Дәріс №1 Тақырыбы


Микроорганизмдер попульяциясының морфологиялық және биохимиялық гетерогендігі



бет30/34
Дата24.11.2023
өлшемі102,4 Kb.
#193306
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
Байланысты:
file-8526 19

2. Микроорганизмдер попульяциясының морфологиялық және биохимиялық гетерогендігі.
Микроорганизмдер попульяциясының морфологиялық және биохимиялық гетерогендігі.Микроорганизмдер попульяциясының морфологиялық және биохимиялық гетерогендігі.Сыртқы орта обьектілеріне топырақ, су, ауа, азықтық заттар жатады. Олардың ішінде көбінесе сапрофиттер кездеседі, кейде патогенді микрорганизмдер болуы да мүмкін. Патогенді микробтар көп емес және үнемі кездеспейді, оларды сыртқы орта обьектілерінен ажырату әдісі күрделілігіне байланысты жеткіліксіз дамыған. Сондықтан обьектінің санитарлық-гигиеналық жағдайын қосымша биологиялық көрсеткіштерге қарап бағалайды.
Бұл көрсеткіштер:

  1. Жалпы микробпен ластану- жалпы микроб саны (ОМЧ)

  2. Обьектінің адамның және жануардың микроорганизмдердің санитарлық –көрсеткіштік саны бойынша анықталатын бөлінділерімен ластануы.

Жалпы микробтық сан обьем бірлігіндегі микробтың саны, 1г, 1мл. 3. ОМЧ-ны ЕПА-ға белгілі көлемді сеуіп, 37 С 24-28 сағат ішінде культивировать етіп анықтайды. ОМЧ ЕПА –да 1 мл, 1г субстратты себуден соң өсіп шыққан колония саны.
Мұндай анықтауда азотпен қоректену үшін ақуыз бен оның ажырау өнімдерін қолданатын аэробты сапрофитті мезофильді микробтардың колониясын ғана есепке алады. Анаэробтар мен зең есепке алынбайды. Тамақ өнімдерін бүлдіретін негізгі қоздырғыштар-сапрофитті микробтар, сондықтан ОМЧ ет және сүт өнімдерін сапасын бағалағанда анықталады. Сыртқы ортаның кейбр обьектілері үшін микробпен ластанудың шегі қалыптасқан- мысалы ауыз су үшін 1 мл-де 100 микробтан аспау керек; «Бұқтырылған ет» консервісінде стерилизацияға дейін 1 г-да 200 мың бактериядан аспау керек; пастерленген «А» категорлы сүтте 1 мл-де 75 мың микробтан аспау керек. Мұндай құжат болмаған жағдайда азықтың жарамдылығы жайында, сату немесе жарамсыздығы жайында құжат практикалық тәжірбиеге сүйеніп беріледі. Мысалы, пісірілген шұжықтың 1-2 сорттарының жалпы микробпен ластануы 1 г-да 1000 аспаса, сапасы жақсы деп саналады. Обьектінің микробпен ластануын титр немесе индекс түрінде көрсетеді.
Титр-құрамында микрорганизм табылған зерттелетін субстраттың ең аз көлемі. Индекс-зерттелетін субстраттың белгілі көлемінде табылған бастапқы микрорганизмнің клеткалар саны. Мысалы 1000 мл суда, 1 г топырақта, 1 г тамақ өнімінде.
Титрды индекспен есептеу:
Титр= 1000 индекс индекс=1000
Индекститр
Титр=1 индекс индекс = 1
Индекс титр
Санитарлық –көрсеткіштік микроорганизмдер
Патогенді микроорганизмдер суға, ауаға, топыраққа, тамақ өнімдеріне бактерия-, вирус бөлушілерден, ауру жануарлардың бөлінділеріне түседі. Сыртқы ортаның обьектілерінде аз концентрацияда болатындықтан оны бірден табу мүмкін емес. Сондықтан адам немесе жануар организмінде тіршілік ететін микроорганизмдерді пайдаланыды (ішекте, тыныс жолдарының жоғарғы бөлігінде). Мұндай микрорганизмдер санитарлық-көрсеткіштік деп аталады. Санитарлық-көрсеткіштік микроорганизмдер комменсал, сондықтан тек жағдай өзгергенде ғана шартты-патогенді қасиеттері анықталады.
Санитарлық-көрсеткіштік микроорганизмдерге қойылатын талаптар:

  1. адамның немесе жануардың табиғи қуыстарын мекендеп, сыртқы ортаға көп мөлшерде бөлініп шығады;

  2. санитарлық-көрсеткіштік микроорганизмдердің сыртқы ортада тіршілік етуге шыдамдылығы патогенді микробтар сияқты немесе сәл ұзақ болуы керек;

  3. патогенді микроорганизмдермен салыстырғанда сыртқы ортаның физикалық, химиялық әсеріне төзмділігі жоғары болуы керек;

  4. сыртқы ортада көбейеді;

  5. сыртқы ортаның обьектілерінен оңай ажыратылады. Сапрофиттер басып тастай алмайды;

  6. сыртқы ортаға түскен соң өзінің биологиялық қасиеттерін тез өзгертпеуі керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет