Дәріс №11. Ет және ет өнімдерінің жалпы технологиясы. Ет өнімдері өндірісінің негізгі технологиялық сызбасы


Шұжық өнімдері өндірісінің технологиясы



бет2/33
Дата13.01.2022
өлшемі51,44 Kb.
#111531
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
Тағам.өнім.жалпы технолгиясы 11,12,13,14,15
03, 03, QsLB6Cxpf7KvcoYzsgqLey4puNEmWOfAvFnpR490
2. Шұжық өнімдері өндірісінің технологиясы.

Шұжық өнімдері пісірілген, пісірілген-ысталған, жартылай ысталған және шикі ысталған, сонымен қатар шикі кептірілген болып бөлінеді.

Шұжық өнімдері етттен және сойылған басқа шикізаттардан жасалады. Шұжық өнімін жасау үшін дені сау малының шикізаты қолданылады. Кірленген, соғылған, қан кеткен жерлер алынып тасталуы қажет. Иіссіз тушалар, бірақ жоғарғы беті көгерген және соғылған ет ыстық сумен (50°С) және суық сумен өңделеді. Мұздатылған етті, сумен жуып шаяды.

Шпик өзіне тән иісі бар, ақ түсті, кірленбеген болуы керек. Қосылған қоспалар мен бұрыштар спецификалық иіс және дәм беруі қажет.

Ішек қабығы стандартқа сай болуы қажет. Ал жасанды қабықшаны беріктігіне тексереді және көлемі техникалық міндетке сай болу керек.

Шұжықты байлау үшін қолданылатын шпагатты стандарт талабына сай тексереді.

Пісірілген шұжықтарды будағы салқындатылған немесе мұздатылған күйдегі сиыр еті мен шошқа етінен өндіреді, ал қалған шұжық түрлерін салқындатылған немесе мұздатылған күйде өндіреді.

Жоғары сортты қаталған және жартылай қақталған шұжықтарды екі рет мұздатылған еттен жасауға болмайды.

Шұжықтарды жасаудың негізгі технологиясы ішекті дайындаудан, ет шикізатын дайындаудан, фарш дайындаудан, батондарды формалаудан, жылу мен салқындату өңдеу процестерінен тұрады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет