Дәріс №14 тақырыбы: Асқорыту жүйесінің бөліктері. Асқорыту түтігінің құрылысы. Тістің құрылысы. Сүт тістер және тұрақты тістер. Тілдің қызметі мен құрылысы. Пирогов-Вальдейер лимфоидты сақинасы Ішкі ағзалар



бет32/88
Дата22.01.2023
өлшемі152,77 Kb.
#166093
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   88
Байланысты:
Д ріс №14 та ырыбы Ас орыту ж йесіні б ліктері. Ас орыту т тіг
f5fe56d99b49fa0
1.Қойнау – жүрекше түйіні – жүрекше бұлшық етімен байланысқан және олардың ырғақты жиырылуы үшін керек.
2.Жүрекше-қарынша түйіні оң жүрекшенің қабырғасында үш жармалы қақпақтың қасында орналасқан. Ж8рекше б9лшы0 ет3мен т3келей байланысқан түйін талшықтары жүрекше- қарынша будасы (Гис будасы) түрінде қарыншалар арасындағы қалқаға айнала жалғасады.Буда қарыншалар қалқасында оң және жақ екі аяқшаға бөлінеді, олар аттас қарыншалардың қабырғасына барып, солардың эндокард астындағы бұлшық етінде тарамдалады. Жүрекше-қарынша будасы арқылы жүрекшеден қарыншаға жиырылу толқыны беріліп, соның нәтижесінде жүрекшелер мен қарыншалардың систола ырғағы реттеледі. Демек, жүрекшелер өзара қойнау- жүрекше түйіні арқылы, ал қарыншалар мен жүрекшелер жүрекше –қарынша будасы арқылы байланысады. Әдетте, тітіркену оң жақ жүрекшедегі қойнау –жүрекше түйінінен жүрекше –қарынша түйініне, ал одан жүрекше –қарынша будасы арқылы екі қарыншаға беріледі.
Жүрекқап, pericardium –тұйық сірлі қап. Ол 2 қабаттан тұрады : 1. сыртқы фиброзды, 2. ішкі- сірлі қабық.
Сыртқы фиброзды қабат ірі тамырлы сабаулардың адвентициясына өтеді, ол алдыңғы жағынан қысқа дәнекер тінді тартпалар арқылы төстің ішкі бетіне бекиді. Ішкі сірлі қабат екі табақшаға бөлінеді :
1. Висцералды табақша немесе эпикард
2. Париеталды табақша сыртқы фиброзды қабықтың ішкі бетімен бітісіп кетеді және оны ішінен жауып тұрады. Екі табақша арасында саңылау тәрізді жүрекқап қуысы жатады, онда аз сірлі сұйықтық болады.
Жүрекқаптың артқы беті өңеш пен төмен кететін қолқаға жанасады.
Жүрек топографиясы.
Жүрек кеуде аралығында асимметриялы орналасқан.Оның көп бөлігі ортаңғы сызықтан солға қарай жатады, оң жағында тек қуыс веналар мен оң жүрекше қалады. Жүректің ұзын білігі жоғарыдан төмен,оңнан солға, арттан алға қарай қиғаш орналасқан.Бүкіл дене білігімен 40 С бұрыш түзеді.Жүрек өзініңқабыменбірге алдыңғы бетінің көп бөлігінде өкпеқаппен жабылып тұрады.


Жүрек шекараларының кеуде қабырғасына проекциялануы
Жүрек ұшының соғуы сол жақ бұғана сызығынан 1 см ішке қарай 3-ші сол жақ
қабырға аралығында естіледі.
Жүрек проекциясының жоғарғы шекарасы3-ші қабырға шеміршегінің жоғарғы
деңгейінде өтеді.
Оң жақ шекарасы- төстің оң жиегінен 2-3см оңға қарай 3-ші қабырғадан 5-ші қабырғаға дейін өтеді.
Төменгі шекарасы-көлденең 5-ші оң жақ қабырға шеміршегінен жүрек ұшына дейін
өтеді.
Қарыншадан шығатын тесіктер (қолқа мен өкпе сабауы) 3-ші сол жақ қабырға шеміршегі деңгейінде жатады.Өкпе сабауы осы шеміршектің төс жағындағы ұшында орналасқан. Қолқа-төстің артқы жағында сәл оңға қарай жатады. Екі жүрекше-қарынша тесігі төстің бойымен 3-ші сол жақ қабырға аралықтан 5-ші оң жақ қабырғааралыққа қарай жүретін түзу сызық бойында жатады.
Жүрекке аускультация жасағанда (жүрек тондарын фонендоскоп арқылы тыңдау)
жүрек қақпақшаларының тондары мына жерлерде естіледі :
1.Митралды қақпақша тондары -жүрек ұшында.
2.Үш жармалы қақпақша тондары-төстің оң жағында 5-ші қабырға шеміршегі тұсында.
3.Қолқа қақпақшаларының тондары-төс жиегінде оң жақтағы 2-ші қабырға аралықта.
4.Өкпе сабауы қақпақшаларының тондары - төс жиегінде сол жақтағы 2- ші қабырға аралықта
естіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет