Дәріс 13. Саяси даму және модернизация Саяси модернизацияның түсінігі, мақсаты, оның негізгі сипаттары



Дата16.10.2022
өлшемі22,54 Kb.
#153312
түріБағдарламасы
Байланысты:
лекция 13 Тажиева саясаттану


Дәріс 13. Саяси даму және модернизация



  1. Саяси модернизацияның түсінігі, мақсаты, оның негізгі сипаттары

  2. Қазақстан Республикасының саяси модернизацисының ерекшелігі. "Қазақстан-2050 Стратегиясы", Ұлт жоспары – бес институционалдық реформа, Рухани жаңғыру – болашаққа бағдар бағдарламасы – қазақстандық саяси модернизациясының тәжірибесі ретінде.

Этимологиялық тұрғыдан «жаңғыру» ұғымы modern (фр. mo-derne) жаңа, заманауи, ал оның туынды етістігі modernize (фр. mo-derniser) заманауи талаптарға сәйкес жетілдіру, жаңарту, өзгерту деп пайымдалады. ХХ ғасырдың ортасында modernity заманауи бағыт бойынша әлеуметтік жүйенің өтпелі жағдайын білдіретін ұғым ретінде қалыптаса бастайды. Итал. moderniti – «өркениетті қоғам». «Жаңғыру» термині ағылшын тілінен аударғанда жаңа-шаландыру деген мағынаны білдіреді және қазіргі қоғамға тән бірқатар сипаттамасы бар.
Жалпы түрде жаңғыру дәстүрлі қоғамнан заманауиға көшу ретінде айқындалады, ол ең алдымен дәстүрлі ерекшеліктен жаңалыққа бағдарлануды, дәстүрден жаңалықтардың басым болуын, әлеуметтік өмірдің зайырлы сипатын, үдемелі (циклдік емес) дамуды, бөлінген дербестікті, аспаптық құндылықтарға басым бағдарлауды, индустриялық сипатты, жаппай білім бе-руді, белсенді іс-әрекеттікті және т.б. қамтиды.
Қазіргі уақытта саяси жаңғыру саяси жүйенің әлеуметтік мақсаттардың жаңа үлгілеріне бейімделуі және әлеуметтік жүйе-нің дамуын қамтамасыз ететін институттардың жаңа түрлерін құру қабілетінің өсуі ретінде түсіндіріледі. Бұл процесс объек-тивті (әлеуметтік-экономикалық және мәдени), сондай-ақ субъ-ективті (саяси басшылықтың саяси жүйені неғұрлым немесе ти-імді өзгертуді жүзеге асыру қабілеті) факторларға негізделген. Саяси жаңғырудың мақсаты:
 әлеуметтік және экономикалық проблемалардың тұрақты кеңейтілген шеңберін шешу үшін жаңа саяси институттар құру;
 элитаның және көшбасшылардың ашық күреске саяси бағдарын өзгерту;
 тиімді бюрократияны қалыптастыру.
Сонымен қоса саяси жаңғыру:
 аумақты кеңейту және әкімшілік-саяси шекараларды реттеу, ұлттық немесе федеративтік мемлекеттердің құрылуы, орталық билікті күшейту, сонымен бірге билікті бөлу;
 қоғамның тұрақтылығы мен ішкі бірлігін сақтай оты-рып, мемлекеттің экономикадағы, саясаттағы, әлеуметтік сала-дағы құрылымдық өзгерістерге қабілеттілігі;
 халықтың көп бөлігін саяси процеске қосу (тым болмағанда сайлау арқылы);
 саяси демократияны немесе кем дегенде популистік басқаруды орнату, билікті легитимациялау тәсілдерін өзгерту сипатында болады.
1995 жылы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республика-сының Конституциясы саяси және экономикалық жүйені бағыт-тайтын, мемлекеттік биліктің, сот, басқару, сайлау жүйесі, аза-маттардың негізгі құқықтары, жауапкершілігі мен бостандықта-рын ұйымдастыру принциптерін орнатушы мемлекеттің жоғары заңдық күші бар негізгі құжат. Қазақстан Республикасының Конституциясы тұрақтандырушы рөл атқарады, қарама-қайшы-лықты реттеу мен қоғамның жаңаруына, құндылықтарды қайта қарауға жұмылдырады, қоғамның саяси модернизациясының маңызды факторы ретінде анықталады. Осылайша, Қазақстан Республика-сының Конституциясы саяси жүйені модернизациялаудың құ-қықтық негізі болып табылады.
Қазақстан Республика-сының саяси модернизациясы саяси жүйенің заманауи талапта-рына сай өзгерістер, қоғамдық процестердің демократизация, мемлекетті басқаруда азаматтардың қатысуы және азаматтық қоғамды қалыптастыру барысында саяси-әлеуметтік қайта құру-лар болып табылады. Экономикалық, әлеуметтік және саяси салалардағы жаңғы-ру мен дамыту міндеттері Қазақстанда басты назарға ие.
Қазақстан Республикасы Кеңес Социалистік Республика Одағының құрамынан шығып, өз тәуелсіз жолын бастады. Сол кезде әлем карта-сында болмаған жаңа мемлекет құрылды. Жоспарлы экономика-дан нарықтық экономикаға көшу жүзеге асырылды. Қазақстан бұл кезеңде аз шығын шығарып, зор жетістіктерге қол жеткізді. Қазақстан Республикасының жаңа суверенді мемлекет ретінде қалыптасуының алғышарттарын атай келе, Қазақстанның тәуел-сіз мемлекет ретінде қалыптасуының алғашқы жылдарында ке-лесідей факторларды назарға алу қажеттілігін көрсетті: жүйелік дағдарыс, мемлекеттік құрылым қайта құрылуы, жоспарлы эко-номикадан нарықтық экономикаға өтуі, жаңа саяси жүйенің қа-лыптасуы. Елбасы Н. Назарбаев бұл кезеңді Қазақстан Респуб-ликасы модернизациясының бірінші кезеңі деп атады. Екінші жаңғыру «Қазақстан – 2030» стратегиясының қабылдануымен және жаңа елорда – Астананың салынуымен басталды. Оның нәтижелі болғаны дау тудырмайды. Еліміз экономикалық тұрғыдан артта қалған аймақтан шығып, әлемдегі экономи-касы бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына кірді. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың модернизацияның үшінші кезеңін жариялауы тек жаһандық әлемдік сын-қатерлерге жауап іздеу ғана емес, 2012 жылы желтоқсанда Мемлекет басшысының ел халқына Жолдауында Қазақстан Республикасының «Қазақстан – 2050» стратегиялық бағдарламасы арқылы қазақстандық жолды жүзеге асыруды әзірлеуі болды.
Стратегияның басты мақсаты – мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуы.
Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін «Қазақстан – 2050» Стратегиясы жеті ұзақмерзімді басымдықтарды іске асыруды қарастырады:
1. Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм
2. Кәсіпкерлікті – ұлттық экономиканың жетекші күшін жан-жақты қолдау
3. Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері – әлеуметтік кепілдіктер және жеке жауапкершілік
4. Білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары
5. Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту
6. Дәйекті және болжамды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді ілгерілету мен аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту
7. Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі
Стратегия аясында келесі бағдарламалар қабылданып жүзеге асырылды:

  • Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама

  • Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы

  • Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың мемлекеттiк бағдарламасы

Мұнымен бірге Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылдың мамыр айында «100 нақты қадам» Ұлт жоспары бағдарламасын ұсынды. Еліміздің уақыт талабына сай дамуына, заман сұранысына лайықты жауап беретін ауқымды шараларды жүзеге асыру үшін бағдарламаның мағыздылығы күмәнсіз.egemen.kz: https://egemen.kz/article/160453-100-naqty-qadam-ult-dgos%C2%ADparynynh-mol-mumkindigi
© egemen.kz
Бағдарлама елдің саяси, құқықтық, экономикалық, әлеуметтік, мәдени дамуын қарастыратын 5 бағытта реформа жүргізуді көздейтін 100 қадамды қамтиды. Реформаларға нақты тоқталатын болса олар:

  • КӘСІБИ МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТ ҚҰРУ

  • ЗАҢНЫҢ ҮСТЕМДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

  • ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ

  • БІРТЕКТІЛІК ПЕН БІРЛІК

  • ЕСЕП БЕРЕТІН МЕМЛЕКЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Бүгінгі таңда Ұлт жоспарының 100 қадамының ішінде 72 қадам іске асырылды: «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» бағыты бойынша – 15 қадамның 13-і, «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету» бағыты бойынша – барлық 19 қадам, «Индустрияландыру және экономикалық өсім» бағыты бойынша – 50 қадамның 27-сі, «Біртектілік және бірлік» бағыты бойынша – 6 қадамның 3-уі, «Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру» бағыты бойынша – барлық 10 қадам. 2021 жылы «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» және «Индустрияландыру және экономикалық өсу» бағыттары бойынша 9 қадамды орындау жоспарлануда.
Сонымен қатар 2017 жылы еліміздегі саяси модернизацияны жүзеге асыру барысында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғы-ру» бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарлама ұлттық деңгей-дегі негізгі маңызды мәселелерді қарастырып, оған қол жеткі-зуді көздеп отыр:
1. Бірінші, бәсекелік қабілет әрбір қазақстандық, сол ар-қылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы ке-рек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мә-дени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттарға ие болуы қажет.
2. Екінші, прагматизм. Нақты мақсатқа жетуге, білім алуға, саламатты өмір салтын ұстануға, кәсіби тұрғыдан жетілуге ба-сымдық бере отырып, осы жолда әр нәрсені ұтымды пайдалану.
3. Үшіншіден, ұлттық бірегейлікті сақтау. Алдымен, ұлт-тық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру бол-майды. Сонымен қатар алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек.
4. Төртінші, білімнің салтанат құруы. Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әр-дайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі құндылықтар жүйе-сінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді.
5. Бесінші, Қазақстанның революциялық жолмен емес, эво-люциялық жолмен дамуы. Бүгінде революциялар өңін өзгертіп, ұлттық, діни, мәдени, сепаратистік перде жамылды. Бірақ бәрі де, түптеп келгенде, қантөгіспен, экономикалық күйреумен аяқ-талатынын көріп отырмыз. Сондықтан әлемдегі оқиғаларды ой елегінен өткізіп, қорытынды жасау – қоғамның да, саяси партия-лар мен қозғалыстардың да, білім беру жүйесінің де ауқымды дүниетанымдық, рухани жұмысының бір бөлігі.
6. Алтыншы, сананың ашықтығы. Сананың ашықтығы зер-денің үш ерекшелігін білдіреді. Біріншіден, ол дүйім дүниеде, Жер шарының өзіңе қатысты аумағында және өз еліңнің айнала-сында не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді. Екіншіден, ол жаңа технологияның ағыны алып келетін өзгерістердің бәрі-не дайын болу деген сөз. Таяудағы он жылда біздің өмір салты-мыз: жұмыс, тұрмыс, демалыс, баспана, адами қатынас тәсілде-рі, қысқасы, барлығы түбегейлі өзгереді. Біз бұған да дайын бо-луымыздың қажеттігі.
Таяу жылдардағы міндеттер бағдарламаның екінші тарауы бірнеше ұсынылған келесідей жобаларды қамтиды:
1. Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру.
2. Екіншіден, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойын-ша «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқу-лық» жобасы.
3. Үшіншіден, қазақ «туған жерге туыңды тік» деп бекер айтпаған. Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылы-ңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі.
4. Төртіншіден, жергілікті нысандар мен елді мекендерге бағытталған «Туған жер» бағдарламасынан бөлек, біз халықтың санасына одан да маңыздырақ – жалпыұлттық қасиет ұғымын сіңіруіміз керек. Ол үшін «Қазақстанның қасиетті рухани құн-дылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің география-сы» жобасы іске асырылуда. Әрбір халықтың, әрбір өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жері болады, оны сол халықтың әрбір азаматы біледі. Бұл – рухани дәстүрдің басты негіздерінің бірі.
5. Бесіншіден, заманауи әлемдегі бәсекелік қабілет – мәде-ниеттің де бәсекелік қабілеті деген сөз. Біз ХХІ ғасырдың жа-һандық картасында ешкімге ұқсамайтын, дербес орны бар ұлт боламыз десек, «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыруға тиіспіз. Отандық мәдениет Біріккен Ұлттар Ұйымының алты тілі – ағылшын, орыс, қытай, испан, араб және француз тілдерінде сөйлеуі үшін мақсатты ұстаным болуы шарт. Екінші, ол бүгінгі қазақстандықтар жасаған және жасап жатқан заманауи мәдениет болуға тиіс. Үшінші, мәдени қазыналарымызды әлем жұртшылығына таныстырудың мүлде жаңа тәсілдерін ойластыру керек. Алтыншыдан, ұлт мақтанышы біздің бұрынғы өткен батыр бабаларымыз, данагөй билеріміз бен жырауларымыз ғана бол-мауға тиіс. Бұл идеяны «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы арқылы іске асырған жөн. «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жоба-сы – тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңі-рінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің тарихы.
Алтыншыдан, ұлт мақтанышы біздің бұрынғы өткен батыр бабаларымыз, данагөй билеріміз бен жырауларымыз ғана бол-мауға тиіс. Бұл идеяны «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы арқылы іске асырған жөн. «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жоба-сы – тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңі-рінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің та-рихы.
Дереккөз: https://www.primeminister.kz/kz/news/ukimette-100-nakty-kadam-ult-zhosparyn-iske-asyru-barysy-karaldy-25283
Саяси модернизация: оқу құралы / Г.Қ. Әбдіғалиева, А.О. Жампетова. – Aлмaты: Қaзaқ университеті, 2020. – 158 б.


Сонымен, саяси даму мен модернизация – қоғамды демократияландыру мен қоғам мен билік арасындағы жаңа үлгідегі қарым-қатынасты орнату бойынша жүретін күрделі әрі ұзақ үдеріс. Қазақстан Республикасының саяси модернизациясы мемлекет КСРО құрамынан шығып жаңа демократиялық қағидаларға сай мемлекет құруға бағытталған қадамдардан басталды. Бүгін Қазақстан модернизацияның үшінші кезеңін басынан өткеруде. Қазақстандық саяси даму мен модернизация қоғам өмірінің барлық салаларын қамтиды және әр салаға байланысты бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы орындалуда. Олардың негізгілері ҚР – 2050 стратегисы, Рухани жаңғыру бағдарламасы, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары бағдарламсы және тағы көптеген әртүрлі бағыттағы бағдарламалар мен жобалар.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет