7.6 Ұзақ мерзім кезеңіндегі өндірістік шығындар
Бұл уақыт ағымына байланысты өзгеріп тұруы мүмкін. Жоғарыда ұсынылған модельдерде өндірістік факторлардың бірі (капитал) тұрақты болып, ал басқа факторлар (еңбек) өзгермелі болғандағы жағдайлар қарастырылған. Біз қысқа мерзім кезеңіндегі шекті, орташа шығындардың қисықтарын алдық.
Ал ұзақ мерзім кезеңіндегі орташа жалпы шығындар қисығын түсіндіру үшін, ұзақ уақыт аралығында өндіріс (өнеркәсіп) көлемі өзгеріп отырады деп ұйғарамыз. А1, А2 , А3 қисықтары – көлемдерді әр түрлі өнеркәсіп орындарының қысқа мерзім кезеңіндегі орташа жалпы қисықтары делік (5.7-сурет).
АС
АС1 АС2 АС3
1000 1500 2000 2700 3000 Q
7.7-сурет. Көлемі әр түрлі 3 өнеркәсіптің қысқа мерзімдегі орташа жалпы шығын қисықтары
Өнім шығару көлемі 0< Q<1500 болған жағдайда бірінші өнеркәсіп орнының көлемі ең ұтымды болады, себебі жоғарыда көрсетілген өнім көлемін ең төменгі деңгейлегі шығындармен өндіруге болады.
Егер 1500болса, онда ұтымды өнім көлемін екінші өнеркәсіпте, ал Q <2700 болса, үшінші өнеркәсіпте өндірген тиімді болады. 5.7-суретте өнеркәсіп көлемінің 3 мүмкіндігі берілген және ұзақ мерзім кезеңіндегі орташа жалпы шығын қисығы LRAC қара сызықпен көрсетілген.
Р АС1
АС2 АС6
АС3 АС5
АС4
LRAC
Q* Q
5.8- сурет. Ұзақ мерзімдегі орташа шығындар
Егер 3-тен әлдеқайда көп өнеркәсіп орындарын қарастыратын болсақ, онда 5.8-суретте көрсетілгендей ұзақ мерзімдегі орташа жалпы шығын қисығын (LRAC) аламыз және бұл қисық қысқа мерзімдегі орташа жалпы шығындарды жанап өтеді. LRAC өнім көлемі Q* шамасына жеткенге дейін төмендейтін болса, онда өндірістің өсу ауқымы оң әсерлі болады, демек еңбекті тиімді қолдану, өндіріс факторларының өнімділігін арттыру, жаңа технологияны пайдалану және т.б, көлемі үлкен өнеркәсіп орындарында жақсы нәтижелерге жеткізеді. LRAC – тың жоғарылауы өндіріс ауқымы өсуінің өндіріске теріс әсерін тигізетінің, себебі бұл уақытта көлемі үлкен өнеркәсіпті басқару тәсілдері ойдағыдай болмай, еңбек және капитал өнімділігін төмендетеді.
Ұзақ мерзім кезеңіндегі шекті шығын қисығы (LRAC) осы мерзімдегі орташа жалпы шығын қисығын (LRAC) LRМC –тың ең төменгі шығын қисығы LRМC өнім көлемі өзгеруіне байланысты жалпы шығынның қалай өзгеретінін көрсетеді. LRМC мен LRAC –тың арасындағы өзара байланыс қысқа мерзім кезеңіндегі шекті- шығындар (МС) мен орташа жалпы шығындар (АС) арасындағы байланыс сияқты болады.
2700>2700>
Достарыңызбен бөлісу: |