Иерархиялық желілер
Егер жергілікті желіде ерекшеленген компьютер – сервер болса, онда желі иерархиялық деп аталады. (2.5.сурет) жергілікті иерархиялық желілерде бір немесе бірнеше серверлер болуы мүмкін. Иерархиялық желілердегі сервер – бөлінетін ресурстардың тұрақты сақтау қоймасы. Сервердің өзі тек жоғарырақ – иерархия деңгейіндегі сервердің клиенті болуы мүмкін.
Файловый сервер
2.5Сурет –ЛВС иерархиялық құрылымы
Серверлер, әдетте, параллель жұмыс істейтін бірнеше процессорлары, сыйымдылығы үлкен винчестерлері, жоғарғы жылдамдықты желілік картасы (100 Мбит/с және одан да көп) бар жоғары өнімді компьютерлер болып табылады.
Серверде ақпаратты ұйымдастыру және сақтау тәсілін арнайы адам – желі әкімі белгілейді. Бірлесіп пайдаланатын информацияның сақталуы үшін жауапкершілік те оның мойнында.
Жергілікті иерархиялық желілерде деректерді өңдеу екі объект: клиент пен сервер арасында бөлінген. Клиент, жоғарыда айтылғандай, жұмыс станциясы; бұл сөзбен жұмыс станциясын пайдаланушыны да есепке алуға боалды. Бірақ, сонымен бірге жұмыс станциясынан сервердің ресурстарына қатынас құруды жүзеге асыратын арнайы компьютерлік программа да «клиент» деп аталады. Деректерді өңдеу кезінде клиент қандай да бір күрделі немесе мамандандырылған процедураларды орындау үшін серверге сұрату дайындайды, мысалы файлды шығарып оқу жазбаларды іздестіруді жүзеге асыру және т.б. Сервер өз кезегінде клиенттен түскен сұратуды өңдеп, оны орындайды да, қорытындысын клиентке қайта жібереді. Әдетте, сервер жалпы пайданудағы деректерді сақтауға, оларға қатынас құруды ұйымдастыруға және деректерді клиентке жолдауға жауап береді. Деректерді алған клиент оларды өңдеп, өңдеу нәтижесін пайдаланушыға ыңғайлы түрде ұсынады.
Кейде деректерді өңдеуді сервер де орындайды.
Иерархиялық желілердің жұмысын басқаратын программалық жабдықтама екі бөліктен тұрады:
· серверде орнатылатын желілік операциялық жүйеден;
· жұмыс станциясындағы программалық жабдықтамадан,жұмыс станциясында орнатылған операциялық жүйенің басқаруымен жұмыс істейтін программалар жиынынан. Сонымен қатар, әр түрлі жұмыс станцияларында бір желіде әр түрлі ОЖ орнатылуы мүмкін.
Үлкен иерархиялық желілерде желілік ОЖ ретінде UNIX пайдаланылады. Қазіргі кезде орта көлемдегі желілерде Windows NT желілік ОЖ-сі қойылады. Бұл жағдайда серверде Windows NT Server деп аталатын оның серверлік бөлігі, ал жұмыс станцияларында Windows NT Workstation клиенттік бөлігі орнатылады, немесе клиенттің программасы ретінде Windows XP пайдаланылуы мүмкін.
Серверді иерархиялық желілерде пайдалану тәсілдеріне байланысты серверлердің келесі типтерін ерекшелеуге болады:
· файлдық сервер –бірлесіп өңдейтін файлдарды, бірлесіп пайдаланатын программаларды сақтайтын және оларға пайдаланушылардың қатынас құруын қамтамасыздандыратын компьютер;
· деректер базаларының сервері –деректер базасы файлдарын басқару, сақтау, өңдеу және жұмыс станциясынан келіп түскен сұрату бойынша ақпараттар беру функциясын орындайтын компьютер;
· баспа сервері –желіні пайдаланушыға мүмкін және қолайлы баспа құрылғылары қосылатын компьютер, ол басылым сұратуларына қызмет етеді және оларды орындау кезегін ұйымдастырады;
· пошта сервері –онда жергілікті желі бойынша да сырттан модель бойынша да жіберілетін және алынатын ақпараттар сақталатын компьютер. Оны пайдаланушы адам кез келген өзіне ыңғайлы уақытта атына келіп түскен ақпаратты қарап шығып, пошталық сервер арқылы өзінің хабарын жібер алады. (21 – 30)
Төменде 2.1. кестеде үш ең типті есептеу желілерінің топологиясының негізгі сипаттамасы келтірілген
2.1 Кесте – Есептеу желілерінің топологиясының негізгі сипаттамалары.
Ашық жүйе” түсінігі
OSI үлгісі, атауы көрсетіп тұрғандай (Open System Interconection), ашық жүйелердің өзара байланысын суреттейді. Ашық жүйе дегеніміз не?
Жалпы алғанда ашық жүйе деп кез-келген жүйені нұсқауға болады (компьютер, есептегіш желі, ОС, бағдарламалы пакет, басқа да аппараттық және бағдарламалық өнімдер), ол ашық спецификацияларға сәйкес тұрғызылған.
Естеріңізге сала кетейік, “спецификация” терминінің астарында (есептегіш техникада) аппараттық немесе бағдарламалық компоненттердің пішіндік суреттемесі, оларды функциялау тәсілдері, басқа да компаненттермен өзара әрекеттесуі, пайдалану шарттары, шектеулер мен ерекше сипаттамалар ұғымдары тоғысқан. Бүкіл спецификацияның стандартқа сай еместігі мәлім. Өз кезегінде ашық спецификация стандартқа сәйкес басылған, жалпыға ортақ және қызығушылық танытқан бүкіл тараптардың жан-жақты талқылап, келісімнің нәтижесінде қабылданған спецификацияларды қамтиды.
Шынайы жүйелер үшін толық құпиясыздық қол жетпес мінсіздік болып табылады. Ережеге сәйкес, ашық деп аталатын жүйелердің өзінде аталмыш анықтамаға сыртқы интерфейске қолдау көрсететін тек кейбір бөліктері ғана сәйкес келеді. Мәселен, Unix операциялық жүйелер жиынтығының ашықтығы қосымшаларды Unix белгілі бір нұсқасындағы ортадан екінші бір нұсқадағы ортаға өте қарапайым жолмен көшіруге мүмкіндік беретін, ядро мен қосымшалар арасындағы стандартталған бағдарламалық интерфейстің болуымен түсіндіріледі. Ішінара ашықтықтың тағы бір мысалы барынша жабық Novell Net Ware жүйесінде адаптерлер жүйесіне дербес өндірушілердің желілік адаптерлерін қосу үшін Open Driver Interface (ODI) ашық интерфейсін қолдану болып табылады. Жүйені дайындауда ашық спецификация неғұрлым көп болса, ол соғұрлым ашық болып табылады.
OSI үлгісі ашықтықтың тек бір ғана аспектісіне жанасады, нақтырақ айтсақ есептегіш желімен байланысты құрылғылардың өзара әрекеттесу құралдарының ашықтығына байланысты. Бұл жерде ашық жүйе дегеніміз қабылданатын және жөнелтілетін хаттамалардың мазмұны мен мағынасын, форматын айқындайтын стандартты ережелерді пайдалана отырып басқа да желілік құрылғылармен өзара әрекеттесуге дайын желілік құрылғы болып табылады.
Егер екі желі ашықтық қағидасын сақтай отырып құрылған болса, ода ол келесідей артықшылықтарға ие болады:
· желіні бірдей стандартқа сүйенетін, әралуан өндірушілердің аппараттық және бағдарламалық құралдарының құрастыру мүмкіндігі;
· желі кампоненттерін бөгде, айтарлықтай жаңа, аз шығынмен дамуға мүмкіндік беретін кампоненттермен ақаусыз алмастыру мүмкіндігі;
· бір желінің екіншісімен жеңіл қосылу мүмкіндігі;
· желіні игеру және қызмет көрсету қарапайымдылығы;
Көпдеңгейлі тәсілдеме. Хаттама. Интерфейс. Хаттамалар стегі
Декомпозиция кезеңінде әдетте көпдеңгейлі тәсілдемені пайдаланады. Оны былай түсіндіруге блады. Көптеген модульдерді деңгейге бөледі. Деңгейлер иерархияны түзеді, яғни жоғары жататын және төмен жататын деңгейлер бар. Әрбір деңгейде құрайтын көптеген модульдер былай құрылған, өздеріне тиесілі тапсырманы орындау үшін олар тек төмен жатқан деңгейге тікелей қатысы бар модульдерге сұраныс жасайды. Басқаша айтқанда, кейбір деңгейлерге тиесілі бүкіл модульдердің жұмыс нәтижелері тек көршілес жоғары жатқан деңгей модульдеріне берілуі мүмкін. Тапсырманың осы сияқты иерархиялық декомпозициясы деңгейлер арасындағы интерфейстердің және әрбір деңгейдің қызметтерін нақты айқындауды меңзейді. Интерфейс төмен жатқан деңгей жоғары жатқан деңгейге бағыттайтын қызметтер жиынтығын анықтайды. Иерархиялық декомпозицияның нәтижесінде деңгейлердің салыстырмалы тәуелсіздіктеріне қол жеткізуге болады, яғни оларды жеңіл алмастыру мүкіндіктері пайда болады.
Желілік өзара әрекеттесу құралдары, әрине, иерархиялық ұйымдастырылған көптеген модульдер түрінде кездесуі мүмкін. Бұл жағдайда төменгі деңгей модульдері, мәселен, екі көршілес тораптардың арасындағы электрлік дабылдарды сенімді түрде таратумен байланысты бүкіл мәселелерді шешеді. Жүйе қызметтерін жүзеге асыруға және суреттеуге арналған көпдеңгейлі тәсілдеме тек желілік құралдарға қатысты пайдаланады деуге болмайды. Осындай функциялау үлгісі, мәселен, файлға рұқсат алу үшін келіп түскен сұраныс бірнеше бағдарламалық деңгейлермен тізбектей өңделетін жаһандық файлдық жүйелерде пайдаланады. Сұраныс ең алдымен жоғары деңгеймен талданады, ол жерде файл нышанды құрама аты тізбектей жіктелу және бірегей файл идентификаторды анықтау шаралары жүзеге асырылады. Келесі деңгей бірегей атау бойынша файлдың бүкіл негізгі сипаттамаларын айқындайды: мекен-жайы, рұқсат ету атрибуттары. Содан соң айтарлықтай төмен деңгейде файлға рұқсат алу құқығын тексеру ісі жүзеге асырылады, одан әрі, талапқа сай мәліметтерді қамтитын файлдың облыстық координаттарын есептеп болғаннан кейін диск драйыердің көмегімен сыртқы құрылғылар мен физикалық алмасу жүзеге асырылады. Қос тораптың өзара әрекеттесуі қос атсалысқыш тораптардың сәйкес деңгейлерінің әрбір жұбы өзара әрекеттесу ережелерінің жиынтығы түрінде суреттелуі мүмкін. Бір деңгейде бірақ әртүрлі тораптарда жатқан желілік компаненттер алмасатын хаттамалардың тізбегі мен форматын анықтайтын ережелдер хаттама деп аталады.
Көршілес деңгейлердің және бірдей торапта жатқан хаттамаларды жүзеге асыратын модульдер нақты анықталған ережелерге сәйкес және хаттамалардың стандартқа сәйкес форматтарының көмегімен бір-бірімен өзара әрекеттеседі. Бұл ережелерді интерфейс деп атау қабылданған. Интерфейс берілген деңгейдің көршілес деңгейге беретін сервистер жиынтығын анықтайды. Жалпы алғанда, хаттама мен интерфейс бірдей түсінік береді, дегенмен дәстүрлі түрде желі ішінде оларға әралуан әрекет ету салаларын бекітті: хаттама әртүрлі тораптағы, бірдеңгейлі модульдердің өзара әрекеттесу ережесін анықтайды, ал интерфейс- бір тораптағы көршілес деңгейлер модулін.
Әрбір деңгейдің құралдары, біріншіден, өзінің жеке хаттамасын, ал екіншіден, көршілес деңгейлердің интерфейсін өңдейді.
Желідегі тораптардың өзара әрекеттесуін ұйымдастыру үшін жеткілікті хаттамаларының иерархиялы ұйымдастырылған жиынтығы коммуникациялық хаттамалар стегі деп аталады.
Коммуникациялық хаттамалар бағдарламалық түрде де, аппаратты түрде де жүзеге асуы мүмкін. Төменгі деңгейлер хаттамасы көп жағдайда бағдарламалық және аппараттық құралдардың жиынтығымен жүзеге асырылады, ал жоғрғы деңгей хаттамалары, ережеге сәйкес, таза бағдарламалық құралдардың көмегімен орындалады.
OSI үлгісі
Стандарт жөніндегі халықаралық ұйым (International Organization for Standartization-ISO) алғашқы есептегіш желілерді әзірлеу және пайдалану тәжірибесімен бөлісті және жүйелердің өзара әрекеттесу деңгейлерінің әралуан түрлерін нақты анықтайтын үлгіні жасап шығарады, оларға стандартқа сәйкес атау беріп, әрбір деңгейге тиесілі жұмыс түрін анықтайды. Бұл үлгі ашық жүйелердің өзара әрекеттесу үлгісі деп аталады (Open Systems Interconnection-OSI) , немесе ISO/OSI, не болмаса қарапайым OSI үлгі деп те аталады. Бұл үлгі есептегіш желілер саласындағы стандартизацияның концептуалды негізі болып табылады. OSI үлгісінде өзара әрекет 3.1 суретте көрсетілгендей жеті деңгейге немесе қабатқа бөлінеді.
Әрбір деңгей бір белгілі өзара әрекеттесу аспектісімен жұмыс жасайды, және кез-келген деңгей үшін желі тораптары арасындағы өзара әрекеттесу ережелері, яғни өзіне тиесілі хаттама болады.
Аталмыш хаттаманы жүзеге асыру үшін, кезкелген деңгей деңгейлер қызметін пайдаланады, төмен жатқан деңгейге тапсырма береді. Бұл тапсырманы жөнелту үшін көршілес деңгейлер арасындағы деңгейаралық интерфейс деп аталатын өзара әрекеттесу ережелері анықталады. Интерфейсті сонымен қатар белгілі бір қабат өз тұтынушыларына шамасы жетпейтін сәтте сервисті жұмылып анықтайтын операциялар жиынтығы түрінде анықтауға болады. OSI үлгісінде А үрдісі бір машина құрамы нда екі машина құрамындағы В үрдісімен өзара әрекетке түскісі келген сәтте ол хабарлама жасап, оны өз машинасындағы OSI үлгісінің қолданбалы деңгейіне береді. Қолданбалы деңгейдің бағдарламалық қамсыздандырды хабарламаға өз тақырып енгізіп, нәтижелі хабарламаны танымдық деңгейге береді. Танымдық деңгей өз кезегінде тақырып қосып, нәтижесін төменгі сеансты деңгейге береді. Кейбір деңгейлер тек тақырыбтыұан ортаның қосып қана коймай, сонымен қатар қорытындысын да енгізді. Хабарлама ең төменгі деңгейге жеткен кезде физикалық деңгей шын мәнісінде хабарламаны жөнелтеді. Хабарлама 2-машинаға түскен кезде ол жоғары беріледі, ал әрбір деңгей өздерінің жеке тақырыптарын тексеріп жойып отырады.
2.6 сурет –OSI ашық жүйелерінің өзара әрекеттесу үлгісі.
Әрбір деңгейге тиесілі хаттамаларды түбегейлі қарастырмас бұрын, атап өтелік, OSI үлгілерінде хаттамалардың екі негізгі типі болады. Қосылыстар орнатылған хаттамаларда (connection oriented network service, CONS) мәліметтермен алмасар алдында жөнелтуші мен қабыцлдап алушы ең алдымен қосылысты белгілейді, содан соң өздері пайдаланатын хаттаманы таңдауы мүмкін. Диалогты тамамдағаннан кейін олар аталмыш қосылысты ажыратулары тиіс. Хаттамалардың екінші тобы алдын ала қосылысты қондырмайтын хаттамалар болып табылады (connectionless network service, CLNS). Бұл хаттамалар дейтаграммалы хаттамалар деп те аталады. Жөнелтуші жәй ғана алғашқы хаттаманы дайын түрде жіберсе жетіп жатыр. Қосылысты қондыру кезінде мәліметтер кері қайтарған ол жерде әрбір тораптарды айналып өтіп, жүктеме балансын қамтамасыз ете отырып, пакеттер бойынша жеке-жеке маршрутизациялануы мүмкін. Қосылысты қондырылған әдістің кемшілігі-ондағы шығындардың көптігі.
Төменгі деңгейден бастап, OSI үлгісінің бүкіл деңгейлерінің атқаратын қызметтерін қарастыралық.
Физикалық деңгей. Бұл деңгей коаксиалды кабель,бит жұбы немесе көтерме жіпше кабель секілді физикалық арналар бойынша биттерді таратумен байланысты. Бұл денгейде өткізу жолағы, кедергіден қорғаныс, толқынды кедергі және басқа да мәліметтерді физикалық тарату орталарының сипаттамаларын айқындайды. Соған қоса, бұл жерде әрбір қатынастың ұяшықтар түрлері мен арнаулы стандартталады.
Арналық деңгей. Дабылдарды физикалық тұрғыдан таратпас бұрын таратқан ортаның бастығына көзжеткізу керек. Сондықтан келесі, арнаны деңгейдің тапсырмалардың бірі ортаның рұқсат етілу жағдайын тексеру болып табылады. Ол үшін арналы деңгейде биттер жиынтыққа топтастырылады, ол топтарды кадрлар хабарламалар немесе пакеттер деп аталады. Арналы деңгей әрбір кадрдің беріліс түзетпесінқамтамасыз етеді. Кадр келіп жеткен кезде қабылдаушы алынған мәліметтердің бақылау сомасы қайта есептеп, алынған нәтижелі кадрдағы бақылау сомасымен тексереді. Егер сәйкес келсе кадр өте дұрыс деп есептеледі де, қабылданады.
Арналы деңгей хаттамасында компьютерлер мен олардың мекенін айқындау тәсілдері арасындағы байланыстардың белгілі құрылымы көрсетілген. Арналы деңгейде пайдаланатын мекен-жайларды әдепте МАС-мекен-жайлар деп атайды. Арналы деңгейдің қызметтеріне сәйкес тақырыпта кем дегенде келесідей жолдар болуға тиіс; кадрлардың шектеулі басы мен аяғы, бақылау сомасы, арналу мекені. Хаттаманың нақты жүзеге асырылуына байланысты тақырыптың құрылымдары әралуан болып келеді,
Желілі деңгей. Каналды деңгей хаттамасы желі ішінде топологияның тек берілген түрімен пакеттерді таратады.
Ұқсас топологиялар үшін пакеттер тарату ісінің қарапайымдылығын сақтау үшін, ойша алынған топологияны пайдалануға рұқсат ету үшін, қосымша желілі деңгеі енгізіледі. Бұл деңгейде «желі» деген ауқымы тар түсінік енгізіледі. Желі тар маңызды стандартты ұқсас топологиямен өзара қосылған компьтерлердің жиынтығы. Осы орайда желі ішінде хабарламалардың таралуы каналды деңгеймен рнттеледі.
Ал желілер арасындағы пакеттер тапсырмамен үлестру кезінде «желі нөмері» түсінігі қолданылады. Желілер өзара маршрутизатормен немесе шлюздар мен қосылады, олар желілер арасындағы қосылыстар топологиясы жөніндегі ақпараттарды жинақтайды.
Желілер өзара маршрутизатормен немесе шлюздармен қосылады, олар желілер арасындағы қосылыстар топологиясы жөніндегі ақпаратты жинақтайды және соның негізінде желілік деңгейдегі пакеттерді арналу желісіне жөнелтеді. Ең тиімді жолды таңдау жолды таңдау мәселесі маршрутизация деп аталады, ал мәселенің шешімі желілік деңгейдің басты тапсырмасы болып табылады.
Желілік деңгейде хаттамалардың екі түрі анықталады. Дәл осы хаттамалар желілік деңгейдегі хаттамаларға тікелей қатысты. Алайда желілік деңгейге көп жаңдайда маршуртты ақпараттармен алмасу хаттамасы деп аталатын хаттамалар түрлерін жатқызады.
Тасымалдау деңгейі. Жөнелтушіден қабылдаушыға деңгейдегі аралықта пакеттер жоғалуы мүмкін.Десек те кейбір қосымша құжаттар және құралдарға ие. Тасымалдау деңгейінің жұмысы кез-келген желі тораптары арасында мәліміттерді сенімді жолмен таралуын қамтамасыз етуден тұрады. Соған қоса, тапсырмалау деңгейі қолданбалы процестер мекенін орындайды, себебі тапсырмалау деңгейіне әралуан қосымшаларға бағытталған хаттамалар келіп түсуі мүмкін. Сенімді тасымалдылық қосылыстар желілік деңгейдегі хаттамалар базасында құрылуы мүмкін.
Тасымалдау деңгейіндегі тораптар арасындағы диалог келесі мәселелерге байланысты; қандай пакеттер жөнелтілді, қай пакеттер қабылданды, хабарламалар үшін қанша орын қалды және т.с.с. Сенімді тасымалдық қосылыстар желілік деңгейдегі хаттамалар базасында құрылуы мүмкін.
Сеанысты деңгей. Сеанысты деңгей тасымалды деңгейдің жақсартатылған нұсқасы болып табылады.Ол диалогты басқаруды қамтамасыз етеді; сол арқылы қай торабы белсенді екендігін белгілейді, сонымен қатар синхронизация құралдарын жеткізеді. Тәжірибе жүзінде санаулы ғана қосымшалар сеаныстық деңгейді пайдаланады, және ол сирек жүзеге асырылады.
Көрініс деңгей. Төмен жақтан деңгейлерге қарағанда көрініс деңгейі биттер мәнімен жұмыс жасайды.Хабарламалардың басым көпшілігі биттердің кездейсоқ жиынтығынан емес, керісінше айтарлықтай құрылымды ақпараттардан тұрады, мәселен адам аттары, мекен-жайлар, ақша мөлшері көріністер деңгейіндегі жолдарды, жазбаларды қамтитын, қабылдаушыдан алынған жолақтардың форматты жөнінде растама алуға мүмкіндік беретін мәтінді анықтауға болады. Бұл мәліметтер көрінісі әралуан сыртқы пішіндері әртүрлі жеңілдетеді
Қолданбалы деңгей. Қолданбалы деңгей-бұлшын мәнінде ортақ қызметке арналған әралуанхаттамалардың жиынтығы, мәселен электронды пошта, файлдарды тарату, желі бойынша жойылған терминикалды компьютерге қосу.
Комуникациялы құрал-жабдықтарды зерттеу кезінде үш төменгі деңгейдегі хаттамалардың бөлшектеріне жиі ұшырасамыз-физикалық, арналы және желілі, себебі осы аталған деңгейлер аталмыш класс құрылғыларының негізгі қызметтерін анықтайды.
Сонымен қатар кей жағдайларда коммуникациялы құрылғылар жоғары денгей хаттамаларымен де жұмыс жасай береді; Мәселен, SNMP қолданбалы денгей хаттамасы тікелей коммуникациялы құрылғылармен қолданылады да, басқару ісіне қолдау көрсетеді, TETP және telnet хаттамалары құрылғыларды жаһандық конфигурациялау кезінде қолданылады, сонымен қатар қолданбалы деңгей хаттамасы болып табылады, маршрутизаторлар мен аралықтарға сүзгі орақтарда жоғарғы деңгей хаттамалары жөніндегі ақпараттар қолданылуы тиіс.
Қорытынды:
- стандартизацияның идеологиялық негізіндегі компьютерлік желілерде желілік өзара әрекеттесу құралдарын дайындауға арналған көпденгейлі тәсілдеме маңызға ие болады;
- әртүрлі тораптарда орналасқан, бір денгейдегі желілік компоненттер арасында алмасатын хабарламалар тізбегі мен форматын анықтайтын ережелер жиынтығы хаттама деп аталады;
- көршілес тораптағы бір денгейдегі жилілік компоненттердің өзара әрекеттесуін анықтайтын ережелер жиынтығын интерфейс деп атайды.
Интерфейс берілген денгейдің көршілес денгейге жөнелтетін сервистер жиынтығын анықтайды;
- желідегі тораптардың өзара әрекеттесуін ұйымдастыру үшін жеткілікті хаттамалардың нерархиялық ұйымдастырылған жиынтығы комуникациялы хаттамалар легі деп аталады.
- Жалпыға ортақ спецификацияға сәйкес, стандарттандыру көмегімен құралған және қызуғышылық тантқан тораптардың келісімі нәтіжесінде қабылданған кез-келген жүйені ашық жүйе деп атайды.
- OSI үлгісі ашық жүйелердің өзара әрекеттерін стандарттайды. Ол өзара әрекеттіліктің 7 деңгейін анықтайды; қолданбалы, танымдық, сеаныстық, желілік, арналы және физикалық.
- Есептеу желілілеріндегі стандарттардың маңызды бағытты коммуникациялық хаттамалардың стандартты болып табылады. Танымал чектердің тізімі; TCP/IP IPX/SPX NetBIOS/SMB DECnet SNA және OSI.
Дәріс. Коммуникациялық хаттамалардың стандартты стектері
1. «Коммуникациялық протоколдар түсінігі»
2. Коммуникациялық хаттамалардың стандартты стектері.
3. OSI стегі.
Сонымен, желідегі компьютерлердің өзара әрекеттесуі хабарламаларды алмасудың және олардың форматтарының белгілі ережелеріне сәйкес, яғни белгілі хаттамаларға сәйкес жүреді. Байланыстың күрделі топологиясы бар және түйіндерінің көп мөлшері бар желіде сенімді және өнімді ақпарат алмасуды қамтамасыз ету оңай міндет емес, сондықтан ол әдетте көпдеңгейлік иерархиялық тәсілдің көмегімен шешіледі. Осыған байланысты, желіде бір коммуникациялық хаттама емес, деңгейлер бойынша реттелген бірнеше хаттамалар қолданылады. Әрбір деңгей өзінің ішкі міндетін шешеді, ал хаттамалардың барлық жиынтығы коммуникациялық хаттамалардың стегін түзеді.
Желілерде кеңінен қолданылатын хаттамалардың стегі жеткілікті. Бұл халықаралық және ұлттық стандарттар болып табылатын стектер, және қандай-да бір фирманың жабдықтарының таралуының арқасында таралған фирмалық стектер. Әйгілі хаттамалардың стектерінің мысалдары болып Novell фирмасының IPX/SPX стегі, Internet желісінде және UNIX операциялық жүйесінің негізіндегі көптеген желілерді қолданылатын ТСР/ІР стегі, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымның OSI стегі, Digital Equipment корпорациясының DECnet стегі және тағы басқалары.
Желідегі қандай-да бір коммуникациялық хаттамалардың стегін қолдану көбінесе желінің келбетін және оның сипаттамаларын анықтайды. Үлкен емес желілерде тек қана бір стек қолданыла алады. Әртүрлі желілерді біріктіретін ірі корпоративтік желілерде әдетте бірнеше стектер қатарлас қолданылады. Желілерде қолданылатын коммункациялық жабдықтар қандай-да бір хаттамаларды іске асырады, және іске асатын хаттама (немесе хаттамалардың жинағы) оның ең маңызды сипаттамаларының бірі болып табылады. Коммуникациялық жабдықтарда жоғарғы деңгейдегі хаттамаларға қарағанда көбірек дәрежеде стандартталған төменгі деіңгейдің хаттамалары іске асады, және бұл әртүрлі өндірушілердің жабдықтарының бірлесіп табысты жұмыс істеуіне алғышарт болып табылады.
Желілік сервистер және коммуникациялық хаттамалар желі компьютерлерінде желілік операциялық жүйенің сәйкес бағдарламалық элементтері ретінде іске асады.
Тарихи жағынан негізгі желілік операциялық жүйелер көбінесе желілік сервистердің және коммуникациялық жабдықтардың өзінің меншік іске асуларымен жұмыс істеген, сондықтан қандай-да бір операциялық жүйенің қолданылуы желінің келбетін хаттамалардың стегіне қарағанда көбірек дәрежеде анықтайды. Тіпті желіні онда қолданылатын операциялық жүйенің атымен атау қабылданған – Novell
NetWare желісі, Bаnyan VINES желісі т.б.
Қандай-да бір операциялық жүйенің ортасында жақсы жұмыс істей білу коммуникациялық жабдықтың маңызды сипаттамасы болып табылады. Көбінде желілік адаптердің немесе концентратордың жарнамасында оның арнайы NetWare немесе TJNDC желісінде жұмыс істеуге арналғандығын оқуға болады.
Бұл, аппаратураны жасап шығарушылар оның сипаттамаларын осы желілік операциялық жүйеде немесе егер бұл хаттамалар әртүрлі ОЖ-лерде қолданылатын болса, оларды іске асырудың осы нұсқасында қолданылатын хаттамалар қолданатындай етіп оңтайлардырғандығын білдіреді. Хаттамалардың әртүрлі ОЖ-лерде іске асырылу ерекшеліктеріне байланысты коммуникациялық жабдықтардың сипаттамаларының бірі болып оның осы ОЖ ортасында жұмыс істеу мүмкіндігіне сертификатталғандығы қолданылады.
Төменгі – физикалық және арналық деңгейлерде – іс жүзінде барлық стектерде (SNA-дан басқасы) бір ғана хаттамалар қолданылады. Бұл жақсы стандартталған Ethernet, Token Ring, FDDI және тағы басқалары, олар барлық желілерде бір ғана аппаратураны қолдануға мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде бар стектердің желілік және одан жоғары деңгейдегі хаттамалары көп әртүрлілікпен ерекшеленеді және әдетте ISO үлгісі ұсынған деңгейлерге бөлуге сәйкес келмейді. Жекелей алғанда, бұл стектерде сеанстық және өкілдік деңгейдің функциялары көбінесе қолданбалы деңгеймен біріктірілген. Мұндай сәйкес еместік ISO үлгісінің қолда бар және нақты қолданылатын стектерді жинақтаудың нәтижесі ретінде пайда болғандығына байланысты, керісінше емес.
Достарыңызбен бөлісу: |