Дәріс №14 тақырыбы: Асқорыту жүйесінің бөліктері. Асқорыту түтігінің құрылысы. Тістің құрылысы. Сүт тістер және тұрақты тістер. Тілдің қызметі мен құрылысы. Пирогов-Вальдейер лимфоидты сақинасы Ішкі ағзалар



бет55/88
Дата07.11.2022
өлшемі176,17 Kb.
#156878
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   88
Байланысты:
Анат лекция

Жұлын қабықтары, meninges. Жұлын мезодермадан пайда болған 3 дәнекер тінді қабықпен қапталған. Беткей жағымен терең жүргенде, олар мыналар: қатты қабық, торлы қабық, жұмсақ қабық. Үшеуі де мидың осындай қабықтарының жалғасы.
1. Жұлынның қатты қабығы, dura mater spinalis, жұлынды сыртынан қап түрінде қоршайды. Омыртқа өзегінің қабырғасына тығыз жанаспайды,сондықтан сүйек қабығын қатты қабықтың сыртқы жапырақшасы деп атайды. Екеуінің арасында эпидуралды кеңістік бар. Онда шелмай мен веналық өрімдер жатады, оларға жұлын мен омыртқалардан веналық қан құйылады. Қатты қабық жоғарыда үлкен шүйде тесігімен бітісіп өседі де, төмен жағында II-III-ші сегізкөз омыртқалары деңгейінде аяқталады, одан жіңішке жіпше түрінде құйымшаққа бекиді.
2. Жұлынның торлы қабығы,arachnoidea spinalis, іш жағынан қатты қабыққа жанасып жатады, одан субдуралды кеңістікпен бөлінген. Торлы қабықпен жұлынды тікелей жауып тұратын жұмсақ қабық арасында торлы қабық астындағы кеңістік бар. Онда көп мөлшерде жұлын-ми сұйықтығымен қоршалған жұлын мен нерв түбіршіктері бос орналасқан.
Торлы қабықасты кеңістігін толтырып тұрған сұйықтық ми қарыншаларындағы сұйықтықпен үздіксіз қатынаста болады.
Жұлынның бүйір жақтарында фронталды жазықтықта алдыңғы және артқы түбіршіктер аралықтарынан өтетін 19-23 тісті байлам орналасқан, олар миды ұзына бойына созылуға мүмкіндік бермей, бір орнында бекіту үшін керек.
3. Жұмсақ қабық, pia mater spinalis, бет жағынан эндотелимен жабылған, жұлынды тікелей қоршайды. Оның 2 жапырақшасы арасында тамырлар бар,олар тамырлардың айналасында периваскулярлы лимфалық кеністік түзеді. Жұлын сайлары мен ми затына енеді.


ДӘРІС №31
ТАҚЫРЫБЫ: Бас миы және оның бөліктері.Ми бағаны.Сопақша ми,артқы ми,көпір және мишық


Мидың құрылысы. Ми бассүйек қуысында орналасқан және пішіні бас сүйек пішініне сәйкес келеді, оның жоғарғы-латералды немесе дорсалды беті бас сүйек күмбезіне сәйкес дөңес, ал төменгі беті немесе ми негізі біршама жалпайған, тегіс емес. Мидың 3 ірі бөлігі бар: 1) Үлкен ми; 2) мишық; 3) ми сабауы; Ең көп бөлігі үлкен ми, одан кейін мишық, аз бөлігі ми сабауы.
Үлкен ми сыңарларының жоғары – латералды беті. Үлкен ми екі сыңардан тұрады. Екі ми сыңары бір-бірінен сагитталды аралық саңылау арқылы бөлінеді. Олардың ортасын сүйелді дене қосып тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет