Көрнекі материал: мультимедиялық дәрістің электрондық материалы (кафедрада студентке беріледі).
Әдебиеттер:
1. Амиреев С.А. и др. «Стандарты и алгоритмы мероприятий при инфекционных болезнях», 1 том. Практическое руководство - Алматы, 2007. 11-21 бет
2. Гринхальх Т. «Основы доказательной медицины». – Москва, 2004. 28-41 бет
3. Флетчер Р. и др. «Основы доказательной медицины». – Москва, 2004. 5-25бет
4. Власов В.В. «Эпидемиология». Учебное пособие для вузов. – Москва, 2004. 9-50 бет
Ақпарат көзі: http://kazmedic.kz/archives/4602
Дәріс 10 Клиникалық эпидемиологияның негізгі ережелері және қағидалары
Мақсаты студенттерді «Клиникалық эпидемиология» терминінің маңызы және мәні, сонымен бірге клиникалық шешімдерді қабылдау үшін диагностикалық тестілер жөнінде білімдерін қалыптастыру.
Дәрістің тезисі «Клиникалық эпидемиология» (clinical epidemiology) – бұл «клиникалық» ғылым, өйткені өте сенімді фактыларға негізделген клиникалық сұрақтарға жауап беруге және клиникалық шешімдер ұсынуға ұмтылады. Басқаша айтқанда «клиникалық эпидемиология» - клиникалық зерттеу әдістерін жасайтын ғылым, ол жүйелі және кездейсоқ қателіктердің әсерін бақылай отырып, әділ қорытындылар шығаруға мүмкіндік береді;эпидемиологиялық тұрғыдан – ол медициналық ақпарат алу үшін тек қана ғылыми факторлармен дәлелденген, жүйелі және кездейсоқ қателіктердің әсер етуін болғызбайтын эпидемиологиялық әдістерді пайдаланатын медицинаның бір тарауы;
клиникалық эпидемиологияда эпидемиолог пен клиницистің арасында өзара тығыз байланыс қажет, онсыз нақты адамның және жалпы тұрғындардың денсаулығын қорғау мәселелерін шешуге олардың іс-әрекеті шектеулі және тиімділігі аз болады.
Дәлелді медицинаның принциптері. «Дәлелдерге негізделген медицина» немесе «дәлелді медицина» (evidence based medicine) термині қазіргі кезде негізгі медициналық мамандардың лексиконына жақын арада пайда болды, соған қарамастан шамалы уақыт ішінде осы термин мәнісінің негізгі принциптері XXI ғасырдағы медицинасының басым идеологиясына айналды. «Дәлелділік» көмегімен медицинаны дәл ғылым саласына айналдырмаса да, оған жақындату мүмкіндігі пайда болды.
Бұл терминді Торонто (Канада) қаласындағы Мак Мастер университетінің бір топ ғалымдары 1990 ж. ұсынған болатын.
Соңғы кезде «дәлелді медицина» (ДМ) түсінігінің анықтамасы туралы бірнеше варианттар қолданылып жүр:
ДМ – бұл нақты науқасты емдеуге таңдап алу үшін клиникалық зерттеулердің ең жақсы нәтижелерін сапалы, дәл және мәнін түсініп пайдалану (клиникалық эпидемиология);
ДМ – бұл пациентпен іс жүргізгенде пайдалылығы сапалы зерттеулермен дәлелденген әдістерді ғана қолданатын медициналық практикалық тәсіл (бір түрі);
ДМ – бұл клиницистердің байқауын және пациенттердің шағымын (клиникалық эпидемиология), және де тұрғындар денсаулығының жағдайын (қоғамдық денсаулық сақтау) ескеріп, арнайы зерттеулермен алынған, сенімді, маңызды және практикада қолданылатын дәлелдерді жинау, интерпретациялау мен интерграциялауды қамтамасыз ететін медициналық көмек көрсету амалы;
ДМ – бұл медициналық ақпараттарды жинақтау, қорытындылау және түсіндіру технологиясының жаңаша тәсілі.
Көрнекі материал: мультимедиялық дәрістің электрондық материалы (кафедрада студентке беріледі).
Әдебиеттер:
1. Амиреев С.А. и др. «Стандарты и алгоритмы мероприятий при инфекционных болезнях», 1 том. Практическое руководство - Алматы, 2007. 11-21 бет
2. Гринхальх Т. «Основы доказательной медицины». – Москва, 2004. 28-41 бет
3. Флетчер Р. и др. «Основы доказательной медицины». – Москва, 2004. 5-25бет
4. Власов В.В. «Эпидемиология». Учебное пособие для вузов. – Москва, 2004. 9-50 бет
Дәріс 11. Аурудың таралу көрсеткіштері.
Мақсаты студентерде эпидемиялық үрдіске байланысты аурудың таралу көрсеткіштері бойынша білімдерін қалыптастыру
Дәрістің тезисі эпидемиялық процестің ішкі реттелу заңдылықтары, яғни қоздырғышпен ие арасындағы әрекеттестік түрлі сыртқы көріністермен сипатталады.Оған тікелей ішкі реттелу механизмдерінің ықпалымен қатар әлеуметтік- табиғи факторлардың әсері мол болады, эпидемиялық процестің қосымша қозғаушысы болып табылады.
Эпидемиялық процестің осы қырына Л.В.Громашевский көп көңіл бөлген, ол табиғи және әлеуметтік факторларды эпидемиялық процестің қосымша қозғаушы күштері деп санаған. Эпидемиялық процестің даму барысы табиғи және әлеуметтік құбылыстардың әсерінен сандық және сапалық жағынан өзгереді.
Эпидемиялық процестің көрінуі
|
Эндемиялық сырқаттанушылық
|
Кең мағынадағы эпидемиялық сырқаттанушылық
|
Экзотикалық сырқаттанушылық
|
Эпидемиялық ошақ-бұл инфекция көзі орналасқан орын және оның маңайындағы аумақ. Осы шектелген аумақта нақты жағдайда науқас адамнан сау адамға қоздырғыш берілуі мүмкін. Эпидемиялық ошақ эпидемиялық процестің бір бөлшегі болып келеді және де эпидемиялық процестің таралуын бөгейтін орта болып табылады.Эпидемиялық ошақ жанұялық,өндірістік немесе мекемелік болуы мүмкін. Инфекциялық ауру бір адамнан екінші адамға жұғып отырса, инфекция айлап,жылдап жалғасын тауып отырады, таралу жолын таппаса тоқтап қалады.
Эпидемиялық процесс сандық таралуына сәйкес 4түрлі болып келеді:
Спорадиялық,кездейсоқ,бірен Саран сырқаттанушылық-бір белгілі аймаққа тән, белгілі сырқаттанушылық деңгейі, бір- бірімен байланысы жоқ инфекциялық ауру
|
Өршу-шектелген аумақта,жеке ұжымда немесе ұжымдардағы топтарда бір мезгілде адамдардың науқастануы
|
Эпидемия-инфекциялық аурулардың бүкіл халық,үлкен аймақ,қала,аудан ішінде жаппай науқастануы.
|
Пандемия-инфекциялық аурудың жаппай, елден елге таралуы.
|
Экзотикалық сырқаттанушылық-деп қоздырғышты басқа жерден әкелгенде,осы жерге тән емес аурудың пайда болуын айтады.
Эндемиялық сырқаттанушылық деп табиғи және әлеуметтік жағдайға байланысты осы жерде тұрақты қалыптасқан ауруларды айтады.Эндемиялық аурулар бір белгілі аймақта таралған,сол аймақтың әлеуметтік табиғи жағдайына тән инфекциялық аурулар.Мыс: белгілі аймақтың табиғатында кенелер өмір сүрсе, сол жерде кене энцефалиті аурулары таралады.
Қоздырғыштың берілу механизмдері мен оны іске асыратын факторлар қауіп қатерлі топтарды анықтайды. Аэрозольді механизмімен таралатын аурулар үшін (тұмау,менингит),ұйымдасқан ұжымда өте көп кездеседі(фабрика зауыттар)және т.б
Қауіп-қатерлі факторлар ұғымдарының қысқаша анықтамасы.
Түсінік
|
Анықтама
|
Қауіп –қатерлі аумақ Қауіп қатерлі әлеуметтік әртүрлі жастағы топтар Қауіп қатерлі ұжым Қауіп-қатерлі уақыт
|
Қоздырғыштың вирулентті түрінің қалыптасуынан және оның таралуын қамтамасыз ететін факторлардың әсерінен болған сырқаттанушылықтың жоғарғы көрсеткіші бар аумақ. Қоздырғыштың эпидемиялық түрі арқылы және оның таралу факторларының әсерінен болған сырқаттанушылықтың жоғарғы көрсеткіші. Қоздырғыштың эпидемиялық түрі арқылы және оның таралу факторларының әсерінен болған сырқаттанушылықтың жоғарғы көрсеткіштері бар нақты ұжымдар(ясли,мектеп, жатақхана) Эпидемиялық түрге байланысты қоздырғыштың таралу факторларымен анықталатын сырқаттанушылықтың жағдай жасайтын факторлар: Қоздырғыштың эпидемиялық түрін тарататын қауіп қатерлік; Жұғу қауіп қатер; Ауру қауіп қатер;
|
Көрнекі материал: мультимедиялық дәрістің электрондық материалы (кафедрада студентке беріледі).
Әдебиеттер:
1. Амиреев С.А. и др. «Стандарты и алгоритмы мероприятий при инфекционных болезнях», 1 том. Практическое руководство - Алматы, 2007. 11-21 бет
2. Гринхальх Т. «Основы доказательной медицины». – Москва, 2004. 28-41 бет
3. Флетчер Р. и др. «Основы доказательной медицины». – Москва, 2004. 5-25бет
4. Власов В.В. «Эпидемиология». Учебное пособие для вузов. – Москва, 2004. 9-50 бет
Дәріс 12. Эпидемиологиялық әдістер. Сипаттамалық және талдау эпидемиологиялық зерттеу әдістері. Олардың тұрғындар денсаулығын бағалауға тағайындалуы
Мақсаты студенттерде эпидемиологиялық әдістер мен олардың түрлері, ауру ағымына байланысты қолдану жағдайлары бойынша білімдерін қалыптастыру
Дәрістің тезисі 1 Эпидемиологиялық тексеру мен бақылау. Инфекциялық аурулар ошағын эпидемиологиялық тексеру әдісі ең алғашқы және маңызды болып саналады. Бұл әдіс ошақтың пайда болу жағдайы мен себебін, инфекция қоздырғышының көзін. Берілу факторлары мен жолдарын, сонымен қатар жұқтыру қауіп- қатеріне ұшыраған адамдарды анықтау үшін пайдаланылады.
2 Аналитикалық эпидемиологиялық әдістер: Аналитикалық эпидемиолгиялық зерттеудің мақсаты- эпидемиолгиялық тексерумен қадағалау барысында инфекциялық аурулардың пайда болуы мен таралуы туралы дигностикалық болжауды бағалау үшін тексеру жүргізу.
3 Эксперименталдық эпидемиологиялық әдістер. Инфекциялық аурулар эпидемиологиясында эксперимент эпидемиялық процестің тек кейбір жақтарын зерттеуге қлоданылады, өйткені оны толық түрде жасауға болмайды.
4 Математикалық үлгілеу. Эпидемиологиялық әдістің барлық түрлерін қолданғанда эпидемиялық процестің көрінісін байқауды математикалық үлгілеу әдісімен бірге атқаруға болады
5.Статистикалық зерттеу әдістері. Сырқаттанушылықтың негізгі көрсеткіштері және оны есептеу әдістері. Статистикалық зерттеу әдісінің мақсаты- эпидемиологиялық жағдайды атқарылатын індетке қарсы және алдын алу шараларының тиімділігін сан арқылы бағалау.
Көрнекі материал: мультимедиялық дәрістің электрондық материалы (кафедрада студентке беріледі).
