Марганец. Қазақстанда 11 марганец кен орны бар, ең ірі кен орындарына Орталық Қазақстандағы Атасу және Жезді жатады. Мұндағы рудалардың 27%-ына жуығы марганец. Марганец кендері Ұлытау, Сарыарқа, Қаратау, Маңқыстау өңірлерінен де табылды. Республикадағы марганец рудасының қоры 408 млн тоннаны құрайды. Дүние жүзі бойынша 2-ші орында.
Хром. Хромның қоры бойынша Оңтүстік Африкадан кейін екінші орынға ие. Қазақстанда хром өндіру 2010 ж 3,8 млн тн жеті. Хром өндіру бойынша еліміз Үндістан мен Оңтүстік Африкадан кейінгі 3 орынға тұрақтады. Хром өндіруден елімізде көшбасшы компания ENRC болып табылады.
Хромит кен орындарының 99%-ы Мұғалжар тауларында кездеседі. Кемпірсай және Дөң тобына жататын кен орындары жоғары сапалы рудалармен әйгілі. Қазақстан хромит кенінің барланған қоры мен жылдық өндірілетін мөлшері жөнінен дүние жүзінде екінші орынға шықты. Олар тоттанбайтын болат қорытуға қажет. Хром әлемнің 40 еліне шығарылады. Хромит кендері Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында да ашылды. ТМД елдеріндегі хромиттің 97 %-ы Қазақстанда өндіріледі. Оның 21 кен орны есепке алынған. Жалпы қоры 430 млн т. Никель. Никельдің едәуір коры Мұғалжар таулы ауданында үгілген тау жыныстары құрамында шоғырланған. Никельдің 40-тан аса ірі кені Ақтөбе облысындағы Кемпірсай кен орнының үгілу қыртысындағы Бұрақтал кеніштеріне де шоғырланған. Қостанай облысындағы Аққара, Ақтау кендерінің коры мол, сапасы жоғары. Никель кен орындары Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында да бар.
Алюминий. Қазақстанда алюминийдің негізгі шикізаты боксит. Ашылған 200 кен орнының 50-ден астамы платформалық типке жатады. Негізгі кен орындары Сарыарқаның солтүстік-шығысында Акмола және Торғай ойысында (Арқалық торабы). Бұлардағы боксит коры онша көп емес. Сондықтан құрамында глиноземы бар басқа шикізат көздерін (нефелин рудасы, Екібастұз көмірінің қалдығы) пайдалану жолдары іздестірілуде. Қазақстан алюминий өндіру жөнінен ТМД елдері арасында алдыңғы орындардың бірін алады.
Мыс.Мыс өндіру Қазақстанда келешегі бар бағыт болып табылады. Қазақстан дәлелденген мыстың 40 млн. тн қоры бойынша мысқа бай алғашқы төрттік мемлекеттің құрамына кіреді. 2010 ж еліміз мыс өндіру бойынша ірі деген 10 елдің бірі болды. Қазақстандағы мыс өндіруші негізгі компания «Казахмыс» болып табылады. Қазіргі таңда “RioTinto” сияқты халықаралық жетекші компаниялар еліміздің мыс нарығына кіруге қызығушылық танытып отыр. Мыстың ірі кең орындары Сарыарқа, Ақтөбе, Тарбағатай, Сәуір, Қоңырат Бозшакөл, Саян, Жыланды, Жезкент, Ақтоғай т.б. Қазақстанда мыс рудасының аса бай қорлары бар. Мысты құмтастардың ең ірі кен орны Жезқазған. Жезқазған кен орны ТМД бойынша бірінші, дүние жүзінде екінші орында. Қазақстан мыс өндіру жағынан дүние жүзінде жетінші орын алады. Өнімнің 92%-ы шет елге шығарылады. Мысты кен орындарының ірілері Қоңырат, Бозшакөл. Бұлардағы мыс ашық әдіспен қазылып алынады, бірақ рудада металл мөлшері аз. Полиметалдар. Полиметалл кеніне қорғасын, мырыш, мыс қоспалары, алтын, күміс, тағы басқа металдар жатады. Қорғасын мен мырыштың ең бай кен орындары Кенді Алтайдағы Риддер, Зырян, т.б. жерлер. Мұндағы кендерде металл көп. Полиметалл кен орындары Жетісу Алатауындағы Текелі және Қаратаудағы Ащысай мен Мырғалымсайда бар. Соңғы жылдарда қорғасынның бай кен орындары Орталық Қазақстанда (Қызылеспе, Қасқаайғыр, т.б.) барланды.
Алтын. Қазақстанда 196 алтын кен орны бар. Алтын республиканың шығысындағы Алтайда, Қалба жотасы шеңберінде, солтүстік-батысындағы Жітіқара өңірінде өндіріледі. Орталық Қазақстанның солтүстік аймағындағы алтын шығатын кен орындары: кварцты желі, кайталама кварцит пен шашыранды алтын (Степняк, Ақсу, Майқайың) кездеседі. Қалба жотасында да кварцты желі және шашыранды алтын кен орындары шоғырланған. Шағын кварцты-желілі кен орындары Жетісу және Іле Алатауларында да бар.