б) əрекеттілік (процессуалдық) бөлімі – технологиялық үрдіс (оқу-тəрбие үрдісін
ұйымдастыру, оқушылардың ұжымдық іс-əрекетінің əдістері мен фор малары;
мұғалімнің оқу-тəрбие ісін басқару əдістері мен формалары; оқу-тəрбие
үрдісінің диагностикасы).
Педагогикалық технологияның тиімділігі педагогикалық жəне материалдық
шарттарға байланысты. Педагогикалық технологияның
табысты болуын
анықтайтын педагогикалық шарттарға, ең алдымен , педагогтың дербес ерек-
шеліктері: тұлғалық даралығын, мəдениеттілігін,
қызығуын, т.с.с. жатқызуға
болады. Сонымен бірге, оқушылармен қарым-қатынас жасау біліктілігі мен
кəсіби шеберлігі де ерекше мəнге ие болады.
«Инновация» ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған əр түрлі
анық-
тамалар берген. Мысалы, Э. Роджерс инновацияны былайша түсіндіреді:
«Инновация – нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея». Ендеше
«инновация» ұғымы – педагогикалық сөздік қорына ежелден ен- ген термин. Ол
кейбір ғалымдардың еңбектерінде «жаңа», «жаңалық енгізу» деп көрсетілсе,
кейбіреулер оны «өзгеріс» деген терминмен анықтайды.
Инновация термині қазірде білім берудің теориясы мен тəжірибесінде
кеңінен қолданылып жүр. Бірақ, ғылымда бұл терминнің нақтылы анықта -масы
белгілі бір категория ретінде берілмеген. Берілетін анықтамалардың көпшілігі
бұл ұғымды кеңінен терең таныта алмайды. Инновацияны «білім беру
жүйесіндегі жаңалық енгізу» деп айтсақ, оның мағынасын тарылтқан болар едік.
Инновация латыншадан аударғанда жаңа, жаңалық,жаңарту
дегенді біл-
діреді екен. Яғни, С. Ожегов сөздігіне сүйенсек, инновация бірінші рет шық -
қан, жасалған, жуық арада пайда болған, бұрынғының орнын басатын,
алғаш
ашылған, бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық болып шығады.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламаларында «... білім берудің тиімді жұмыс
істейтін қазақстандық жүйесі қалыптасып, қазіргі əлемде Қазақстанның лайықты
орын алуына мүмкіндік беретін оқыту мен кадрларды даярлаудың сапалық білім
деңгейіне қол жеткізетін болады» деп атап көрсетілген. Яғни, «жаңа» қоғамға
«жаңа» сапалы адам керек. Мұндай адамды қалыптастыру – қазіргі заманғы
білім беру жүйесінің алдында тұрған басты міндет.
1970 жылдардың басынан бастап көптеген
елдердің жоғарғы оқу
орындарында оқу іс-əрекетінің дəстүрлі əдістері мен түрлерін сыни қарау мен
модерндеу іске асырылуда, олардың жаңа жəне тиімділері іздестірілуде.