Дәріс. №1. Кіріспе Дәрістік сабақтардың конспектілері



бет3/11
Дата19.12.2019
өлшемі1,02 Mb.
#53809
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Lesson 60


OSI стегі

OSI ашық жүйелерінің өзара әрекеттесу үлгісі – бұл концептуалдық үлгі ғана емес, хаттамалардың келісілген стегін құрайтын хаттамалардың нақты спецификацияларының жинағы. Бұл хаттамалар стегін АҚШ үкіметі өзінің GOSIP бағдарламасында қолдайды. 1990 жылдан кейін барлық үкіметтік мекемелерде орнатылған барлық компьютерлік желілер OSI стегін тікелей қолдаулары тиіс, не болмаса болашақта осы стекке ауысуға арналған құралдарды қамтамасыз етуі тиіс. Дегенмен, OSI стегі АҚШ-на қарағанда Еуропада әйгілі, өйткені Еуропада өзінің меншік хаттамаларын қолданатын ескі желілер азырақ орнатылған. Еуропада сондай-ақ жалпы стекке деген үлкен қажеттілік сезіледі, өйткені мұнда әртүрлі мемлекеттердің көп саны бар.

Бұл халықаралық, өндірушілерден тәуелсіз стандарт. Ол корпорациялардың, серіктестердің және жеткізушілердің арасындағы өзара әрекеттесуді қамтамасыз ете алады. Бұл өзара әрекеттесу адрестеу, атау беру және деректердің қауіпсіздігі мәселелерінен күрделенеді. Барлық осы мәселелер OSI стегінде жартылай шешілген. OSI хаттамалары орталық процессордың есептеу қуаттылығының үлкен шығындарын талап етеді, бұл оларды дербес компьютерлердің желілері үшін емес, қуатты машиналар үшін қолайлы етеді. Ұйымдардың көпшілігі әзірге OSI стегіне ауысуды жоспарлап қана отыр. Бұл бағытта жұмыс істеп жатқандардың арасынан АҚШ-ның Әскери-теңіз ведомствосын және NFSNET желісін атауға болады. OSI– ді қолдаушы ірі өндірушілердің бірі болып AT&T компаниясы табылады. Оның Startgroup желісі толығымен OSI стегіне негізделген, бұл AT&T ішінде қолданушыларды OSI-дің әлемдегі ірі инсталляциялық базасы етеді.

OSI стегі (4.1. сурет) ашық жүйелердің өзара әрекеттесу үлгісінің барлық жеті деңгейлеріне арналған спецификациялардан тұрады.

Предствительный протокол OSI – OSI өкілдік хаттамасы Сессионный протокол OSI – OSI сессиялық хаттамасы

Транспортные протоколы OSI (классы 0-4) – OSI көліктік хаттамалары (0-4 кластары)

Сетевые протоколы с установлением и без установления соединений – қосылыстарды орнатумен және орнатусыз желілік хаттамалар

Уровни модели OSI – OSІ үлгісінің деңгейлері



2.7сурет – OSI стегі

Физикалық және арналық деңгейлерде OSI стегі Ethernet, Token Ring, FDDI хаттамаларын, және де LLC, X.25 және ISDN хаттамаларын қолдайды. Бұл хаттамалар оқулықтың басқа тарауларында нақты қарастырылатын болады.

Желілік, көліктік және сессиялық деңгейлердің сервистері сондай-ақ OSI стегінде де бар, дегенмен олар аз таралған. Желілік деңгейде қосылыстар орнатусыз хаттамалар да, қосылыстары орнатылған хаттамалар да іске асырылған. OSI стегінің көліктік хаттамасы OSI үлгісінде оған арналып анықталған функцияларға сәйкес, қосылыстар орнатылған және қосылыстар орнатылмаған желілік сервистердің арасындағы айырмашылықтарды жасырады, сондықтан қолданушылар төмен жатқан желілік деңгейге тәуелсіз қызмет көрсетудің қажетті сапасын алады. Мұны қамтамасыз ету үшін, көліктік деңгей, қолданушының қажетті қызмет көрсету сапасын көрсеткенін талап етеді. Көліктік сервистің 5 кластары анықталған, төменгі 0 класынан жоғарғы 4 класқа дейін, олар қателерге деген орнықтылық деңгейімен және қателерден кейінгі деректерді қалпына келтіру талаптарымен ерекшеленеді.

Қолднбалы деңгейдің сервистері файлдарды жіберуден, терминалды эмуляциялаудан, каталогтар қызметінен және поштадан тұрады. Олардың ішінен ең болашағы зор болып каталогтар қызметі (Х.500 стандарты), электрондық пошта (Х.400), виртуалды терминал хаттамасы (VT), файлдарды жіберу, рұқсат алу және басқару хаттамалары (FTAM), жұмыстарды жіберу және басқару хаттамасы (JTM) табылады. Соңғы уақытта ISO өз күш-жігерін жоғарғы деңгейдегі сервистерге жинақтады.

Х.400 – Телеграфия және телефония жөніндегі халықаралық кеңесшілік комитеттің нұсқауларының жинағы (ССІТТ), онда электрондық хабарламаларды жіберудің жүйелері сипатталған. Бүгінгі күні Х.400 нұсқаулары хабар алмасудың ең әйгілі хаттамалары болып табылады. Х.400 нұсқаулары хабарлама алмасу жүйесінің үлгісін, осы жүйенің барлық компоненттерінің арасындағы өзара әрекеттесу хаттамаларын, және де хабарламалардың түрлерінің көптігін және жіберілетін хабарламалардың әрбір түрі бойынша жіберушіде бар мүмкіндіктерді сипаттайды.

Х.400 нұсқаулары қолданушыларға берілетін қызметтердің келесідей ең аз қажетті жинағын анықтайды: қолжеткізуді басқару, хабарламалардың бірегей жүйелік ұқсастырушыларын жүргізу, хабарламаның жеткізілгендігі немесе себебін көрсетіп жеткізілмегендігі туралы хабарлау, хабарлама мазмұнының түрін индикациялау, хабарламаның мазмұнын өзгертуді индикациялау, жіберу және жеткізу кезіндегі уақыттық белгілер, жеткізу санатын таңдау (шұғыл, шұғыл емес, қалыпты), көпадрестік жеткізу, бөгелген жеткізу (белгілі уақыт сәтіне дейін), үйлеспейтін пошталық жүйелермен өзара әрекеттесу үшін мазмұнды өзгерту, мысалы, телекстік және факсимильдік байланыс қызметтерімен, нақты хабарлама жеткізілгендігі туралы сұраныс жасау, біріне бірі салынған құрылымы бар болуы мүмкін таратулар тізімі, қоғамдық кілттердің ассимметриялық криптожүйесіне негізделген хабарламаларды рұқсат етілмеген қолжеткізулерден қорғау құралдары.

Х.500 нұсқауының мақсаты болып жаһандық анықтама қызметінің стандарттарын жасап шығару табылады. Хабарламаны жеткізу процесі алушының адресін білуді талап етеді, бұл желінің мөлшері үлкен болған жағдайларда мәселе туындатады, сондықтан жіберушілер мен алушылардың адрестерін алуға көмектесетін анықтама қызметі болуы керек. Жалпы түрде Х.500 қызметі атаулар мен адрестердің таратылған деректер қоры болып табылады. Барлық қолданушылар белгілі атрибуттардың жинағын қолдана отырып, осы деректер қорына кіруге потенциалды құқығы бар.

Атаулар мен адрестердің деректер қорымен келесі операциялар жасауға болады:

- оқу – белгілі атау бойынша адресті алу;

- сұраныс – адрестің белгілі атрибуттары бойынша атауды алу;

- деректер қорына жазбаларды қосудан және өшіруден тұратын жаңарту.

Х.500 нұсқауын іске асырудың негізгі мәселелері бүкіләлемдік анықтама қызметі роліне үміткер осы жобаның ауқымдылығына байланысты. Сондықтан Х.500 нұсқауын іске асыруды қамтамасыз ететін бағдарламалық қамтамасыз ету өте үлкен болып шығады және аппаратураның өнімділігіне жоғары талаптар қояды.

Х.400 және Х.500 нұсқауларын электрондық поштаны жобалау кезінде ескеру әртүрлі өндірушілердің пошталық жүйелерін түйісуін принципиалды мүмкін етеді және концептуалды түрде қарапайым етеді.

VT хаттамасы терминалдарды эмулдяциялаудың әртүрлі хаттамаларының үйлесімсіздік мәселесін шешеді. Қазір IBM PC-мен үйлесімді дербес компьютердің қолданушысына VAX, IBM 3090 және HP9000 компьютерлерімен біруақытта жұмыс істеу үшін әртүрлі типтегі және әртүрлі хаттамаларды қолданатын терминалдарды эмуляциялау үшін үш түрлі бағдарламаларды сатып алу керек. Егер әрбір хост-компьютерде өзінің құрамында ISO терминалын эмуляциялау хаттамасының бағдарламалық қамтамасыздауы бар болса, онда қолданушыға да VT хаттамасын қолдайтын бір ғана бағдарлама қажет болар еді. Өзінің стандартында ISO терминалдарды эмуляциялаудың кеңінен таралған функцияларын шоғырландырды.

Файлдарды жіберу – бұл кең таралған компьютерлік сервис. Жергілікті және де қашықтықтағы файлдарға қолжеткізу барлық қосымшаларға керек – мәтіндік редакторларға, электрондық поштаға, деректер қорына немесе қашықтықтан іске қосу бағларламаларына. ISO мұндай сервисті FTAM хаттамасында қарастырған. Х.400 стандартымен қатар, бұл OSI стегінің ең әйгілі стандарты. FTAM жергілікті ету және файл мазмұнына қолжеткізу құралдарын қарастырады, және файл мазмұнына қою, ауыстыру, кеңейту және тазарту директиваларының жинағынан тұрады. FTAM сондай-ақ файлды жасау, өшіру, оқу, ашу, жабу және оның атрибуттарын таңдауды қоса алғанда, файлды біртұтас ретінде басқаруға арналған құралдарды қарастырады.

Жұмытарды жіберу және басқару хаттамасы JTM қолданушыларға хост-компьютерде орындалуы тиіс жұмыстарды жіберуге мүмкіндік береді. Жұмыстарды жіберуді қамтамасыз ететін тапсырмаларды басқару тілі, қандай іс-әрекеттер және қандай бағдарламалармен және файлдармен жасалуы керектігін хост-компьютерге көрсетеді. JTM хаттамасы әдеттегі дестелік өңдеуді, транзакцияларды өңдеуді, қашықтықтағы тапсырмаларды енгізуді және таратылған деректер қорына қолжеткізуді қолдайды.



Дәріс. TCP/IP, IPX/SPX, NetBIOS/SMB, SNA және DECnet стектері

1. TCP/IP стегі.

2. IPX/SPX стегі.

3. NETBIOS/SMB стегі.

4. SNA стегі.

5. DECnet IEEE802.x стегі.



TCP/IP стегі, сондай-ақ DoD стегі және Internet стегі деп аталады, коммуникациялық хаттамалардың ең әйгілі және болашағы зор стектерінің бірі болып табылады.


таралу%







 

 




 

 

 

 

 

 

 










 

 

 

 

 

 

 

 

 







 

 

 




 

 

 

 

 

 







 

 




1994 год

 

 

 

 

 










 

 

 

1998 год

 




 




 




 




 

 

 

 




 

 

 

 

 







 

2,5

 

 

 




 

 

 

 

 

 

столдық жүйе

жергілікті желілердің

орташа кластың жүйесі

мейнфрейм базасындағы

 

 

 

сервері

 

жүйелер

 



2.8. сурет. TCP/IP хаттамаларының стектерінің таралу дәрежесі.

2.8. суретте осы стектің 1994 жылғы таралу дәрежесі және 1998 жылға болжам көрсетілген. Компьютердің барлық санаттарында TCP/IP стегінің хаттамаларын қолдану жағдайларының айтарлықтай өсуі болжанған. TCP/IP хаттамалары көбінесе орташа кластың жүйелеріне орнатылады – 1994 жылы бұл хаттамалармен суперсерверлердің 35% жабдықталған болатын, ал 1998 жылға қарай олардың саны 95% құрайды деп күтілуде. Егер қазіргі кезде ол негізінен UNIX ОЖ-нің желілерінде таралған болса, дербес компьютерлерге арналған желілік операциялық жүйелердің (Widows NT, NetWare 4.1) соңғы нұсқаларында іске асуы орнату санының тез дамуына жақсы себеп болып табылады.

