Өндіріс қалдықтарына бұйым алу процесінде шыққан және жартылай немесе түгелімен өзінің бастапқы тұтыну сапасын жоғалтқан шикізаттың, материалдардың, шала бұйымдардың қалдықтары жатады. Бұл топқа сонымен қатар шикізатты физикалық-химиялық жолмен өңдегенде, пайдалы кендерді шығарғанда және байытқанда шыққан, бірақ өндірістік процестің қажетінен шықпайтын өнімдер жатады. Оларды қайтадан өңдеп, халық шаруашылығында, шикізат ретінде басқа өндіріс орындарында немесе отын ретінде қолдануға болады. Сонымен қатар өндіріс қалдықтарына сыртқа шығарылатын технологиялық газдарды және ақаба суларды тазалағанда бөлініп алынатын қатты заттар жа жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |