Дәріс 1 Тақырып: Қазақстан Республикаcының конституциялық құқығы: түсінігі, пәні және әдістері



Дата04.01.2020
өлшемі17,23 Kb.
#55422
түріЛекция
Байланысты:
лекция 1
лекция 1, лекция 1
Дәріс 1

Тақырып: Қазақстан Республикаcының конституциялық құқығы: түсінігі, пәні және әдістері
Жоспары:

1.ҚР конституциялық құқығының түсінігі

2.ҚР конституциялық құқығының пәні, әдістері

3.ҚР құқық әдістері-өкілеттендіру, міндеттеу, тыйым салу, тану ж.т.б


Лекция мақсаты: Бұл пәнді оқытудың мақсаты конституциялық құқықтық дәрежелер мен құбылыстарды талдау, сондай-ақ Қазақстанның конституциялық даму процессін оқып үйрену болып табылады.

Конституциялық құқық — ҚР құқық жүйесінің жетекші саларының бірі ретінде — ол өзінің ішкі тұтастығымен сипатталатын құқықтық нормалар жүйесін білдіреді және басқа құқық жүйесінің нормаларынан ерекшеленеді. Ішкі тұтастық конституциялық нормалардағы қоғамдық қатынастардың ерекшеліктерімен белгіленетін, солар арқылы реттелетін жалпы белгілердің болатындығын білдіреді.

Конституциялық құқық пәнін оның нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар құрайды. Конституциялық құқық пәнінің өзіндік ерекшеліктері бар. Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар мемлекет және қоғам құрылымының негізін құрайды және мемлекеттік биліктің жүзеге асуымен тікелей байланысты жүргізіледі.

Конституциялық құқық пәнін түсіндірудің теориялық, сондай-ақ тәжірибелік мәні бар. Онсыз конституциялық құқықтың нормалары мен институттарына тән мәнін дұрыс түсінуге болмайды, олардың құқықтық реттеудегі мәні мен рөлін ашып көрсету, құқықтық жүйедегі орнын анықтау мүмкін емес. Конституциялық құқық пәнін білмейінше оның нормаларын қолдану саласын да анықтау мүмкін емес. Өйткені, нақты құқықтық әрекеттерді таңдау кезінде, ең алдымен қай саланың нормасын қолдану қажеттігін анықтап алу керек. Ал ол үшін, реттеудің нысаны болып табылатын қоғамдық қатынастар сипатын белгілеу.

Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қатынас мейлінше кең. Ол мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларын: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және басқа салаларды қамтиды. Әрине, конституциялық құқық нормалары аталған салалардың барлық көріністері бойынша және жанжақты реттемейді. Ол аталған салаларда тек ең негізгі, базалық қабаттарды ғана реттейді. Бұл қабаттар мемлекет пен қоғамдағы кейін кең дамитын саяси, экономикалық, әлеуметтік, діни байланыстардың негізін қалайды.

Конституциялық құқық, тұтас алғанда, құқықтың реттеу әдістері деп аталады, белгілі бір тәсілдер мен әдістердің көмегімен мемлекеттік және қоғамдық қатынастарды реттейді. Конституциялық-құқықтық қатынастарды реттеу үшін төмендегідей:

1. Міндеттеу әдісі; 2. Тыйым салу әдісі; 3. Рұқсат ету әдісі; 4. Тану әдістерді қолданылады.

Міндеттеу әдісі мемлекеттік органға сияқты, жеке тұлғаларға да қатысты, олардың барлық қызмет саласында қолданылады.

Рұқсат ету әдісі мемлекеттік органдардың өкілеттігін белгілеу кезінде де қолданылады.

Құқықтық реттеудің тағы бір әдісі — тану әдісін де қолданады. Кеңестік кезеңнен кейінгі конституциялық құқық жөніндегі әдебиеттерде мұндай әдістің қолданылу мүмкіндігі байқалмайды.

