Бақылау сұрақтары:
1. Вирустар дегеніміз не?
2. Бактериофагтың құрылысы және әсер ету механизмдері қандай?
Вирустық инфекциялар және вирусқа қарсы қорғаныс құралдарын ата
Дәріс. 10
Тақырыбы: Вирустардың физикалық және химиялық құрылысы.
(2 сағат)
1. Вирустардың жалпы репродукцииясы. Фазалары және стадиялары.
2. Бірінші фаза (клеткада вирустың адсорбциясы, клеткаға енуі, клеткада вирустың еруі); екінші фаза (транскрипция, аРНК трансляциясы, геномның репликация, вирустық компоненттің жинақталуы, клеткадан вирустың шығарылуы).
1. Вирустардың жалпы репродукцииясы. Фазалары және стадиялары.
Табиғатта нағыз қоздырғыштармен қатар атипті микобактериялар да кездеседі, олар өздерінің қасиеттері бойынша туберкулезден, бір-бірінен айырмашылықтары бар. Атипті микобактериялар тек қана ауру организмде емес, сонымен қатар сау организмде де кезігіп, туберкулинге жоғары сезгіштігімен (сенсибилизация) ерекшеленеді.Еуберкулинге сенсибилизация туберкулезді аллергиялық әдіспен анықтауға бөгет жасайды. Сонымен қатар атипті микобактериялар туберкулезге ұқсас келіп, «микобактериоз» деп аталатын бірнеше созылмалы ауруларды тудырады. Атипті микобактерияларды туберкулездің нағыз микобактерияларынан дифференциациялау күрделі. Өйткені атипті микобактериялар табиғатта кеңінен таралған және олар азықпен, басқа объектілермен бірге организмге енеді. Зертханалық диагностикада ерекше идентииииификацияны қажет ететін микобактериалды культуралар көптеп кездеседі. Қазіргі кезде Раньон (1959) атипті микобактерияларды жіктеуі қолданылады, ол екі белгіге негізделген- пигмент түзу және өсу жылдамдығы.
Раньон атипті микобактерияларды 4 топқа бөледі:
Бірінші-фотохромогенді бактериялар, жарықта өсіргенде темно-оранжевую түске ие болады. Қараңғылықта пигмент түзбейді.
Негізгі өкілі-(лат.назв)
Екінші-фотохромогенді (скотохромогенді) микобактериялар, қараңғыда не жарықта өсуіне қарамастан ашық-оранжевую түсті болады, негізгі өкілі-(лат. назв)
Үшінші- нефтехромогенді микобактериялар. Сарғыш-оранжевую бояулы немесе бояусыз болады. Пигментация жарықтың әсеріне байланысты емес. Негізгі өкілі –(лат.назв)
Төртінші-жылдам өсуші микобактериялар. Бір аптаның ішінде 25-37 º тығыз қоректі ортада колониялар түзеді, өкілі-(лат.назв)
Микобактерияларға сипаттама.
Микобактериялар таяқша тәрізді, шеті дөңгелектенген полимофты бактериялар, спора, капсула, жіпшелері жоқ. Үлкендігі- ұзындығы 1,5-4 мкм, ені 0,2-0,5 мкм. Туберкулезді микобактериялардың сәулелі саңырауқұлақ-актиномицеттермен ұқсастығы анықталған. Бұл ұқсастықтар микобактериялардың элективті тығыз қоректі ортада баяу өсуінен, көбею тәсілінен, полиморфтығынан, белгілі бір жағдайға кейде ұштарында колба тәрізді өсінділері бар жіпше тәрізді бұтақты формалар түзуінен байқалады, осы жағынан ол актиномицетке ұқсас.Осыған байланысты Кох бацилласының атуы туберкулез микобактериясы деп ауыстырылды.
Грамоқалыпты, бірақ қиын боялады. Тез табу үшін люминесцентті әдіс пайдаланылады. Патагенді микобактериялардың цитоплазмасында Мух түйіршіктерін көруге болады, бұл дифференцирленетін белгіні көрсетеді.
1910 жылы Фонтес бактерияның фильтрлейтін формасын тапты. Фильтрат арқылы лабораториялық жануарларға жұқтырды. 1945 жылы Джексон микобактериялардың L-формасына өту қабілеттігін анықтады. Олар бактериялардың барлық түрлерінде тұрақталған.
L-формалары клетка қабырғасы аздап немесе толық жойылған микобактериялар нұсқалары. Клетка қабырғасының жойылу себебі: биологиялық факторлар-антибиотиктер, лизоцим әсер етуі мүмкін. Химиялық факторлар L-формасының ерекшелігі реверсия: типті микобактерияларға айналу. Бұл қолайлы жағдайларда (күйзеліс) жүріп, жазылу кезеңінде аурудың асқынуына әкеліп соғуы мүмкін (В.С.Федосеев, А.Н.Байгазанов, 1987 г).
Микобактериялардың беткейінде май, балауызды заттардан құралған. Муринді қабат болады. Липидтердің көп мөлшерде кездесуі мынандай қасиеттер береді:
Негіздің, қышқылдың, спирттің әсеріне төзімділік.
Бояулармен қиын боялады. Сондықтан арнайы әдіс-Циль-Нильсен әдісі қолданылады. Карболды фуксиннің концентрирленген ерітіндісімен жылыту арқылы боялады.Боялған соң туберкулез бактерияларының басқа клеткалардан айырмашылығы сонда, спиртпен де, қышқылмен де, негізбен де түссізденбейді, сондықтан жағындағы бактериялар, клетка элементтері метилмен көгімен бояғанда көк түске боялады. Бұл әдіс кейбір патогенді емес микобактериялардан дифференциациялауға мүмкіндік береді.
Күн сәулесіне және кептіруге төзімділік. Шашыраған күн сәулесі тек 8-10 тәуліктен соң ғана өлтіре алады. Қайнатқан кезде қақырықтағы бактериялар тек 5-7 минуттан соң өледі.
Кәдімгі дезинфекциялық ерітінділерге тұрақтылығы 5% фенолда 6 сағат (қақырық), 0,055 бензилхлорфенол-15 минут, 3-5%, хлорамин өлтіреді, хлорлы известь -6 сағаттан соң, бірхлорлы йод ерітіндісі 3 сағаттан соң өлтіреді. Дезинфекциялау үшін формальдегидтің сілтілі ерітіндісін пайдаланады: 3% формальдегид ерітіндісі және 3 % күйдіргіш натр ерітіндісі.
Гидрофобтылық (культуральды қасиеттеріне байланысты)
Туберкулез бактерияларының патогенді липидтің көптігіне байланысты. Патогендіктің негізгі факторы улы гликопротеид (корд-фактор). Ол клетка қабырғасының тереңінде және беткейінде орналасады. Корд-фактор клетканы фагоцитоздан қорғайды, тканьдерге улы әсерін тигізеді.Микобактериялар фагоцитозда көбейіп, олардың жойылуын тудырады. Корд-фактор микобактериялардың жабысуын, вируленттілігін, туғызып, олардың жіпше жән бұрым тәрізді өсуіне жағдай жасайды.
Туберкулез қоздырғыштары сыртқы орта әсерлеріне өте төзімді. Құсқа тән түрі топырақта 17-18 ай, сиырға тән түрі-4 ай, қақырықта 5-6 ай сақталады.Культурада 8-10 айдан соң ғана өледі. Сүтте, ірімшікте, майда ұзақ уақыт сақталады. 100º температурада сол сәтте өледі.
Культуралды қасиеттері. Аэроб қатаң. Культивированиеге арнайы ортаны пайдаланыды. Алғашқы бөліп алу үшін тығыз жұмыртқа ортасын пайдаланады (Петраньяни, гельберг). Таза культураны бөліп алу үшін Левенштейн-Йенсен ортасын пайдаланады. Глицерин қосылған ортада микобактериялар жақсы өседі. Глицеринфильдігін 1887 жылы Нокар және Ру анықтады. Глицерин көміртегінің көзі болып табылады. Оны ет сорпасына және агарға қосу культурасын мол өсуінде мүмкіндік береді. L –формасын культивация жасау үшін Дрожково модификациясындағы Школьникованың жартылай сұйық ортасын қолданады.
Сұйық ортада микобактериялар бетінде және түбінде өсуі мүмкін, қабық болуымен, біртегіс, жылтырауық, қыртысталған болуымен сипатталады.
Тығыз ортада микобактериялар R- және S-формалы колониялар түрінде өседі. R-формасы микобактериялардың патогенді түрлеріне тән. Колониялар түйіршік тәрізді ұсақ немесе ірі, жылтыр немесе солғын, жекеленген немесе топталған шоғыр тәрізді, ақ немесе ақсары түсті қыртысты өңезге ұқсас болуы мүмкін.
Патогенділік. Микобактерияның сиырға тән түрі көптеген жануарлар үшін патогенді. Зертханалық жануарлар арасында қояндар мен теңіз шошқалары сезімтал, оларда генерализованный туберкулез дамиды.
Микобактерияның құсқа тән түрі тауықта, күркетауыұта, цесаркаларда, қырғауылда, үйректерде туберкулез ауруын тудырады. Табиғи жағдайда құсқа тән түрі үй малдарына да жұғады (жылқы, шоша, ешкі, қой, ІМҚ, кейде адам). Зертханалық жануарлар ішінде генералиизденген туберкулезбен қояндар ауырады (септикалық түрі). Теңіз шошқаларының жұқтыруы төмендеу.