Әдебиеттер:
1. Амиреев С.А. и др. «Стандарты и алгоритмы мероприятий при инфекционных болезнях», 1 том. Практическое руководство - Алматы, 2007. 11-21 бет
2. Гринхальх Т. «Основы доказательной медицины». – Москва, 2004. 28-41 бет
3. Флетчер Р. и др. «Основы доказательной медицины». – Москва, 2004. 5-25бет
4. Власов В.В. «Эпидемиология». Учебное пособие для вузов. – Москва, 2004. 9-50 бет
Дәріс 13 Әскери эпидемиологияның теориялық және әдістемелік негізі. Соғыс уақытында әскерлер арасында жүргізілетін эпидемияға қарсы шаралардың мазмұны және ұйымдастырылуы.
Мақсаты студенттерде әскери эпидемиологияның теориялық және әдістемелік негізі. Соғыс уақытында әскерлер арасында жүргізілетін эпидемияға қарсы шаралардың мазмұны және ұйымдастырылуы бойынша білімдерін қалыптастыру
Дәрістің тезисі Әскери эпидемиология - әскери медицинаның және эпидемиологияның саласы. Әскери құрамның арасындағы жұқпалы аурулардың пайда болуын және таралуын алдын алады және де әскерде жұқпалы аурулардың шоғырлануын болдырмау шараларын ұйымдастырады, ошақтарды жояды, әскерден жұқпалы аурулардың шығуын алдын алады. Әскери эпидемиология - эпидемиология мен әскери медицинаның ұштасуы негізінде қалыптасады да әскерді эпидемиядан қорғау теориясы мен тәжірибесін негіздейді. Бұл білім мен тәжірибелік іс-әрекеттің теориялық, әдістемелік және ұйымдастырушы принциптердің жиынтығын көрсетеді, олар әскерде алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастырып жүзеге асыруға бағытталған.
Эпидемиологияда әскер үшін өзекті әскери эпидемиологияның жалпы бөлімдері, жұқпалы аурулардың жеке нозологиялық түрлері нақтылы көрсетіледі. Қазіргі уақытта әскери эпидемиология - биологиялық қарудың зақымдаушы қасиеттері және әскерді одан қорғаудың білім жүйесін құрайды.
Әскери эпидемиология пәнін оқып үйренудің өзіне тән ерекшеліктері бар. Оқытып үйретудің нысанасы әскери ұжым болғандықтан, бейбіт уақытта әскери құрамның тұрмысы мен өмір сүру жағдайы, соғысқа дайындығы эпидемиялық қолайлығы жағынан қарастырылады.
Әскери эпидемиологияның тарихы да басқа медицина салалары тәрізді өткен ғасырлардан басталса да, оның өз бетінше ғылым ретінде соңғы уақыттарда ғана қарастырылуда. Орта ғасырдың медицинасында көптеген эпидемияларға қарсы, әсіресе обаға қарсы шаралар орын алған. Жұқпалы аурулар, олардың эпидемиологиясы, күресу шаралар туралы ғылым ол кезде болмаған. Жұқпалы аурулардың кеңінен таралуы соғыс уақытында әскердің және тұрғындардың арасында көп тіркелген. Әскери эпидемиология негіздері әскер арасындағы жұқпалы аурулардың пайда болуы мен таралуын біле отырып, оларды ескертуге мүмкіншілік береді, ал егер де пайда болған жағдайда бұл ауруды жою бойынша тиімді шаралар жүргізеді.
Қазіргі әскери эпидемиологияның негізгі міндеттері:
- әскери құрамның арасында жұқпалы және паразиттік аурулардың пайда болуы және таралуын алдын алу;
- әскердің денсаулығын нығайту мақсатымен олардың тұрмыс жағдайын, әскери әрекеттерді санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау;
- әскери жеке құрамды қорғауды қамтамасыз ететін, сонымен қатар, биологиялық қарудан жаралылар мен науқастарды, медициналық қызмет мекемелерін қорғау шараларын жүзеге асыру;
- соғыс кезіндегі әскери құрамның арасындағы эпидемиялық процестің ерекшеліктерін, сонымен қатар, әскерді әр түрлі жағдайда эпидемияға қарсы шаралар жүргізуге үйрету.
Әскери эпидемиологияның негізгі міндеттерінің бірі әскери құрамның арасында жұқпалы аурулардың пайда болуы мен таралуының алдын алу болып табылады. Ұлы Отан соғысы жылдарында КСРО-ның қарулы күштерінің арасында жұқпалы аурулардың үлкен өршулері болған емес, ол әскерді эпидемияға қарсы шаралар жүргізуге үйретудің жоғарғы деңгейде жүргізілгенінің нәтижесі болып табылады.
Әскердегі эпидемиялық аурулардың алдын алуды қамтамасыз етудің басты шаралары болып табылады:
- нақты жағдайды эпидемиологиялық болжау, жұқпалы аурулармен ауырған науқастарды дер кезінде анықтап, жедел түрде оңашалап, ауруханаға жатқызу;
- әскери коммуникацияларда эпидемияға қарсы тосқауылдар (санитар-лық - бақылау және оңашалап өткізу пункттері жүйесін) құру;
- әскери жеке құрамның арасындағы жұқпалы аурулардың арнайы алдын алуы;
- әскерді моншамен, кір жуумен, дер кезінде дезинфекциялық шаралармен қамтамасыз ету.
Әскердің орналасу орнының тез арада ауысуы, жұқпалы аурулар тіркелген қолайсыз аудандарда тұруға мәжбүр болуы, физикалық жүктеме, тағаммен дұрыс қамтамасыз етілмеуі және басқа да факторлар жұқпалы аурулардың пайда болуына әкеп соғады. Бұл жағдайларда ең басты міндет, әскерді эпидемияға қарсы шараларды іске асыруға үйретудің дұрыс ұйымдастырылуы.
Әскерді эпидемияға қарсы шараларды іске асыруға үйрету – бұл әскер арасында жұқпалы аурулардың пайда болуын, жойылуын ескерту және жеке құрамның әскери дайындық мүмкіншілігін арттырып, денсаулығын нығайтуға бағытталған эпидемияға қарсы медициналық-ұйымдастырушылық шаралар жүйесі.
Оның негізгі міндеттері:
- бөлімшелерге жаңадан келіп түскендермен бірге жұқпалы аурулардың енуін ескерту шаралары, сонымен қатар тұрғындардан, әскери тұтқындардан және табиғи ошақтағы жұқпалы аурулардан әскери құрамның зақымдалуының алдын алу;
- жұқпалы аурулармен ауырған науқастарды дер кезінде анықтау, оңашалау, қажетті шараларды орындай отырып, жұқпалы аурулар госпиталіне жеткізу;
- жұқпалы аурулардың созылмалы түрімен ауырған адамдарды және бактерия тасымалдаушыларды анықтап, тіркеу және емдеу;
- медициналық тасымалдау сатыларында қатаң түрдегі эпидемияға қарсы тәртіпті сақтау;
- зақымдалу қаупі бар адамдарды анықтау, оларға медициналық бақылауды ұйымдастыру;
- бөлімшелерде оңашалау-шектеу шараларын жүргізу;
- дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізу;
- жедел және арнайы алдын алу жұмыстарын жүргізу;
- санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу.
Медицина тәжірибе көрсеткендей соғыс кезінде әскерде де, тұрғындар арасында да гигиеналық және эпидемиялық жағдайлардың нашарлайтыны дәлелденді.
Ұрыс кезінде қалалардың және тұрғындар пункттерінің коммуналдық тұрмыс жағдайы бұзылады да, ол тұрғындар мен әскерлерді санитарлық өңдеудің төмендеуіне, ең соңында жұқпалы аурулардың өршуінің пайда болуына әкеліп соғады.
Әскер арасында жұқпалы аурулардың өршуіне сол ауданның жергілікті тұрғындарының сырқаттанушылығы көп әсер етеді.
1.2. Әскерге жұқпалы аурулардың ену жолдары және соғыс кезіндегі эпидемиялық процестің білінуіне, дамуына әсер ететін факторлар
Әскери құрамның жұқпалы аурулармен сырқаттанушылығы әскери ұжымға тән ішкі факторлармен және әскердің орналасу ауданының эпидемиологиялық, эпизоотиялық жағдайына байланысты сипатталатын сыртқы факторларымен анықталады.
Ішкі және сыртқы факторлардың бірлесіп әсер етуі әскери жеке құрамдағы жұқпалы аурулардың құрылысын анықтайды, әскерде эпидемияның дамуына әсер ететін әлеуметтік фактор болып табылады.
Әскер мен тұрғындар арасында эпидемияның дамуына әсер ететін маңызды факторларының бірі қашқындар болып табылады. Соғыс кезінде көптеген адамдар контингентінің араласуы эпидемияның дамуына және оның барлық елдерде таралуына әсер етеді.
Ұлы Отан соғысының тәжірибесінің көрсетуі бойынша әскерде, майданда антропонозды жұқпалы аурулардың негізгі ену көзі әскердің толықтырылуы, тұрғындар және басқа да контингенттер (тұтқыннан босатылған әскери тұтқындар) болып табылады. Әскерге зоонозды жұқпалы аурулар қоздырғышының ену жолдары жабайы кеміргіштер арқылы да болады, әскер далалық жерге орналасқанда олар жертөлелер мен басқа да нысаналарды жайлап алады. Әскери құрамның зақымдалуы көбінесе әртүрлі факторлар: тағам, су, шаң, буынаяқтылар арқылы болады. Бұл оба, туляремия, геморрагиялық қызбалар, иерсиниоздар, лептоспироздар, безгек және т.б. қатысты. Әскери құрамның зақымдалуында топырақ аса маңызды роль атқарады, ол анаэробты зақымдалудың факторы (сіреспе, газды гангрена) және споралық (сібір түйнемесі) жұқпалы ауруларды таратады.
Әскери бөлімшелерге сырттан жұқпалы аурулардың енуін ескерту шаралары: жұқпалы аурулармен сырқаттанушылықтың деңгейін талдау, санитарлық-эпидемиологиялық барлау және әскердің орналасқан жерін санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау, әскери құрамды толықтырып қабылдаған кезде, тасымалдау кезінде эпидемияға қарсы және алдын алу шаралары, қарсылас биологиялық қаруды қолданған кездегі шаралар.
Әскерге жұқпалы аурулардың ену жолдарын анықтау мақсатында және соғыс уақытында эпидемиялық процестің дамуына әсер ететін факторларды анықтау үшін қауырт (оперативті) эпидемиологиялық талдауды және әскердегі эпидемиялық ошақтарды зерттеуді жүргізу керек.
Қауырт эпидемиологиялық талдау – бұл әскери құрамның арасында жоспарланған эпидемияға қарсы шаралардың сапалы түрде орындалғаны жөніндегі ағымды есеп беру негізінде, зертханалық зерттеулердің қорытындысы, әскердің қызмет, тұрмыс жағдайларының өзгеруі, сырқаттанушылықтың талдауына есеп беру және ошақтарды эпидемиологиялық тексерудің қорытындысы кезінде эпидемиялық процестің даму тенденциясына динамикалық баға беру.
Сонымен қатар жұқпалы сырқаттанушылықты талдау жеке құрамның жұқпалы сырқаттанушылығының динамикасын, құрылымын, деңгейін, жұқпалы аурулардың пайда болуы мен таралуын анықтайды және эпидемиологиялық болжау жасайды.
Бірен-саран сырқат тіркелетін ошақтарда эпидемиологиялық тексеруді бөлімшенің дәрігері жүргізеді. Егер өте сирек кездесетін жұқпалы ауру немесе аса қауіпті жұқпалы ауруларға күдік туса тексеруге санитарлық-эпидемиологиялық мекеменің маманы қатысады.
Бірен-саран сырқат тіркелетін ошақтарда тексерудің мақсаты бөлімшеге аурудың сырттан әкелінгенін анықтау болып табылады. Бұл кезде келесі жұмыстар жүргізіледі:
- бөлімшенің орналасу аймағының (ауданның) эпидемиологиялық жағдайын анықтау;
- ошақтағы әскери құрамды, науқастарды сұрастыру және тексеру;
- сыртқы ортаны байқау және тексеру;
- жиналған мәліметті талдап, ошақтың шекарасын анықтау және оны жою шараларын жүргізу.
Көптеген науқастары бар ошақтарды эпидемиологиялық тексеруді санитарлық-эпидемиологиялық мекеменің маманы жүргізеді. Ошаққа маман келгенге дейін тексеруді бөлімше дәрігері жүргізеді.
Ошақтарды тексергенде қойылатын міндеттер:
- нақты жағдайларда ошақтың орналасуы мен оны жоюға арналған шаралар кешенін таңдау үшін сырқаттанушылықтың таралуы мен пайда болу жағдайының себебін анықтау;
- эпидемиялық өршудің түрін анықтау.
Алынған мәліметтерді талдау мен жүйелеу, бірқатар жалпылай белгілері бар эпидемияның 3 тобын бөлуді қажет етеді:
- 1-ші топтағы эпидемияда әскери құрамның зақымдалуы бір жұқпа көзінен немесе берілу факторымен жүреді. Эпидемияның бұл түрі көбінесе зооноздарда (мысалы: бруцеллез) болады.
- 2-ші топтағы эпидемияда жұқпаның зақымдалған адамдардан зақымдалмаған адамдарға берілуімен сипатталады. Бұл топтағы эпидемия тез арада өршуімен және ұзақтылығымен сипатталады. Эпидемияның бұл тобы ауа-тамшы жолымен берілетін антропоноздарға тән.
- 3-ші топтағы эпидемияда науқас адамдардан берілу факторы арқылы зақымдалуымен (тағам, су, лас қол, буынаяқтылар және т.б.) сипатталады, бұл кезде тікелей қарым-қатынастың қажеті жоқ. Бұл топтағы эпидемияға көбінесе ішек антропоноздары және трансмиссивті сырқаттану жатады. Мысалы, дизентерия эпидемиясы тағам немесе су жолы арқылы берілуі мүмкін. Су жолы эпидемиясының ұзақтылығы бойынша жедел және созылмалы болуы мүмкін. Бұл эпидемияларда ең маңыздысы ошақты эпидемиологиялық тексеру болып саналады. Бұл кезде мына пункттер енгізілуі керек:
- эпидемиялық көрсеткіштер бойынша сырқаттанушылықтың құрылымын талдау;
- науқастар мен дені сау адамдарды тексеру және сұрастыру;
- ішкі ортаны көзбен шолып және зертханалық тексеру;
- нақты жұқпалы аурудың нозологиясы бойынша жиналған мәліметтердің байланыстылығын логикалық өңдеу;
Жоғарыда аталып өтілген шаралардың жиынтығы әскерде әскери құрамның ұрысқа дайындығын жоғарылату үшін эпидемияға қарсы жұмыстарға қатаң бақылау жүргізуді қамтамасыз етеді.
Көрнекі материал: мультимедиялық дәрістің электрондық материалы (кафедрада студентке беріледі).
Әдебиеттер:
1. Амиреев С.А. и др. «Стандарты и алгоритмы мероприятий при инфекционных болезнях», 1 том. Практическое руководство - Алматы, 2007. 11-21 бет
2. Гринхальх Т. «Основы доказательной медицины». – Москва, 2004. 28-41 бет
3. Флетчер Р. и др. «Основы доказательной медицины». – Москва, 2004. 5-25бет
4. Власов В.В. «Эпидемиология». Учебное пособие для вузов. – Москва, 2004. 9-50 бет
Дәріс 14 Бактериологиялық барлау және бактериологиялық қару индикациясы.
Мақсаты: студенттерде бактериологиялық барлау және бактериологиялық қару индикациясы бойынша білімдерін қалыптастыру
Достарыңызбен бөлісу: |