Стек АҚШ-ның Қорғаны Министрілігінің (Department of Defence, DoD) бастамасы бойынша 20 жылдан астам уақыт бұрын, ARPAnet эксперименталдық желісінің басқа сателлиттік желілермен байланысу үшін әртүрлі тектегі есептеу орталары үшін ортақ хаттамалардың жинағы ретінде жасалып шығарылған. ARPA желісі әскери саладағы жасаушылар мен зерттеушілерді қолдады. ARPA желісінде екі компьютер арасындағы байланыс дестелерді беру үшін Internet Protokol (IP) хаттамасын қолданып “теңмен тең” принципі бойынша іске асырылды. Бұл хаттама осы күнге дейін TCP/IP стегінде негізгілердің бірі болып табылады және стектің атауында қолданылады

2.9. сурет. - TCP/IP хаттамаларының құрылымы

TCP/IP стегінің дамуына Беркли университеті, UNIX ОЖ-сінің өзінің нұсқасында стек хаттамаларын іске асырып, үлкен үлес қосты. UNIX ОЖ-сінің кең таралуы стектің ІР хаттамаларының және басқа хаттамалардың кеңінен таралуына алып келді. Осы текте RFC спецификациясы формасында жарияланатын стек стандарттарын жетілдіруге негізгі үлесін қосып келе жатқан Internet Engineering Task Force (IETF) бөлімшесі бар Internet дүниежүзілік ақпараттық желісі де жұмыс істейді.

TCP/IP стегі ISO/OSI ашық жүйелерінің өзара әрекеттесу үлгісі пайда болғанға дейін жасалып шығарылған, брақ ол сондай-ақ көпдеңгейлі құрылымға ие болса да, TCP/IP стегінің деңгейлерінің OSI үлгілерінің деңгейлеріне сәйкестігі айтарлықтай шартты болып табылады.

TCP/IP хаттамаларының құрылымы 2.9 суретте келтірілген. TCP/IP хаттамалары 4 деңгейге бөлінеді. Ең төменгі (4 деңгей) OSI үлгісінің физикалық және арналық деңгейлеріне сәйкес келеді. Бұл деңгей TCP/IP хаттамаларында реттелмейді, бірақ физикалық және арналық деңгейдегі барлық әйгілі стандарттарды қолдайды: жергілікті арналар үшін – бұл Internet, Token Ring, FDDI, жаһандық арналар үшін – жаһандық желілердің Х.25 және ISDN тізбектік арналары арқылы “нүкте-нүкте” типіндегі қосылысты орнататын SLIP/PPP аналогтық коммутацияланатын және ерекшеленген линиялардағы меншік жұмыс хаттамалары. АТМ технологиясын арналық деңгейдің көлігі ретінде қолдануды анықтайтын арнайы спецификация да жасалып шығарылған.

Келесі деңгей (3 деңгей) – бұл желіаралық өзара әрекеттесудің деңгейі, ол әртүрлі жергілікті желілерді, Х.25-ті, арнайы байланыс линияларын және т.б. қолданып дейтаграммаларды жіберумен айналысады. Желілік деңгейдің негізгі хаттамасы ретінде (OSI үлгісінің терминдерінде) стекте ІР хаттамасы қолданылады, ол бастапқыда жергілікті де, жаһандық та байланыстармен біріктірілген жергілікті желілердің көп санынан тұратын құрамдалған желілерде дестелерді жіберу хаттамасы ретінде жобаланған.

Сондықтан TCP/IP стегі күрделі топологиясы бар желілерде, оларда бар ішкі жүйелерді үнемді қолдана отырып және төменгі сұрыпты байланыс линияларының өткізгіштік қабілетін үнемді шығындап, жақсы жұмыс істейді.

ІР хаттамасының негізгі функциялары – адрестерді беру және тану, және де дестелерді жинау және бөлшектеу. Соңғы функция, дестелер бір желіде қалыптасқанда және дестенің барынша көп ұзындығы азырақ болатын басқа желі арқылы жіберілетін кезде қажет. ІР хаттамасы дейтаграммалық хаттама болып табылады.

Осы деңгейге RIP (Routing Internet Protocol) және OSPF (Open Shortest Path First) маршруттық ақпаратты жинау хаттамалары, және де ICMP (Internet Control Message Protocol) желіаралық басқарушы хабарламалардың хаттамасы сияқты маршрутта кестелерін жасауға және жаңартуға байланысты барлық хаттамалар да жатады. Соңғы хаттама маршруттаушы мен шлюздің, жүйе-бастаманың және жүйе-қабылдаушының арасындағы қателер туралы ақпаратты алмасуға, яғни кері байланысты ұйымдастыруға арналған. ІСМР арнайы дестелерінің көмегімен дестені жеткізудің мүмкін еместігі туралы, өмір уақытының немесе фрагменттерден дестені құрастыру ұзақтығының асып кеткендігі туралы, параметрлердің аномальдық шамалары туралы, жіберу маршрутының және қызмет көрсету түрінің өзгергендігі туралы, жүйенің жағдайы және т.б. туралы хабарланады.

Келесі деңгей (2 деңгей) негізгі деп аталады. Бұл деңгейде ТСР (Transmission Control Protocol) жіберулерді басқару хаттамасы және USDP (User Datagram Protocol) қолданушының дейтаграммалар хаттамасы жұмыс істейді. ТСР хаттамасы қашықтықтағы қолданбалы процестердің арасында тұрақты виртуалдық байланысты қамтамасыз етеді. UDP хаттамасы қолданбалы дестелерді дейтаграммалық әдіспен, яғни виртуалдық байланыстарды орнатусыз жіберуді қамтамасыз етеді, және сондықтан ТСР-ге қарағанда үстеме шығындарды азырақ талап етеді.

Жоғарғы деңгей (1 деңгей) қолданбалы деп аталады. Әртүрлі елдердің және ұйымдардың желілерінде қолданылған көп жылдар бойында ТСР/ІР қолданбалы деңгейдегі хаттамалар мен сервистердің көптеген мөлшерін жинады. Оларға FTP файлдарды көшіру хаттамаы, telnet терминалды эмуляциялау хаттамасы, Internet желісінің және оның ресейлік бөлігі РЕЛКОМ-ның электрондық поштасында қолданылатын SMTP пошталық хаттамасы сияқты кең қолданылатын хаттамалар, қашықтықтағы ақпаратқа қолжеткізудің WWW сияқты гипертексттік сервистер және тағы басқалары жатады. Осы курс үшін қызықты болып табылатын олардың кейбіреуіне нақтырақ тоқталайық.

SNMP (Simple Network Management Protocol) хаттамасы желілік басқаруды ұйымдастыру үшін қолданылады. ТСР/ІР жинағындағы басқару үлгісі басқару мәселесін екі бөлікке бөледі. Бірінші бөлігі ақпаратты беруге байланысты. Басқарушы ақпаратты беру хаттамалары әкімшінің хостында жұмыс істейтін бағдарлама-клиент сервермен қалай өзара әреттесетіндігін анықтайды. Олар клиент пен серверлер алмасатын хабарламалардың форматы мен мағынасын, және де атаулар мен адрестердің форматтарын анықтайды. Екінші бөлігі бақыланатын деректермен байланысқан. Стандартта шлюзде қандай деректердің сақталуы және жинақталуы тиіс екендігін, осы деректердің атауларын және осы атаулардың синтаксисін реттейді. SNMP стандартында желіні басқарудың ақпараттық деректер қорының спецификациясы анықталған. MIB (Management Information Base) деректер қоры ретінде белгілі бұл спецификация хосттың немесе шлюздің сақтауы тиіс деректер элементін және олармен жасауға болатын операцияларды анықтайды.

SNMP желіні бақсару хаттамасы әкімші шақыратын желіні басқару бағдарламасы-клиенті мен желіні басқарудың бағдарламасы-сервері арасындағы өзара әрекеттесу ережелерін анықтайды.

FTP (File Transfer Protocol) файлдарды жіберу хаттамасы файлға қашықтықтан қолжеткізуді іске асырады. Оны желі бойымен файлдарды жіберу үшін қосымшалар мен қолданушылар қолдана алады. Сенімді жіберуді қамтамасыз ету үшін, FTP көлік ретінде қосылысты орнататын ТСР хаттамасын қолданады. Дегенмен файлдарды жіберуден басқа басқа да қызметтерді ұсынады. Осылайша қолданушыға қашықтықтағы машинамен интерактивтік жұмыс істеу мүмкіндігі берілед3, мысалы, ол оның каталогтарының мазмұнын басып шығара алады. Бұдан басқа FTP қолданушыға жадыда сақталатын деректердің түрі мен форматын көрсетуге мүмкіндік береді. Ең соңында, FTP қолданушылардың аутентификациясын орындайды. Қажетті файлды жіберудің алдында хаттамаға сәйкес қолданушылар өз аттарын немесе құпиясөздерін хабарлаулары тиіс.

FTP ТСР/ІР стегіндегі файлдарды жіберудің ең жалпы хаттамасы болса да, ол бағдарламалау үшін ең күрделі болып табылады. FTP-ның барлық мүмкіндіктерін қажет етпейтін қосымшалар, басқа, үнемдірек хаттаманы – TFTP (Trivial File Transfer Protocol) файлдардың жіберудің ең қарапайым хаттамасын қолдана алады. Бұл хаттама тек қана файлдарды жіберуді іске асырады, мұнымен қатар көлік ретінде ТСР-ге қарағандай қарапайым қосылыстар орнатпайтын UDP хаттамасы қолданылады.

telnet хаттамасы процестер арасында, және де процес пен терминал арасында байт ағындарын жіберуді қамтамасыз етеді. Бұл хаттама көбінесе қашықтықтағы ЕЭМ-ның терминалының эмуляциясы үшін қолданылады. Мұндай жіберуді қамтамасыз ету үшін telnet хаттамасында терминалдарға қызмет көрсету құралдарының кең спектрін ұсынады.




IPX/SPX стегі

Бұл стек Novell фирмасы 80-ші жылдардың басында өзінің желілік NetWare операциялық жүйесі үшін жасап шығарған хаттамаларының түпнұсқа стегі болып табылады. Стекке атау берген Internetwork Packet Exchange (IPX) және Sequenced Packet Exchange (SPX) хаттамалары, IPX/SPX-ке қарағанда едәуір аз дәрежеде таралған Xerox фирмасының XNS хаттамаларының тікелей бейімделуі болып табылады. Орнату саны бойынша IPX/SPX хаттамалары көшбасшы, және бұл NetWare ОЖ-сінің өзі әлемдік ауқымда шамамен 65% үлеспен орнатылған көшбасшы жағдайында болуына байланысты.

Novell фирмасының хаттамаларының топтамасы және олардың үлгілерінің ISO/OSI үлгілеріне сәйкестігі 2.10 суретте көрсетілген. Физикалық және арналық деңгейлерде Novell желілерінде осы деңгейдің барлық әйгілі хаттамалары қолданылады (Ethernet, Token Ring, FDDI және басқалары)

Желілік деңгейде Novell стегінде IPX хаттамасы және де RIP NLSP (TCP/IP стегінің OSPF хаттамасына ұқсас) маршруттық ақпаратпен алмасу хаттамасы жұмыс істейді. IPX Novell желілерінде дестелерді адрестеу және маршруттау сұрақтармен айналысатын хаттама болып табылады. IPX маршруттық шешімдері оның дестесінің тақырыбындағы адрестік өрістерге, және де маршруттық ақпаратты алмасу хаттамаларынан келіп түсетін ақпаратқа негізделген. Мысалы, IPX дестелерді беру керек компьюбтерге немесе келесі маршрутизаторға беру үшін не болмаса RIP хаттамасы беретін, не болмаса NLSP (NetWare Link State Protocol) хаттамасы беретін ақпаратты қолданады. Өз жұмысында IPX сондай-ақ SAP жоғарғы деңгейінің хаттамасын да қолданады. IPX хаттамасы хабарламаларды алмасудың тек қана дейтаграммалық әдісін қолдайды, соның есебінен есептеу ресурстарын үнемді пайдаланады. Сонымен, IPX хаттамасы үш функцияның орындалуын қамтамасыз етеді: адресті беру, маршрутты орнату және дейтаграммаларды тарату.

Novell стегінде OSI үлгісінің көліктік деңгейіне хабарламаларды қосылыстар орнату арқылы беруді іске асыратын SPX хаттамасы сәйкес келеді.