2. Бірінші фаза (клеткада вирустың адсорбциясы, клеткаға енуі, клеткада вирустың еруі); екінші фаза (транскрипция, аРНК трансляциясы, геномның репликация, вирустық компоненттің жинақталуы, клеткадан вирустың шығарылуы). Аллергиялық диагностика қою үшін туберкулин- альт-туберкулин, сүтқоректіліер үшін тазаланған құрғақ ППД-туберкулин (протеин-пуривиед-дериват), құстар үшін ППД-туберкулин қолданылады. Туберкулин дегеніміз-құсқа тән немесе малға тән туберкулез бактерияларының бульонды культурасының фильтраты.
Туберкулин 0,2 мл көлемінде тері астына енгізіледі. ІҚМ-мойынының орта тұсына, шошқаға құлағының түбіне, тауыққа айдар терісінің терңіне жіберіледі. Ауру малдарда иньекция орнында қабыну белгілері білінеді-қызару, ісіну, температураның өсуі (жоғары сезімталдықтың баяулаған түрі). Реакцияны тексеру тауықта-30-36 сағат, қой мен шошқада 48 сағат, ІҚМ, буйвол, зебу, елік, түйеде-72 сағат өткен соң жүргізіледі. ІҚМ қалыңдаған тері қыртысын кутиметрмен өлшейді. Қалыңдау 3 мл артық болса оң реакцияны көрсетеді.
Ірі қара мал параттуберкулездің , атипті микобактериялардың, туберкулездің адамға, құсқа тән қоздырғышын жұқтыруы да мүмкін. Мұндай жануарлар сүтқоректілер туберкулиніне реакция береді, бірақ олар туберкулезбен ауру емес. Бұл реакциялар спецификалық емес деп аталады да, екі түрге бөлінедіҮ
Парааллергиялық және псевдоаллергиялық.
Парааллергиялық реациялар ірі қара малдың атипті микробактерияларымен сенсебилизациялану нәтижесі ретінде туындайды. Псевдоаллергиялық- басқа факторлар мен тоғышарлық аурулар қоздырғышының әсерінің нәтитжесі. Жануарлардың аллергиялық реакцияларын дифференциациялау үшін атипті бактериялардың комплексті аллергені ұсынылған (КАМ аллерген). Алғашқы бөлігінде жануарға симультантты проба қояды, бір мезгілде КАМ және ППД- сүтқоректілердің аллергені. Атипті микобактериялар адамдар мен малдардың ішкі мүшелерінде өте ауыр жүретін-туберкулез сияқты өзгерістерді тудырады.
Диагностиканың екінші әдісі-бактериологиялық. Тірі кезінде патологиялық материал ретінде кеңірек шырышты, қақырық, сүт, нәжіс, сперма түзуге алынады.
Өлген немесе сойылған малдың лимфа түйіні, зақымдалған мүшелердің (өке, ішек, ірің, плевра) кесектері алынады. Оларды 30% глицеринде консервілеуге болады.
Паталогиялық материалдың суспензиясын 6-10% күкірт қышқылында немесе сілтіде тазаланған соң, қоректік ортаға сеуіп, 3 ай культивирлейді. Осы уақытта жағынды таңбаларын дайындап, таяқша тәрізді микобактерияларды Грамм, Циль-Нильсен әдісімен бояйды. Олар мүшелердің үйінділері сияқты (лат.назв) жіп тәрізді корд-фактор түзеді- ол патогеніліктің белгісі. Микобактериялардың дифференциациясын микроскопиялық, культуральды, биохимиялық, серологиялық, аллергиялық, биологиялық әдіс негізінде жасайды.
Тәжірибеде серологиялық диагностика қолданылмайды. Бұл микобактериялардың антигенді-қасиеттерінің ортақтығымен байланысты.
Туберкулезде иммунитет клеткалы, стерильді емес. 1924 жылы туберкулезге қарсы вакцинаны француз ғалымдары Кальмет және Герен ұсынды. Олар вакцинаны микобактерияның малға тән түрін өт және 5% глицерин қосылған картопты ортада ұзақ уақыт өсіру арқылы алды. 230 рет себу арқылы олар белгілі қасиеттері бар тұрақты нұсқасы авирулентті штамм алуға қол жеткізді. Штаммға БЦЖ культурасы деген ат берілді. Вакцина медицинада 1939 жылдан бастап қолданылуда.
Тәжірибеде БЦЖ вакцинасын туберкулез қаупі бір субьектілерге қолданады. Барлық жерде бірдей қолдану қажет емес, бұл малдардың сенсибилизациясына байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |