Дәріс №1 Басқару психологиясына кіріспе. Дәріс мақсаты



бет4/12
Дата23.02.2022
өлшемі30,59 Kb.
#132991
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Дәріс 1

Басқару іс-әрекеті. Басқару жүйесінің бөлінбейтін бөлігі басқару функциялары болып табылады. Басқару функциялары басқару іс-әрекетінің нақты формалары мен бағыттары.
Басқарудың ұйымдастырушылық, жобалаушылық, материалды-техникалық, есеп және бақылау, саяси құқықтық және стимулдау функциялары қарастырылады. 
Стимулдау функциясы – басқару жүйесінің тиімділігін жоғарылататын маңызды факторлардың бірі. 
Стимулдау функциясы орындаушылық әрекеттің қажетті деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған. Сол мақсатқа байланысты жүйеде орындаушылық құрылымның алдыға қойылған міндеттерді орындауда моральды жән,е материалды қызығушылықтарына байланысты жағдайлар жасалады. 
Аталған функциялардың барлығы басқару процесінде бір-бірімен тығыз байланысты және жиі жағдайда бір уақытта жүзеге асады. Функциялардың жүзеге асуы басшының тәжірибесіне, кәсіби даярлығына, басқару міндеттерін шешудегі арнайы білімдері мен дағдыларының болуына, индивидуалды қабілеттеріне, денсаулық жағдайына және тағы басқаларға тәуелді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет