтқыштар) – бұл, әсер етуші заттардың кішігірім дозасы бар, таблетканы белгілі массаға келтіру үшін қолданылатын заттар. Бұл мақсаттар үшін жиі сахарозаны, лактозаны, глюкозаны, натрий хлоридін, магний карбонатын және т.б. қолданады. Қиын ерігіш және гидрофобтық дәрілік заттардың биоқолжетімділігін жақсарту мақсатында негізінен суда еритін сұйылтқыштарды қолданады.
Байланыстырғыш заттар таблеткалардың және гранулалардың қажетті беріктілігін қамтамасыз ету үшін гранулдауда қолданады. Бұл мақсатта суды, этил спиртін, желатин ерітінділерін, крахмалды, қантты, натрий альгинатын, табиғи камедьті, целлюлоза туындыларын (МЦ, NaКМЦ, ОПМЦ), поливинилпирролидонды (ПВП) және т.б. бұл заттар тобын қосқанда таблеткалардың ыдырау мүмкіндігінің нашарлауын және дәрілік заттың босатылу жылдамдығын ескеру қажет.
Қопсытқыштар таблеткалардың қажетті ыдырауын немесе дәрілік заттардың еруін қамтамасыз ету үшін қолданады. Әсер ету механизмі бойынша қопсытқыштар үш топқа бөлінеді:
а) Ісіңетін – сұйық ортада ісіңу кезінде таблетканы жарады. Бұл топқа альгин қышқылының ұнтақтары және тұздары, амилопектин, МЦ, NaКМЦ, ПВП және т.б. жатады.
б) Суландыруды және суөткізгіштігін жақсартатындар – крахмал, твин -80 және т.б.
в) Газтүзгіш заттар: лимон және шарап қышқылының натрий гидрокарбонатымен немесе кальций карбонатымен қоспасы - қоспа компоненттері еріген кезде көміртек диоксидін бөледі және таблетканы жарады.
Сырғанатын және майлайтын (антифрикциялық және антиадегезиялық) заттары – бөлшектердің бір-бірімен және пресс-инструменттің бетімен үйкелуін төмендетеді. Бұл заттар өте ұсақ ұнтақтар түрінде қолданылады.
а) Сырғанатындар – таблеттеленетін заттардың сусылмалылығын жақсартады. Бұл крахмал, тальк, аэросил, полиэтиленоксид 400.
б) Майлайтындар – матрицадан таблеткаларды итеру күшін төмендетеді. Бұл топқа стеарин қышқылы және оның тұздары, тальк, көмірсутектер, полиэтиленоксид 4000.
Сонымен қатар жоғарыда көрсетілген заттар ұнтақтардың пуансондарға және матрица қабырғаларына жабысуын болдырмайды және бөлшектер бетінен электростатикалық зарядтарды шешеді.
Бояғыштарды таблетка құрамына сыртқы түрді немесе терапевтикалық топтың тағайындалуын жақсарту үшін қосады. Бұл мақсатта титан диоксиді (ақ пигмент), индигокармин (көк), қышқылды қызыл 2С, тропеолин (сары), руберозум (қызыл), флаворозум (сары), церулезум (көк) және т.б. қолданылады.
Корригенттер – иісті және дәмді жақсарту үшін қолданлатын заттар. Бұл мақсаттар үшін қантты, ванилинді, какаоны және т.б. қолданады.
Жанама құбылыстардың (мысалы, шырышты қабықшаны тітіркенуі) болу мүмкіндігіне байланысты кейбір қосалқы заттар мөлшері шектелген болып келеді. Мысалы, МФ ХІ бойынша таблетка массасынан твин-80, стеарин қышқылының және оның тұзының мөлшері 1%-дан аспауы керек, тальк 3%, аэросил 10% .
5. Таблеткалар алудың үш технологиялық схемасы кең таралған: ылғалды, құрғақ гранулдауды және тура престеуді қолдану арқылы.
Технологиялық процесс келесі сатылардан тұрады:
Дәрілік және қосалқы заттарды дайындау.
салмағын өлшеу;
ұсақтау;
елеу;
Ұнтақтарды араластыру.
Гранулдау (тура престеу кезінде сатысы болмайды).
Престеу.
Таблеткаларды қабықшамен жабу (саты болмау мүмкін).
Сапаны сынау.
Орама, маркировка.
Технологиялық схеманы таңдау дәрілік заттардың технологиялық қасиеттерімен анықталады.
Аса тиімді тура престеу (гранулдау сатысыз), бірақ бұл процесі үшін престеленетін ұнтақтар оптималды технологиялық қасиеттерге ие болу керек. Мұндай сипаттамаларға тек қана кішігірім гранулданбаған ұнтақтар саны ие болады, натрий хлориді, калий иодиді, натрий бромиді және т.б.
Тура престеуге дәрілік заттарды дайындау әдістерінің бірі бағытталған кристаллизация әдісі болып табылады. Әдіс, белгілі кристаллизация жағдайларын таңдау арқылы оптималды технологиялық қасиетті кристаллдық ұнтақтарды алуға негізделген.
Кейбір дәрілік ұнтақтардың технологиялық сипаттамаларын, қосалқы заттарды таңдау арқылы жақсартуға болады. Дегенмен, дәрілік заттардың көп бөлігі аса күрделі дайындықты – гранулдауды қажет етеді.
Гранулдау – бұл ұнтақ тәрізді материалдың белгілі өлшемді бөлшектерге (дәндерге) айналу процесі. Ажыратады: 1) ылғалды гранулдау (ұнтақты гранулдау процестің алдында немесе процесінде ылғалдандыру арқылы) және 2) құрғақ гранулдау.
Достарыңызбен бөлісу: |