Оның үстіне бұл әдіс объективті фактордан — адамдардың табиғи құқығын заң тұрғысынан танудан туындайды.

Конституцияның құқықтық нормалары сала ретінде конституциялық құқықтың тура және тікелей қайнар көзі болып табылады. ҚР Конституциясының құқықтық нормалары қалайша құқықтың қайнар көзі етінде сипатталады:

1. ҚР Конституциясында бүкіл конституциялық заңдардың негізі болып табылатын құқықтық нормалар орнықтырылады.

Басқаша айтқанда, Конституцияның құқықтық нормалары конституциялық-құқықтық қатынастарды реттейтін барлық нормативтік-құқықтық актілерді қалыптастыру мен дамытудың негізі болып табылады.

2. ҚР Конституциясының құқықтық нормалары мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларын: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени салаларды қамтиды. Әрине, Конституцияның құқықтық нормалары аталған салалардағы қоғамдық қатынастарды егжей-тегжейлі және жан-жақты реттемейді. Ол тек қоғамдық қатынастардың мәнді, басты бағыттарын ғана реттейді. ҚР Конституциясының құқықтық нормалары құқықтың басқа салаларының құқықтық нормаларынан осынысымен ерекшеленеді.

3. Конституциялық құқықтың басқа бастауларымен салыстырғанда ҚР Конституциясының жоғары заңдық күші бар және ҚР барлық аумағында қолданылады. ҚР-да қабылданған заңдар және басқа нормативтік актілер Конституциядан бастау алуы және оған қайшы келмеуі тиіс. Егер олар Конституцияға қайшы келсе, онда олар заңсыз деп танылады және қолдануға жатпайды. ҚР-ның Конституциясында оның қағидаларының жоғары заңдық күшін қамтамасыз етудің кепілдігі белгіленген.

4. ҚР Конституциясының тек конституциялық құқықтық ғана емес, сондай-ақ құқықтың басқа да салаларының бастауы ретіндегі мәні мынада, онда халықтың мемлекеттің еркі, олардың құқықтық демократиялық мемлекет құру, дүниежүзілік қауымдастыққа оның тең құқылы мүшесі ретінде қосылу жөніндегі табандылығы тікелей көрініс тапқан.

5. Конституция құқықтың басқа бастауларынан, тұтастай қоғамның негізгі заңы екендігімен ерекшеленеді. Басқа нормативтік-құқықтық актілер қоғам өмірінің жекелеген тараптарын қамтиды. Ал, ҚР-сы Конституциясының идеялары, құқықтық нормалары бүкіл қоғам өмірінің мейлінше мәнді бағыттарын реттейді.

6. Сондай-ақ, Конституция конструциялық құқықтың басқа бастауларынан өзгерістер мен толықтырулар қабылдаудың, ерекше тәртібін белгілеуімен де ерекшеленеді. Мұндай тәртіп Конституцияның мемлекет пен қоғамның негізгі заңы ретіндегі және олардың тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттігінен туындайтын мәнімен сипатталады.

7. ҚР-сы Конституциясының тағы бір өзіндік қыры — онда оның басқа қайнарларының нысандары: конституциялық, жәй заңдары, Президенттің нормативтік жарлықтары мен қаулылары, ҚР-сы үкіметінің қаулылары, сондай-ақ заңдық күшінің деңгейі, қабылдау, жариялау, күшін жою тәртібі көрсетіледі.



ҚР-сы конституциялық құқығының мемлекеттік мәні бар құқықтық нормаларды белгілейтін қайнар көзінің қатарына конституциялық заңдар жатады. ҚР конституциялық заңдарының өзіндік ерекшелігі — олар Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізбейді, тек Конституцияның құқықтық нормаларын нақтылайды. ҚР-ның конституциялық заңдарын қабылдаудағы іс жүргізу Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдаудағы іс жүргізуінде ерекшеленеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет