7.2 Орташа және шекті шығындар Өндірістік шығындары талдағанда, жалпы шығындармен қатар орташа және шекті шығындарды да өте жиі қолданамыз.
Өндірістің орташа жалпы шығындары (АТС) жалпы шығынның (ТС) өндірілген өнім көлеміне (Q) қатынасымен анықталады да, өнімнің бір данасын шығаруға кеткен жалпы шығынды көрсетеді. Сонымен орташа жалпы шығындар мына формуламен есептеледі:
ТС АТС = Q Берілген көрсеткіш өнімнің өзіндік құнының жақын нұсқасы болып табылады, бірақ ол соңғысынан айқынсыз шығындар шамасымен өзгешелінеді. Орташа жалпы шығындарды екі түрге бөлуге болады: орташа тұрақты шығындар (AFC) және орташа айнымалы шығындар (AVC). Олар келесідей анықталады:
FC VC AFC = Q ; AVC= Q ;
Өндірістің шекті шығыны (МС) жалпы шығындардың өзгеруінің (Δ ТС) өнім көлемінің өзгеруі ( ΔQ) қатынасына тең болады және өнімнің қосымша данасын шығарғанға кететін қосымша шығындарды көрсетеді, яғни: ΔTC MC = ΔQ Өнім шығару көлемі өскен кезде тұрақты шығындар өзгермейтіндігі белгілі, сондықтан жалпы шығынның өсуі әрқашан айнымалы шығындардың өсуіне тең болады. Осы айиылғандарды ескере отырып, шекті шығынды былай есептеуімізге болады:
ΔVC MC = ΔQ Орташа өнімділік пен орташа шығындар арасында, сонымен қатар шекті өнімділік пен шекті шығындар арасында кері байланыс бар. Жоғарыда айтылған байланыстарды түсіну үшін, біз еңбекті тұрақты төлем мөлшері бар PLжалғыз айнымалы фактор деп қарастырайық. Бұл жағдайда:
ΔVC PL ·ΔL PL PL MC = ΔQ = ΔQ = ΔQ = MPL;
VC PL· L PL PL PL AVC= Q = Q = Q/L = APL; AC= APL+ AFC. Осы жерден біз зерттеп отырған көрсеткіштер арасындағы кері байланысты көреміз. МР өскен жағдайда, МС төмендейді және керісінше МР максимумге жеткен уақытта МС минимумге жетеді. Осындай байланыс АР және АС арасында да бар. 5.2-суретте МС және МР, АС және АР арасындағы өзара байланыстар көрсетілген. Сонымен, табылған нәтижелер өндірістің орташа; шекті шығындары мен өндіріс факторларының өнімділіктерінің арасында тығыз байланыс бар екендігін көрсетеді.
АР max MPL max
AP MC
L
MP
AC
min
min
Q Q Q Q
7.2- сурет. МС және МР, АС және АР арасындағы байланыс