Дәріс №1 Тақырыбы


Биология кабинетіндегі көрнекіліктердің маңызы



Pdf көрінісі
бет88/105
Дата06.02.2022
өлшемі1,06 Mb.
#80635
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   105
Байланысты:
4 Дәрістер БОӘ-конвертирован

Биология кабинетіндегі көрнекіліктердің маңызы 
Биология пəнінен оқушыларға сабақ жүргізудегі бүкіл жүйенің негізгі
құрамының бірі арнайы практикалық жұмыстар болып саналады. Оның ішіне 
көрнекі құралдар дайындау бойынша арнайы практикумы кіреді.
Бұл құрал мектеп оқушыларына, сонымен қатар биология пəнінен арнайы 
үйірмелерге қатысушыларға арналады. Яғни, бұл құралды өзіндік жасанды 
құралдарды дайындау бойынша үйірмелер ұйымдастыруда пайдалануға болады. 
Кез-келген биология пəнінен үйірмелерге қатысушы оқушыларды арнайы 
дайындауда зертханлық жұмыстарға арналған арнайы көрнекіліктердің əр 
түрлілігін қажет етеді. 
Болашақ биология пəнінен дарынды оқушыларды тəрбиелеу жəне оқыту 
жүйесі Дəріслық, практикалық жəне семинар сабақтарымен сондай-ақ, қоғамдық 
жəне үйірме жұмыстармен негізделеді. Биология пəнінен дарынды, талантты 
оқушылар қабілетін арттыру бойынша пəндердің теориялық білімін кең көлемде 
игеріп жəне оқу процесін көп түрлі формаларымен ұйымдастыру барысында 
практикалық қабілет пен дағыдыларды қалыптастыра білу қажет. 
Оқушылардың теориялық дайындығын биология, валеология, жалпы жəне 
жеке əдістемелер бойынша Дəріслық курстар анықтайды. 
Биология курсын оқыту бойынша арнайы кітаппен жұмыс істеу,тестпен, 
жеке тапсырмалар беру арқылы білімділік пен іскерлікті қалыптастыруға əсер 
етуге болады. Оқушылар оқу процесі кезінде жеке жұмыстар жасауға, 
салыстырмалы түрде тақырыптарды талқылауға, талдап, белгілі бір 
қорытындылап, бақылау жасауға үйренеді. 
Биология пəнінен арнайы үйірмелерге қатысатын оқушылардың
іскерлік пен білімділікті сол пəн бойынша практикалық сабақтардан алады, ал 
педагогикалық шеберлікке дидактикалық көрнекі құралдарды дайындаудың 
арнаулы тəжірибелерінде, педагогикалық практикаларда, жеке əдістемелер 
бойынша практикалық сабақтарда үйренеді. Осындай жұмыстары бар арнайы 
тəжірибелер «Биология пəнінен көрнекі құралдар дайындау» курсында 
жүргізіледі. Бұл пəн оқушылардың тəжірибе жинауына əсер етеді, сонымен 
бірге, оқушылардың түрлі зертханалық жұмыстарын сəтті жасауға дайындайды.


Көрнекі құрал дайындаудың бүкіл жұмыс жүйесін біз шартты түрде 4 топқа 
бөлеміз: 
1.Табиғи объектілермен жұмыс (кеппешөп, колДəріслар, ылғалды
препараттар жəне т.б.). 
2.Түптеу жұмыстары. (Әр түрлі таблицалар, схемалар жəне т.б.) 
3.Желімді мақталармен жұмыс (муляждар, модельдер жəне т.б.),. 
4.Шынылармен, ағаштармен жұмыс (люминостат, теплица, шкафтар, қолдан 
жасалынған приборлар). 
Жұмыстардың қиындық деңгейі əр түрлі. Едəуір қарапайымы, оңайы: қатты 
қағаздарды түптеу, ал ең қиыны желімді мақталармен жұмыс Биология пəнінен 
көрнекі құралдар қолдануды педагогиканың көрнекі құралдарымен шатастырмау 
керек. Бұл екі түрлі принцип бір-бірімен тығыз байланысты. 
Көрнекіліктер биология сабақтарының барлығында қолданылады, бірақ бұл 
сабақтарды көрнекілік əдісімен өткізу деген түсінік емес. 
Сөздік əдістерін қолдануда алуан түрлі суреттерді, таблицаларды көрсету 
арқылы мұғалімнің сөзін дəлелдеу үшін қолданылады. Мысалы, өсімдіктер мен 
жануарлар туралы əңгімелеуде, табиғи обьектілерді қолдануға, суреттерін 
көрсетуге болады. Сондай-ақ ғалымдардың өмір жолын, ашқан жаңалықтарын 
баяндау кезінде суреттер, таблицалар т.б. қолданылады.Бұл кезде қолданылған 
көрнекіліктер сабақтың мазмұнын əсерлеу үшін қажет. 
Ал, сабақты көрнекілік əдіспен өткен кезде, пайдаланылған көрнекіліктің 
сипаты өзгереді жасалған тəжірибелер, көрсетілген тірі обьектілер, 
кинофильмдер, таблицалар, бейнетаспалар-оқушылардың білім алу көзі 
мұғалімнің сөзі екінші ретте көмекші құрал ретінде көрініс алады. 
Көрнекіліктер мен обьектілерді демонстрациялау барысында оқушылар өз 
бетінше бақылап немесе мұғалімнің жетешілігімен қорытындылар мен 
тұжырымдар жасап, жаңа білі алады. 
Көрнекілік əдісін қолдану, оқушылардың жаңа мазмұнды қабылдау жəне 
ойлау қабілетін дамытады. 
Табиғи объектілермен жұмыс жасау оқушылар арасында биология пəніне 
деген қызығушылығын тудырады. Сонымен қатар қатты қағаздарды түптеу де 
осындай əсер қалдырады, бірақ олар нақты тірі объектілерден ерекшеленеді
қызығушылық оларды дайындау əдістерінде көрініс береді. 
Оқушылар өздерінің жұмыстарымен биология кабинетін жабдықтауға 
көмектеседі. Қолдан жасалған көрнекі құралдарды пайдалану арқылы сабақта 
оқушылардың биология пəнінен білім алуға көмектеседі. 
Енді мұнда біз көрнекі құрал дайындау бойынша мектеп үйірмелерінің 
жұмысының тəрбиелік жағына толығырақ тоқталып өтейік. Үйірменің жұмысы 
біртұтас мақсатқа бағынады – билогия кабинетіне арналған құралдар мен 
жабдықтарды даярлау болып табылады. Құралды дұрыс орындау бақылау мен 
ойлауды қажет етеді. Балалар құралдың өлшеміне, пішініне, немесе заттың 
жекеленген түсіне назар аударуы керек. 
Мұндай жұмыстарды орындау кезінде оқушыларда кеңістік жəне көлемдік 
ұғымдар кеңінен дамиды. Бұл тек билогия пəнін тануда ғана емес,
сонымен қатар басқа да мектеп сабақтарында бірінші кезекте математика, 
химия жəне физика пəндерінде қажет. 


Жас натуралистер немесе үйірмешілер графикалық жəне көлемдік құралдар 
дайындайды. Олар осының арқасында кез-келген адамның күнделікті өміріне 
пайдалы, оқушылардың биология , география танымдылығына қажетті 
графикалық жəне көлемді білімдерін көрсете алады. 
Үйірмелік жұмыстардың эстетикалық тəрбие беруде де ролі аз емес. 
Балалар «Жердегі өсімдік əлемінің дамуы» атты құрал дайындаған кезде олар 
əдемі жазуға, қатты қағаз бетіне затты ұқыпты қойуды , желіммен жұмыс 
жасауды үйренеді, жалпы алғанда құралды эстетикалық əсер тудыратындай етіп 
жасауды үйренеді. 
Оқушылар кестені, сызбаларды, модельдерді бояу кезінде олар бояуларды 
таңдауды жəне оларды қолдануды, сондай-ақ, тəрбие жоспарында бояулардың 
сəтті үйлесімін таңдай отырып үйренеді. Тиянақты орындалған жұмыс 
көркемділігімен тартымды болады. Орындаушыға да , басқаға да 
эстетикалықəсер туғызады. 
Тəрбиелік қатынаста ерекше орынды шыны мен ағаштан жасалынған
жұмыстар алады, ол ағаш өңдеуді, ұсталық іскерлікті, ептілікті қажет етеді. 
Басқа да ағаштан, металдан, шыныдан жасалынған құралдар оқушылардың 
қолының ептілігін, физикалық еңбегінің іскерлігі мен білімділігін арттырады. 
Осы процесс кезінде олар балтамен, арамен, шыныкескішпен, т.б. құралдарды 
қолдануды үйренеді. Бұдан басқа бұл жұмыстар қол шеберлігінің дамуына əсер 
етеді, бəрін өз қолымен жасауға, істеуге əрлеуге деген ынтасын оятады, оның 
нақты нəтижелерін көруге үйретеді. Дененің физикалық еңбегі ағзаны 
жетілдіреді, мектеп оқушысының жүйке жүйесін, бұлшық еттерін 
жаттықтырады, денсаулығын қатайтады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет