7.1 Өндірістің қысқа мерзім кезеңіндегі шығындары
Бұған дейін айтқанымыздай, қысқа мерзім кезеңі деп – белгілі бір уақыт аралығын айтамыз. Ол ауқыт ағымында өндірістің кейбір факторлары өзгермей қалады. Сондықтан, қысқа мерзім кезіңінде өндірістің жалпы шығындарын (ТС) анықтағанда, оның тұрақты (FC) және айнымалы (VC) шығындарын ажыратады, яғни:
TC =FC + VC
Тұрақты шығындар (FC) деп – қысқа мерзім кезеңінде өнім шығару көлемінің өзгеруіне байланысты өзгермейтін шығындарды айтамыз. Оларға мыналар жатады: амортизациялық өтемдер, жал төлемі, тұрақты салықтар, сақ-тандыру төлемдері, дербес басқарудың жалақысы және т.б.
Айнымалы шығындар (VC) деп – шығарылатын өнім көлемінің өзгеруімен бірге өзгеретін өндірістік шығындарды айтамыз. Айнымалы шығындарға: шикізатқа кеткен шығындар, жұмысшылардың жалақысы, салықтар, энергия мен отын ресурстарына транспортттық қызметтерді төлеуге кететін шығындар және т.б жатқызамыз.
Жоғарыда көрсетілген анықтамаларға негізделіп, олардың графиктерін тұрғыза аламыз. 7.1-суретте айнымалы және тұрақты шығындардың жалпы графигі көрсетілген.
C ТС
VC
FC
Q
7.1- сурет.Өндірістік шығындар
Жалпы шығындар мен өніміділік арасында байланыс VC және TC қисықтарының қысқа мерзім кезеңіндегі түрі шекті өнімділіктің азаю заңы және еңбектің жалпы өнімділігі қисығының түрімен түсіндіріледі. Еңбек өнімділігінің артуымен айнымалы жылдамдықпен өсуі өндірістің бірінші сатысында еңбек өнімділіктің жоғарылауының нәтижесінде өнім шығару көлемінің тез артуымен түсіндіріледі. Шекті өнімділіктің азаю заңының әсері күшейген кезде, өнім шығару шамасының көбеюіне байланысты айнымалы шығындар да тез қарқынмен өсе бастайды (А нүктесінен бастап қисық бойымен жоғары). ТС қисығы түгелімен VC қисығын қайталайды және соңғысының вертикаль осімен FC –тің жылжуы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |