Дәріс 1 Тақырыбы: Химиялық және фармацевтикалық технологияның негізгі процестерін жіктеу. Химиялық өндірісті оңтайландыру
Химия өнеркәсібінде өткізілетін әртүрлі процестердің салдарынан шикізаттар химиялық әрекеттесу нәтижесінде көптеген өзгерістерге (агрегаттық күйі, ішкі құрылысы және құрамы өзгереді) ұшырайды.
Химиялық-технология процестерге олардың негізі болатын химиялық реакциядан басқа, көптеген физикалық, механикалық және физика-химиялық процестер кіреді. Мысалы: сұйық және қатты материалдарды тасымалдау, қатты материалдарды ұсақтау және іріктеу, газдарды сығу және тасымалдау, заттарды жылыту, суыту және оларды араластыру, газды және сұйықты әртекті жүйелерді ажырату, ерітінділерді буландыру, материалдарды кептіру және т.б.
Химиялық технологияның әртүрлі саласында бірдей процестер мен аппараттар -негізгі процестер мен аппараттар деп аталады. Мысалы, негізгі процестердің біреуі -ректификация -құрастырушыларының қайнау температуралары жақын сұйық қоспаларды буландырып, сосын сұйылтып бір-бірінен бөліп тазарту.
Бұл процесс оттегі өндірісінде сұйық ауаны ажыратуда, азот қышқылы өндірісінде су мен азот қышқылын ажыратуда, химиялық әртүрлі өнімдер алуда және т.б. көптеген химиялық өндірістерде қолданылады.
Үрдіс, процесс -қандай да болса нәтижеге жетісу жолындағы бірізді әрекеттердің жиыны.
Процестер технологиялық аппараттарда (латын тілінің apparatus - құрал, жабдық) жүреді. Көбінесе аппарат әр түрлі түтіктер (трубалар), торлар, полкалар, сақиналар, тарелкелер, сұйық тамшыларды бөлу үшін сепараторлар және т.б. қозғалыссыз орналасқан сыйымдылықтарды елестетеді. Кейбір кездері аппараттарда сұйық заттарды араластыру үшін айналмалы механизмдерді орнатады.
Химиялық технологияның негізгі процесстердің түрлері Процесс деген түсініктің өзі кеңістікте және уақытта болатын материяның кейбір өзгерулерін болжайды. Ол факторлардың әсерінен болады және бастапқы мен соңғы жағдайымен сипатталады. Химиялық технологияда негізгі үдерістері олардың өту заңдылықтарына байланысты негізгі бес топқа бөлінеді.Олар:
1) Гидромеханикалық процесс
2) Жылу алмасу
3) Масса алмасу (диффузионды)
4) Химиялық процесс
5) Механикалық процесс