Жоғарғы қолданбалы, өкілдік және сеанстық деңгейлерде NCP және SAP хаттамалары жұмыс істейді. NCP (NetWare Core Protocol) хаттамасы NetWare серверінің және жұмысшы станцияның қабықшасының өзара әрекеттесу хаттамасы болып табылады. Бұл қолданбалы деңгей хаттамасы клиент-сервер сәулетін OSI үлгісінің жоғарғы деңгейінде жүзеге асырады. Осы хаттаманың функцияларының көмегімен жұмысшы станция серверге қосылуды жүргізеді, сервер каталогтарын дискжетектерінің жергілікті әріптерінде көрсетеді, сервердің файлдық жүйесін қарап шығады, өшірілген файлдарды көшіреді, олардың атрибуттарын өзгертеді және т.б., және де принт-серверде қашықтықтағы баспаға шығаруды іске асырады. NCP хаттамалары Novell желісінің түпнұсқа хаттамасы болып табылады және басқа желілерде қолданылмайды.






 

 

 

 

 

 

 

 




 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




 




 

SAR

NCP

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




 




 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




 




 

 

 

 

 

 

 

 

 

SPX

 

 







 

 

 

 

 

 







 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      

IPX

RIP

NLSP

 

 

 

   

Ethernet, Token Ring, FDDI, и другие



2.10 сурет. - IPX/SPX хаттамалар стегі

SAP (Service Advertising Protocol) – сервис туралы жариялау хаттамасы – RIP хаттамасына концептуалды ұқсас. SAP хаттамасы желілік құрылғыларға желіде қазіргі кезде қандай сервистік қызметтер бар екендігі туралы деректерді тұрақты түзетіп тұруға мүмкіндік береді. Старт кезінде серверлер SAP-ты желінің қалған бөлігін өз қызметтері туралы хабардар ету үшін қолданады. Сервер жұмысын аяқтаған кезде, ол желіні өз қызметінің тоқтатылғандығы туралы хабардар ету үшін SAP-ты қолданады.

Novell желілерінде NetWare 3.х серверлері кеңхабарлаушы SAP дестелерін минут сайын таратады. SAP дестелері желіні біршама дәрежеде ластайды, сондықтан жаһандық байланысқа шығатын маршрутизаторлардың негізгі міндеттерінің бірі болып, SAP-дестелердің және RIP-дестелердің графигін фильтрлеу табылады. IPX/SPX стегінің ерекшеліктері NeyWare ОЖ-нің ерекшеліктеріен, атап айтқанда, оның ертеректегі нұсқаларының (4.0 дейін) жұпыны ресурстары бар дербес компьютерлерден тұратын шағын жергілікті желілердің жұмысына бағытталғандығына байланысты. Сондықтан Novell-ге іске асырылуы үшін оперативтік жадының ең аз мөлшерін қажет ететін (MS-DOS-тың басқаруындағы IBM-үйлесімді компьютерлерде 640 Кбайтпен шектелген) және шағын есептеу қуаттылықтары бар процессорларда тез жұмыс істейтін хаттамалар керек болды. Нәтижесінде IPX/SPX стегінің хаттамалары соңғы уақытқа дейін жергілікті желілерде жақсы жұмыс істеді де, үлкен корпоративтік желілерде – онша жақсы жұмыс істемеді, өйткені баяу жаһандық байланыстарды осы стектің бірнеше хаттамалары қарқынды қолданатын, мыслаы клиент пен сервер арасындағы байланысты орнату үшін қолданатын кеңхабарлаушы дестелермен тым көп жүктеді.

Бұл жағдай және де IPX/SPX стегінің Novell фирмасының меншігі болып табылатындығымен және оны жүзеге асыру үшін одан лицензия алу керектігімен, көп уақыт бойы оның таралуын тек қана NetWare желісімен шектеді. Дегенмен NetWare 4.0 нұсқасы шыққан сәтте Novell өз хаттамаларына оларды корпоративтік желілерде жұмыс істеуге икемдеуге бағытталған салиқалы өзгерістер енгізді және енгізуді жалғастыруда. Қазір IPX/SPX стегі NetWare-де ғана емес, басқа да бірнеше әйгілі желілік ОЖ-де – SCO UNIX, Sun Solaris, Microsoft Windows NT іске асырылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет