Дәріс 1 Экологиялық ресурстанудағы табиғи ортаны қорғау, табиғат байлықтарын тиімді пайдалану принциптері Жоспар


Дәріс 13 Минералды-шикізат қоры – табиғи экологиялық ресурстардың қомақты бөлігі



бет38/45
Дата07.02.2022
өлшемі0,52 Mb.
#88465
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   45
Дәріс 13
Минералды-шикізат қоры – табиғи экологиялық ресурстардың қомақты бөлігі

Қазақстан үлкен минералды-шикізат қорына ие мемлекет. Тау кен өндірісі ІЖӨ 7%-ын құрап отыр. Елімізде Уранның - 18%, хромиттің 30%, мыстың 10%, қорғасынның 12%, цинк 13% шоғырланған. Ал енді өндіру жағына келетін болсақ, Қазақстан Уран өндіруден бірінші орын, хром өндіруден 3 орын, цинк ерітуден жетінші орын және қорғасын өндіруден сегізінші орын.


Қара металлдарды өндіру негізінен ішкі нарыққа бағытталған, негізінен машина құрастыруға. Дегенмен, кей бағалауларға сәйкес, металлургиялық саладағы өнімнің 80%-ы түрлі бағытқа экспортталады, ең алдымен Үндістан, Қытай, Жапония, Германия, және Австралия.
Қазақстандағы Уранның қоры 900 мың тн. бағаланып отыр. Осылайша Уран қоры жөнінен Қазақстан Австралиядан кейін екінші орынға шығып отыр. Соңғы 10 жылда елімізде уран өндіру күрт өсті (шамамен 10 есе). Басында Қазақстан, 2000 жылдары шамамен жылына 2-3 мың тонна уран өндірген болатын, ол өз кезегінде ірі Уран өндірушілерден (Австралия және Канада) әлдеқайда төмен болатын. Дегенмен, 2006 ж бастап өндіріс қарқыны өсе бастады. 2012 ж өндіріс 21 мың тн көрсетті. Бұл Австралия мен Канаданың бірегей уран шығаруынан көп. Алға озу арқылы, есте сақтарлық жай, еліміздің стратегиялық қызығушылығы уран байытуда және ядролық отын өндіруде екендігі. «Қазатомпром» ұлттық атом компаниясы технологиялық базасы саласын дамыту мақсатында «Areva» және«Cameco» сияқты әлемнің жетекші компанияларымен әріптестікке қол қойды.
Уран кен орындары негізінен Созақ ауданында, Қызылорда, Маңғыстау, Қордай, Атбасар ауданында және Көкшетаудың бірнеше аудандарында орналасқан.
«Қазатомпром» ҰАК қазіргі таңда «Toshiba» бірігіп өңдеу зауытын, «Росатомпром» компаниясымен байыту фабрикасын салып жатыр, таблеткаларды жапондық және қытайлық компаниялармен бірігіп шығару жоспары қарастырылған.
Еліміз әлем бойынша қорғасын мен цинктің қоры бойынша бірінші орынға ие. Бұл металлдарды өндіруде «Казцинк», «Южполиметалл» сияқты отандық компаниялар негізгі рөл атқарады. «Казцинк» тау кен өндіріс саласындағы алдыңғы технологияларды белсенді түрде қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет