- Ерітіндінің қышқылдығын не сілтілігін ыңғайлы тәсілмен өрнектеу ұсынылған (теріс мәнді көрсеткіші бар сандармен жұмыс жасау ыңғайсыз) оларды сутек иондарының, немесе гидроксид иондарының теріс таңбамен алынған ондық логарифмдерімен көрсетеді. Ол сутек немесе гидроксил көрсеткіші деп аталып, рН және рОН арқылы белгіленеді:
- рН = − lg [H+]; рОН = − lg [ОH-].
- Теріс таңбамен алынған сутегі ионы концентрациясының ондық логарифмі сутектік көрсеткіш деп аталады.
- Теріс таңбамен алынған гидроксил ионы концентрациясының ондық логарифмі гидроксил көрсеткіші деп аталады.
- Мысалы, егер [H+] = 10-3моль/л болса, онда рН= − lg [H+] =− lg [10-3] = 3;
- егер [H+] = 10-10 моль/л болса, онда рН= − lg [H+] =− lg [10-10] = 10.
- Сонымен, бейтарап ерітіндіде рН = 7 болады,
- қышқыл ерітіндіде рН < 7,
- сілтілі ерітіндіде рН > 7 тең,
- рН + рОН = 14 тұрақты болады.
Достарыңызбен бөлісу: |