Дәріс 1 Экологиялық ресурстанудағы табиғи ортаны қорғау, табиғат байлықтарын тиімді пайдалану принциптері Жоспар


Энергетикалық сараптама жүргізуге үміткер ұйымдарға рұқсат беру



бет44/45
Дата07.02.2022
өлшемі0,52 Mb.
#88465
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Байланысты:
Табиғатты пайдалануды басқару ЭҚ311
4. Энергетикалық сараптама жүргізуге үміткер ұйымдарға рұқсат беру
Арыз беруші сараптау ұйымының мәртебесін алу үшін уәкілетті органға мыналар қамтылуға тиіс құжаттарды ұсынады: 1) еркін нысандағы арыз; 
2) құрылтайшылық құжаттардың, тіркеу және статистикалық есеп туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмелері; 
3) ұйымның ұйымдастыру құрылымдары туралы мәліметтер
4) энергетика саласындағы жұмыс тәжірибесі 3 жылдан кем емес білікті қызметкерлер жөніндегі мәліметтер; 
5) қызметкерлердің орналастыру үшін қажетті өндірістік базасы туралы, мәлімделген жұмыс түрлері бойынша энергетикалық зерттеу жүргізу үшін қажетті, сынақтық, метрологиялық және өлшеу аспаптары жөніндегі мәліметтер;
6) мәлімделген жұмыс түрлері бойынша энергетикалық зерттеу жүргізу үшін қажетті стандарттау, метрология және сертификаттау органдарында тексеруден өткен аттестацияланған өлшеу және сынақ аспаптарының тізбесі
7) уәкілетті орган бекіткен мәлімделген жұмыс түрлері бойынша энергетикалық зерттеулер жүргізудің тиісті әдістемелері; 
8) ұйымдарды энергетикалық зерттеу жөніндегі қорытынды құжаттардың нысандары (сараптамалық бағалау актілері, тексерістер мен сынақтар хаттамалары); 
9) қызметкерлердің саладағы басшылыққа алынатын құжаттарды білетінін растайтын құжаттар немесе куәліктер.
5. Ұсынылған құжаттарды уәкілетті органның қарау мерзімі 30 күнтізбелік күннен аспауға тиіс.
6. Сараптау ұйымын белгілеу немесе бас тарту туралы шешімді уәкілетті орган қарау нәтижелері негізінде қабылдайды. Қарау нәтижелері сәйкестілікті бағалауда қамтылатын қорытындыда көрсетіледі.
7. Сараптау ұйымдарына энергетикалық зерттеу жүргізуге арналған рұқсатты уәкілетті орган 5 жылдан аспайтын мерзімге береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет